Қазақ балалар әдебиеті — қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады (қ. Қазақ балалар фольклоры).
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады.
Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда “бала” деп атап жүрген жас жеткіншектердің өз араларында үлкен өзгешеліктер бар. Бес жастағы бала мен он жастағы баланың мінезі, ұғымы, дүниеге көзқарасы бірдей еместігі мәлім. Соған орай балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады.
Қазақ балалар әдебиеті көркемдік жағынан болсын, тақырыптық – тәрбиелік жағынан болсын барлық талаптарға сай өсіп-өркендеп, дамып келеді. Әдебиеттің басқа түрлеріне қарағанда балалар әдебиетінің өзіндік алғы шарттары да жоқ емес. Балалардың ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығы, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Сөз болатын оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірдей әсер ететін мағыналығы болуы керек. “Сөз-әдебиеттің құрылыс материалы” (Федин) болып табылатындықтан балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал. Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық-эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен, жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін болашақ мамандар тұжырымды түрде жеткізіп отырулары керек.
Әдеби шығарма. Әдеби шығарма біртұтас бірлік ретінде. Тақырып, идея, шығарманың мотиві мен проблемасы. Сюжет.
Композиция. Шығарма, цикл, фрагмент. Әдеби шығарманың құрамы. Оның формасы мен мазмұны диалектикалық бірлік ретінде. Кейіпкер және жазушы (кейіпкер және автор). Сана және кейіпкердің өзіндік санасы.
Психологизм.Портрет.
Өмір мен өнердегі әсемдік. Эстетикалық туралы түсінік. Негізгі
эстетикалық категориялары. Эстетикалық сезім. Эстетикалық талғам. Эстетикалық қабылдау және әсер ету.
Көркем әдебиеттің мазмұны туралы түсінік. Форма туралы түсінік.
Көркем шығарманы мазмұн мен формаға бөлу қатыстығы. Әдебиет пенөнердегі форма мен мазмұнның бірлігі мен бөлінбетіндігі, олардың бірбіріне өтуі. Форманың мазмұнға сәкес келуі – көркемдіктің шарты. Көркемфорамның байлығы, мәнерлігі, өзіндігі. Сөз форманың алғашқы элементі ретінде. Көркем әдебиеттің эмоционалдығы – мазмұн мен форманың ерекшелігімен анықталды. Өнер мен әдебиеттегі шарттылық мәселесі.Көркем шығарма тақырыбының пайда болу процесі. Жазушының
шындықты тануы. Өмірлік құбылыстарды талдау. Тақырыпты таңдау мен дайындағы дүниеге көзқарастың ролі. Шығарманың бүкіл элементтерінің негізі, құрылымы біріккен түп негіз ретіндегі тақырып пен өмірілік материал арасындағы (бейнелеу объектісі) айырмашылық. Шығарманың негізгі және жеке тақырыптары, тақырыптың өмірілік негізі. Өмірлік тақырыптар. Көркем тақырып біртұтастығы.
Әдеби шығарманың идеялық-мәндік жақтары. Идея жазушының
бейнеленгенге қатынасы, бағасы, шығарманың басты ойы. Идея және әлеуметтік-эстетикалық идеал. Идея және түпкі ой. Жазушының дүниеге көзқарасы мен шығармашылық ой мәнісінің арасындағы қайшылық мүмкіндігі. Тақырып пен проблеманың арасындағы, тақырып пен идеяның, тақарып пен шығарма мотиві арасындағы өзара байланыс. Идея және мінез, идея және өмірлік шындық. Мотив баяндаудың қарапайым бөлінбейтін бірлігі. Мотивтер шығарманың аспектісі ретінде.Тақырыптық, идеялық, проблемалық, ауызша, пафостық мотивтер. Мотив анализдің негізгі бірлігі ретінде.
Сюжет- кейіпкердің өзара қатынасының және оқиғалардың жүйесі,
шығармадағы даудың нақты орындалуы ретінде. Сюжеттің элементтері.
