1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет62/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

Қазақ балалар әдебиеті — қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады (қ. Қазақ балалар фольклоры).
Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілері
Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы. Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этикалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне түсінікті жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық ("Киргизская хрестоматия", 1879) бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалады. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20 ғ-дың басында көбейе бастады.
Қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқандар және шығармалары
1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, "Үлгілі тәржіма" атты кітап шығарды. "Үлгілі бала" оқулығын шығарған педагог жазушы С. Көбеевтің де Қазақ балалар әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі мол.
Қазақ балалар әдебиетінің Қазан төңкерісіне дейінгі таңдаулы үлгілері катарында М. Көшімовтың "Әдеп" (1907), "Ақыл" (1908) атты жинақтарын, М. Нұрбаевтың "Көргенді бала - үлгілі ана" (1908), Е. Можитовтың "Қазақ шәкірттеріне ақыл" (1910), М. Дибердиевтің "Қазақ балаларына қирағат кітабы" (1910) кітаптарын, сондай-ақ, Т. Жомартбаевтың "Балаларға жеміс" (1912) кітабын атауға болады.
Ақын С. Торайғыров балалар поэзиясының көркем нұскасы боларлық өлеңдер жазды ("Шәкірт ойы", "Оқып жүрген жастарға", "Бір балуанға", т.б.). "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш", 1924) газеті мен "Пионер" (қазіргі "Ак желкен", 1925) журналында, "Пионер" ("Октябрь балалары", "Қазақстан пионері", қазіргі "Ұлан") газеттерінің алғашқы нөмірлерінде балаларға арналған өлең-жырлар, әңгімелер жарияланды.
Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, Ш. Иманбаева жеке өлеңдерін, І. Жансүгіров "Малта", "Шоркей" (1929), "Жұмбақ" (1930) сурет кітапшаларын, О. Тұрманжанов "Қошан кедей" (1927) әңгімелер жинағын шығарып, Қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты.
30-жылдары Қ. Әбдіқадыров, А. Тоқмағамбетов, Г. Жароков, Ж. Саинның, 40-жылдары Қ. Аманжоловтың, М. Хакімжанованың, Е. Ормановтың балаларға арналған өлең-жырлары жарияланды.
50-жылдардан бастап қазақ балалар поэзиясында бала психологиясын, тілін, ой-мақсаттарын жете ұғынған балалар ақындары толығып, олар жас оқырмандарға түрлі көркем шығармалар ұсынды. Қазақ балалар әдебиеті сондай-ақ, сатиралық шығармалармен (О. Әубәкіров, Ш. Смаханұлы), жаңа поэмалармен (Х. Ергалиев, Ә. Сәрсенбаев), жаңаша ертегілермен (О. Тұрманжанов, Қ. Мырза Әлі, Ә. Ахметов), ақындар Ж. Өмірбековтің, І. Мәмбетовтің, Е. Мүсіреповтің жинақтарымен, суретше-кітаптарымен толысты. Ғылымның жетістіктерін бейнелейтін шығармалар туды.
Қазақ балалар әдебиетінің өрісі одан әрі кеңейіп, "Бөбектерге тарту" (1961), "Алтын күн аясында" (1963), "Балдырғанның базарлығы" (1965), "Біздің кітап" (1967, 1974), "Кел шырқайық балалар" (1973) сияқты жинақтар басылып шықты. Респ. "Балдырған", "Білім және еңбек" (казіргі "Зерде") журналдары, "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газеті Қазақ балалар әдебиетінің жанжақты дамуына ұйтқы болды.
30-жылдардан бастау алған драматургия саласы да Қазақ балалар әдебиетінде қызу қолға алынып, лайықты жалғасты. Жазушылар І. Жансүгіров, А. Садуақасов, Т. Ахтанов, С. Омаров, Ш. Ахметов, т.б. - балаларға арналған алғашқы пьесалардың авторы.
50-жылдары Ш. Хұсайыновтың "Есірткен ерке", М. Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсарин" пьесалары респ. жасөспірімдер мен балалар театрының сахнасына шықты. 1960-1970 жылдары Б. Ыскақовтың, Б. Тәжібаевтың, Қ. Ыдырысовтың пьесалары, инсценировка жинақтары жарияланды.
Қазақ балалар әдебиетінің ең қаулап дамыған кезі - 1970-1980 жылдар. Бұл жылдарда балаларға жоне жастарға арналған шығармаларды жариялайтын "Жалын" баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық кәдеби конкурс өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша әсер етті. Осы жылдары жазылған М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтердің молдылығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Бұл жылдардағы балалар әдебиетінің проблематикалық сипаты да айрықша. Қ. Омаровтың, Р. Әбілқадырованың, Н. Дәутаевтың, Қ. Түменбаевтың, т.б. балаларға арналған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылуымен бірге заманымыздың көкейкесті мәселелеріне араласады, шешудің жолдарын іздейді.
Қазақ балалар әдебиетінің әр кезеңде әрқилы дамуына коғамдық-әлеуметтік жағдай, орыс және шет елдер әдебиеттері әсер етті. Сондықтан, бүгінде көркемдік тәжірибесі толысқан, кадрлары молайған қазақ балалар әдебиеті балалардың әр буынына арналған шығармалар ұсынып келеді.

61-билет Әлем халықтары балалар әдебиеті.
Әлем халықтарының озық шығармалары өзінен ең алдымен бір асыл тектілік аңғарылады. Ақсақалды атамызды,ақ жаулықты әжемізді еске салады. Әлем халықтарының ертегілері баланы шығармашылыққа,тәрбиелілікке,өнегелікке баулиды.Әлем халықтары баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып,оған көркем шығармалар туындыларын жасады.
Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.Халық аңыздарын арқау ете отырып,”Джунгли кітабын” жазып,ең алғаш қасқыр асыраған үнді баласының таңқаларлық таңғажайып тағдырын әңгімелеп берді.Қаршадай кейіпкерінің есімімен “Маугли” атанған әңгімелер легінде бөрі бала туралы түрлі хикаялар шертілді.

Киплинг кітабының кейіпкерлері-аңдар,бірақ барлығы да адам тәрізді әрекет етіп,адам тәрізді ойлап,сөйлей біледі.Әлбетте,бұл ертегілерде болатын жәйт.Әйткенмен Киплинг әңгімелерінің ертегіден ерекшелігі-оларда аңдардың түр-тұрпаты,мінез-құлқы,тіршілік тынысы,қаракет қимылы керемет дәл әрі анық суреттелетіндігі сондай-біз сол аңдар туралы сан талай соны сырға қанығып,әрқайсысын өмірдегі қалпынан еш айнытпай көреміз.

Киплингтің бөрі бала туралы тамаша туындысы өткен ғасырдың сексенінші жылдары Рәшит Рақымбековтың аударуымен қазақ оқырмандарына да жетті. Бөрі бала хикаясы жастарды батылдыққа баулитын бағалы шығарма екні шексіз.

Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.


62-билет Балалар әдебиеті пәні, міндеттері, ұстанымдары, әдістері. Балалар әдебиеті – көркем әдебиеттің құрамдас бөлігі. Жанрлық және тақырыптық өзгешелік. Әдебиеттану ұғымы. Көркем шығарма құрылымы (сюжет, композиция, фабула, жанрлық және тақырыптық өзгешеліктер, тақырып пен идея, кейіпкерлер жүйесі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет