40-С.Көбеевтің шағын көлемді әңгімелері мен мысалдары.
C.Көбеев бүкіл саналы ғұмырын оқытушылыққа арнады. 1901 жылдан 1956 жылға дейін педагогтік қызметпен айналысты. Ұстазы Ы.Алтынсарин тəрізді педагогтік қызмет пен жазушылықты шебер ұштасыра білді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» үлгісімен жарық көрген «Үлгілі тəржіма» мен «Үлгілі бала» жинақтарындағы мысал өлеңдері мен əңгімелерінің қай- қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз. ««Үлгілі тəржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 44 аударма түгелдей Крыловтан аударылған деген көзқарас басым болып келеді. Бұл көзқарастың қателігі, осы кітапқа кірген аудармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, толық қайта қарау үстінде анықталды. Біздің байқауымызша, «Үлгілі тəржімаға» Крыловтан аударған 37 мысал кіргізген. Қалған 7 мысал сол кездегі оқу құралдарында көбірек пайдаланылып жүрген көп авторға ортақ мысалдар (олар Ушинский, Л.Толстой жəне Ыбырай Алтынсариннің хрестоматияларында ұшырасады) [1].
С.Көбеев мысалдары өлеңмен де, қарасөзбен де жазылған. Олардың арасында идеялық, тақырыптық, тіпті сюжеттік тұрғыда бір-біріне ұқсас келетіндері де бар. Мəселен, ақынның өлең түріндегі «Арыстан мен тышқан» жəне қарасөзбен жазылған «Құмырсқа мен көгершін» мысалдарының сюжеттері ұқсас. Екеуінде де хайуанның мүшкіл халге түсуі бар жəне оған ойламаған жерден берілетін көмек бар. Ол көмек — бір кездегі жақсылықтың өтеуі.
«Арыстан мен тышқан» мысалында əлеуметтік астар айқын. Мұнда əлдінің əлсізді өзіне тең көрмеушілігі айтылады. Автор «нашарды күшті кісі көңіліне алмас, теңгеріп өз бойына асыл жүрмес» дейді. Арыстан «кезі келгенде көмек берем» деген тышқанды келеке қылады. Күндердің күнінде аңшы торына ілігіп, халі мүшкіл болады. Тісімен торды қиып, арыстанды босатқан тышқан былай дейді:
Бір ісім түсті менің мына сізге,
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.
Осыдан не жақсылық дегендей қылып,
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.
Мінекей, сізге ғибрат болсын бұл да,
Жаратты жанға не қып бізді құдай.
Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз
Жақсылық болатынын тышқаннан да
Достарыңызбен бөлісу: |