Сюжеттің типтері. Өмірлік даулар және олардың көркем шығарма
сюжетіндегі өзіндік көрінісі. Талас - шығарманың негзгі қозғаушы күші.
Сюжеттің көркем шығармадағы орны мен ролі. Сюжет және фабула.Әркетпен процессуалдық-поэтикалық әлемнің өзіндік ерекшелігін анықтайтын факторлар.
Сюжет лирикалық шығармаларда. Сюжетсіз шығармалар.
«Психологиялық» сюжеттердің негізінде уақиға емес, ойдың, сезімнің, қайғырудың қозғалысы жатады. Сюжет пен мотив мәселесі әдеби салыстыруда.
Композиция – шығарманы құру, образдарының баланысы мен
қатынасын ашу мен ұйымдастырудың нақты жүйесі. Сюжет пен
композиция бірлігі. Композицияның негізгі элементтері. Шығарма
композициясы мен образ композициясы. Шығарма композициясының
шындық шығармада бейнеленген ақиқат заңдылықтарымен және көркем
әдіспен, идеялық-эстетикалық түпкі оймен, өмірлік материалмен,
шығарма жанрымен тұтастығы. Параллелизмдер мен антитезалар
шығарманың бір түрі ретінде.
Өмірлік және көркем мотивтілік шығарманың барлық элементтерінің
(эпизодтар, образдар, мотивтер), өзара тақырыпқа, идеяға, проблемаға сюжетке тәуелділігі – көркем шығарма композициясына қойылатын талаптар. Сюжет құрудың әртүрлі тәсілдері – көрме орны, ұсталған және кездейсоқ түйін, образдың әртүрлі топтары, әрекеттің эпикалық және драмалық дамуы, шарықтау шегі (кульминация).
Алдын-ала суреттеу, кіріспе және қою эпизодтары, қайта қою,
жиектеу. Шығармадағы көрініс пен портреттің ролі.
Кейіпкердің ішкі психологиялық келбетін ашу құралдарының
әртүрлілігі. Кейіпкердің негзгі бір қасиетіне бойлау арқылы ішкі бейнесін бейнелеу. Әркет етуші адамдардың ішкі келбетін бейнелеуде жазушылардың қолданатын құралдарының әртүрлілігі: авторлық мінездеме, кейіпкерлердің өзара сипаттамалары, ішкі монологтар, күнделіктер, әрекет, хат жазысу.
Шығарма композициясының жанрлық түр ретіндегі ерекешегі.
Көрініс. Зат. Уақыт пен кеңістік. Шығарма композициясындағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Ұлы жазушылардың композицияларының шеберлігі.
Тіл және сөйлеу. Көркем шығарма тілі. Поэтикалық
синтаксистік мағынасы (мәні).Тіл қатынас құралы ретінде, оның қоғамдық қызметі. Сөйлеу, әдеби, поэтикалық тіл. Тілдің көркем шығармадағы ролі. Көркем сөйлеудің стилистикалық ерекшелігі. Сөздің көп мағыналығы. Сөз мағынасы. Сөздің тура мағыналар жүйесі. Көнерген сөздер, неологизмдер, диалектизмдер, жаргондар, вульгаризмдер, варваризмдер. Шығарма тілінің жүйесінде
жалпы қолданылмайтын лексика.
Шығармадағы көркем сөйлеу. Көркем сөйлеудің басқа сөйлеу
әрекеті формаларымен байланысы. Көркем сөйлеудің құрамы. Авторлық сөйлеу. Диалог және монолог. Көркем сөйлеудің ерекшелігі. Мәтін филологиялық, культурологиялық, семиотикалық аспектіде. Троп түрлері, олардың көркем шығармадағы ролі. Метафора, метонимия, синекдоха, оксюморон, гипербола, литота, аллегория, ирония, перифраза, эвфемизм.
Әртүрлі сөйлеу және өзгенің сөйлеуі. Стилизация, пародия, әңгіме.
