28. Ұйқас және оның түрлерінің қолданылуы. Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады.Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс.Ұйқастың түрлерін жіктеп-ажыратқанда, алдымен, оның сапасын, яғни сөздердің өзара қаншалықты үйлесетіні еске алынады. Бұл жағынан келгенде ұйқасты толымды ұйқас және толымсыз ұйқас деп бөледі. Мәселен, мақтанба, баптанба – толымды ұйқас болса, жұбанып, доғарып – толымсыз ұйқас екені өзінен-өзі көрініп тұр.Ұйқас түрлері- Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары
мыналар:
1.
Қара өлең ұйқас 5. Шалыс ұйқас
2.
Шұбыртпалы ұйқас 6. Егіз ұйқас
3.
Ерікті ұйқас 7. Аралас келетін ұйқас
4.
Кезекті ұйқас 8. Осы күнгі ерікті
ұйқастар
1. Қара өлең ұйқасы Бұл- бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ, бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Жаңағы Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз он бір буынды
өлеңдерде ғана емес, 7,8 буынды өлеңдерде де бола береді.
Мысалы:
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді.
(Абай)
Бұл да жоғарыдағы Абайдан келтірген үзіндіміз тәрізді. 1-2-4-жолдары
ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында. «Аттың сыны»өлеңінен алған, «аяңы тымақты алшы кигізгендей» деген үзінді 11 буыннан тұрса,мына үзіндінің әр жолы 7 буыннан тұрады. Ал ұйқасы жағынан ешбір айырмасы жоқ.