Реминисценция. Автордың тілі және әрекет етуші адамдардың тілі.
Әрекет етуші адамдардың және автордың тіліндегі типтілік және
жекелік. Жанрлық өзгешелік және көркем шығарма тілі.
Сөз және интонация. Поэтикалқ сөйлеу тілінің фигуралары:
инверсия, анаколуф, анафора, эпифора, қайталма, элипсис, риторикалық
сұрақ, қаратпа, жалғаулықсыз, көп жалғаулықты, лептеу, үдеме
(градация). Поэтикалық сөйлеудің дыбыстық құрылуы. Дыбыстық
қайталамалар: ассонанс, аллитерация.
Лирика прозада. Өлеңдер және лирика. Лирика және поэзия.
Лирикалық характерді жасау принциптері. Лирикалық кейіпкер туралы түсінік. Лирикалық «мен»-нің мағынасы, лирикадағы объективтік пен субъективтіктің басталуы. Лирикалық жанрлар: ода, элегия, сатира, романс, арнау, эпиграмма, ән. Лиро-эпикалық жанрлар: мысал, поэма,баллада.
Драматургиялық харектердің ерекшелігі. Сахна және сахналық
құралдар драматургиялық идея мен образдарды іске асыру құралдары.
Талас (конфликт) драманың қозғаушы күші ретінде. Драманың жанрлары:(трагедия, комедия, водевиль, мелодрама, фарс, трагикомедия).
Тақырыпты таңдау мен дайындағы дүниеге көзқарастың ролі. Шығарманың бүкіл элементтерінің негізі, құрылымы біріккен түп негіз ретіндегі тақырып пен өмірілік
материал арасындағы (бейнелеу объектісі) айырмашылық. Шығарманың негізгі және жеке тақырыптары, тақырыптың өмірілік негізі. Өмірлік тақырыптар. Көркем тақырып біртұтастығы.
Әдеби шығарманың идеялық-мәндік жақтары. Идея жазушының
бейнеленгенге қатынасы, бағасы, шығарманың басты ойы. Идея және әлеуметтік-эстетикалық идеал. Идея және түпкі ой. Жазушының дүниеге көзқарасы мен шығармашылық ой мәнісінің арасындағы қайшылық мүмкіндігі. Тақырып пен проблеманың арасындағы, тақырып пен идеяның, тақарып пен шығарма мотиві арасындағы өзара байланыс. Идея және мінез, идея және өмірлік шындық.
63-билет Балалар әдебиеті туралы жалпы түсінік. Балалар әдебиетінің пайда болуы, даму қызметі, қалыптасу кезеңдері, салалары, өзіндік ерекшеліктері.
Балалар әдебиеті - әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.
М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз
Қазақ балалар әдебиеті – қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой-арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавтар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң-тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды.
Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін атсалысар - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.
Жете үңіліп қарағанда, бүгінгі балалар әдебиеті уақыт талабына сай дамып келе жатыр. Балалар әдебиетінің ең басты себебі балалар әдебиетінің кәсіби талабынан, өзіндік ерекшелігінен туындайды. Соның көбісі қазіргі бала табиғатының күрделілігінен туындап отыр. Әрине, бала табиғатының күрделілігі – ұлы Л.Толстойдан бері сан рет қайталанып, айтылып, жазылып келеді. Әйтсе де, әр кезеңнің уақыт, қоғамға сай өзіндік күрделі сипаттары болған шығар-ау, ол бірақ, тап бүгінгі уақыт перзенттеріндей жұмбақ күйге айнала қоймаған. Зерттеуші Акимованың пікірімен айтсақ: “бүгінгі бала табиғатының күрделілігі сонша – ол ғылым үшін жаңа пәнге, өнер үшін бұрын-соңды болып көрмеген материалға айналып отыр” [2]. Бұл күрделілік уақыт күрделілігінен туындайды.
Ғалымдар зерттеуіне қарағанда, әр бір он жылдықта дүниеге келген сәби, бала психологиясы бір-бірінен көп алшақ жатады екен. Қазіргі таңда Халықаралық балалар әдебиетін зерттеу қоғамы құрылу сыры да осында жатса керек. Міне, осындай сәтте, адамзат болашағы үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін еңбек ететін патриот болмаса, кімнің балалар жанын зерттеп, шығарма жазуға тәуекелі бара қойсын? Оның үстіне біздің балалар әдебиетіне назардың төмендігі, бар жұпарын балаларға арнайтын таланттардың еңбегі бағалана бермейтіні де әдебиеттің бұл саласының өркендеуіне кедергі болмай тұрмайды.
Балалар әдебиеті - әрбір ұлт мәдениетінің мықтап қаланған тас іргесі, халықтың рухани ахуалын балалар әдебиетінің дамуымен өлшеу керек, балалар әдебиеті жолға қойылмай тұрып, әдебиетіміз кемелдену үстінде деп мақтанушылық – үйдің ірге тасын қаламай тұрып, шатырын жабамын деген әурешілікпен бара-бар.
Қазақ балалар әдебиеті жайындағы зерттеулер - балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан басталды. 1927 жылы “Өтірік” деген жинаққа жазған алғысөзінде І.Жансүгіров “Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады”- деп өтірік өлеңге бірінші рет анықтама береді. 1931 жылы жазған “Мен қалай жаздым?” мақаласында “Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді” – деген. М.Әуезов “Әр жылдар ойлары”, “Ертегілер” деген еңбектерінде “Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туады” деп көрсетеді. С.Ерубаев “Балалар әдебиетін жасайық” деген мақаласында(1930) мектепте оқитын жүз мыңдаған оқушылардың балалар әдебиетіне шөліркеп отырғандығын айтады. Б.Бұлқышевтің Қазақстан Жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылған “Балаларға жақсы кітаптар керек” мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығы айтылады.
64. Халық ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетінен алатын орны. Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі ұйым педагогінің міндеті – болашақ ұрпаққа
жинақталған білімді сақтайтын және ұқыппен жеткізетін, өз отанының тарихын, салтын, дәстүрін құрметтейтін және ана тілін білетін, шынайы патриоттарды тәрбиелеу.
Алғашқы азаматтық және патриотизм сезімі балаларда отбасында және балабақшада байқалып тәрбиеленеді. Жақындарына, туған өлкесіне, туған еліне сүйіспеншілік тұлғаның қалыптасуында зор рөл атқарады. Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу құралдарының бірі халық ауыз әдебиеті болып табылады:
Фольклор ерте уақыттан бастап :
-педагогикалық өзара іс-әрекеттің;
-баланы психологиялық–педагогикалық зерделеу;
-рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;
-баланың сөздік қорын байыту;
-сұлулықтың берілуі және ана тілінің бейнелілігі құралдары ретінде
бағаланады.
Халық ауыз әдебиеті туындылары мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшелігіне сәйкес психофизиологиялық ерекшеліктерді терең даналықты,жеңіл сезінуді және қарапайым есте сақтауды біріктіреді. Халық ауыз әдебиетінің әсерінен баланың танымдық қабілеті жетіледі, оның эмоционалдық саласы дамиды, адамгершілік ұғымы кеңейеді, байқампаздығы және ерікті зейіні артады.
Халық ауыз әдебиеті шығармаларымен танысу балаларды Қазақстанның мәдени мұрасына тартуға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақсаты: балаларды халық ауыз әдебиетіне баулу арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-ұлттық дәстүрлерге негізделген, халық ауыз әдебиеті арқылы руханиадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
-«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде патриотизм мен
толернаттылыққа тәрбиелеу;
-оқыту, тәрбиелік, дамытушы міндеттердің бірлігін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер: балаларда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
«Халық ауыз әдебиеті-мектеп жасындағы балаларды руханиадамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» әдістемелік ұсынымдары келесідей бөлімдерден: «Халық ауыз әдебиетінің түрлері», «Түрлі жас топтарындағы халық ауыз әдебиетін қолдану әдістері» тұрады.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыстіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Ауыз әдебиетін фольклор деп те атаймыз.
Фольклор — ағылшынсөзі. Ол — халық шығармашылығы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді.
Халық ауыз әдебиеті келесідей жанрларға бөлінеді:
-бесік жыры;
-тақпақ;
-өлеңдер;
-мақал-мәтелдер;
-жұмбақтар;
-санамақ;
-жаңылтпаш;
-ертегілер;
- мерекелер және әдет-ғұрыптар;
- халық ойындары.
Бесік жыры өзінің күрделі емес ырғағымен баланы жұбатады, әлдилейді,баланың психологиялық және дене бітімінің дамуы үшін өте маңызды,балаларда сезімдік әсердің жинақталуына, сөзді қабылдауға, тілді түсінуге ықпал етеді. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі нанымсенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.
Тақпақтар баларды тәрбиелеуге, әсіресе ең кішкентай балалардың назарын аударуға, жұбатуға, көңілдендіруге қолданылады. Олар баланың өміріндегі бүкіл үдерісті қолдай отырып, балаға назар аудару түрі болып табылады.
Өлеңдер – өскелең ұрпаққа эстетикалық әсер етудің тиімді құралы,
өлеңдердің мәні поэтикалық түрінің сұлулығында емес, олардың мазмұнында: олар еңбекке, әдемі әрекеттерге, адамгершілік мінез-құлыққа және т.б.шақырады.
Өлеңдерде ұлттық дәстүрлер мен салттар , мақалдар мен тілектер көрініс табады. Өлеңдер, ұлттық педагогиканың көпқырлы құралы ретінде ерекше орын алады. Оны кішіден үлкенге дейін барлығы айтады. Әрбір жасқа сәйкес өз өлеңдері бар. Олар адамды туғаннан дүниеден өткенге дейін сүйемелдейді.
Мақалдар мен жаңылтпаштар халық поэзиясынын ерте кездегі
жанрларының бірі. Мақал және мәтелдердің бейнелілігі мен нақтылығы,сөйлеуде орынды қолданылуы қазақ халқында жоғары бағаланады. Кезкелген мақал-мәтелдерде «педагогикалық кезең» көрініс табады. Кез-келген халықтың мақал-мәтелдері – сол халықтың адамгершілік кодексі болып табылады. Олар халық моралының нормаларын жалпылайды, адамда барлығынан бұрын ненің бағаланатындығын айтады. Мақал-мәтелдердің мазмұны мәнді, түрі көркем, олар ақылмен, орнымен, ептілікпен қолданылады. Олардың негізгі мақсаты адамгершілікке тәрбиелеу.
Жұмбақтар – бейнелі сөздің шығармашылық түрі. Жұмбақтар әрқашанда үлкен өмірлік тәжірибеге, заттарды білуге, құбылыстарға, олардың сапасына, белгілеріне сүйенеді.
Сондықтан да балаларға тәжірибеге жақын жұмбақтарды шешу ұсынылады. Халық жұмбақтары ана тілінің ерекшеліктерін және оның бейнелерін ашуға, тапқыр және жанды ойлауға үйретеді. Жұмбақтар құбылыстардың жиі назар аударылмай қалған тұстарын көрсетеді.
Санамақтар –көбінесе ойлап табылған сөздерден тұратын және
әуендерді қатаң сақтаумен айтылатын ұйқас өлеңдер. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы математикалық ұғымдарды — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: Бір дегенім не? – Бір дегенім білеу, Екі дегенім не?
– Екі дегенім егеу, Үш дегенім не? – Үш дегенім үшкір, Төрт дегенім не?
– Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып,сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады.
Жаңылтпаш – қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойынсауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.
Ертегілер-кез-келген халықтың ауыз әдебиетіндегі көпшілікке танымал жанр. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркемэстетикалық әдеби қазына, ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Бірақ ертегілер өзінің қиял-ғажайыптылығы мен оқиғалардың шытырмандығына қарамастан шынайылыққа, тұрмысқа, тарихқа негізделген. Ертегілердегі ашылатын әлем, саналуан және алуан бейнелі.
65-билет Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарларға және наурызға байланысты өлең-жырлар.
Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.
Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:
тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),өтірік өлеңдер, т.б.
Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.
Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады
66-билет Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер мен мазақтамалардың ерекшеліктері және олардың бала тәрбиесіндегі алатын орны мен ролі.
Фольклор — ағылшынсөзі. Ол — халық шығармашылығы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді.
Халық ауыз әдебиеті келесідей жанрларға бөлінеді:
-бесік жыры;
-тақпақ;
-өлеңдер;
-мақал-мәтелдер;
-жұмбақтар;
-санамақ;
-жаңылтпаш;
-ертегілер;
- мерекелер және әдет-ғұрыптар;
- халық ойындары.
Бесік жыры өзінің күрделі емес ырғағымен баланы жұбатады, әлдилейді,баланың психологиялық және дене бітімінің дамуы үшін өте маңызды,балаларда сезімдік әсердің жинақталуына, сөзді қабылдауға, тілді түсінуге ықпал етеді. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі нанымсенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.
Тақпақтар баларды тәрбиелеуге, әсіресе ең кішкентай балалардың назарын аударуға, жұбатуға, көңілдендіруге қолданылады. Олар баланың өміріндегі бүкіл үдерісті қолдай отырып, балаға назар аудару түрі болып табылады.
Өлеңдер – өскелең ұрпаққа эстетикалық әсер етудің тиімді құралы,
өлеңдердің мәні поэтикалық түрінің сұлулығында емес, олардың мазмұнында: олар еңбекке, әдемі әрекеттерге, адамгершілік мінез-құлыққа және т.б.шақырады.
Өлеңдерде ұлттық дәстүрлер мен салттар , мақалдар мен тілектер көрініс табады. Өлеңдер, ұлттық педагогиканың көпқырлы құралы ретінде ерекше орын алады. Оны кішіден үлкенге дейін барлығы айтады. Әрбір жасқа сәйкес өз өлеңдері бар. Олар адамды туғаннан дүниеден өткенге дейін сүйемелдейді.
Мақалдар мен жаңылтпаштар халық поэзиясынын ерте кездегі
жанрларының бірі. Мақал және мәтелдердің бейнелілігі мен нақтылығы,сөйлеуде орынды қолданылуы қазақ халқында жоғары бағаланады. Кезкелген мақал-мәтелдерде «педагогикалық кезең» көрініс табады. Кез-келген халықтың мақал-мәтелдері – сол халықтың адамгершілік кодексі болып табылады. Олар халық моралының нормаларын жалпылайды, адамда барлығынан бұрын ненің бағаланатындығын айтады. Мақал-мәтелдердің мазмұны мәнді, түрі көркем, олар ақылмен, орнымен, ептілікпен қолданылады. Олардың негізгі мақсаты адамгершілікке тәрбиелеу.
Жұмбақтар – бейнелі сөздің шығармашылық түрі. Жұмбақтар әрқашанда үлкен өмірлік тәжірибеге, заттарды білуге, құбылыстарға, олардың сапасына, белгілеріне сүйенеді.
Сондықтан да балаларға тәжірибеге жақын жұмбақтарды шешу ұсынылады. Халық жұмбақтары ана тілінің ерекшеліктерін және оның бейнелерін ашуға, тапқыр және жанды ойлауға үйретеді. Жұмбақтар құбылыстардың жиі назар аударылмай қалған тұстарын көрсетеді.
Санамақтар –көбінесе ойлап табылған сөздерден тұратын және
әуендерді қатаң сақтаумен айтылатын ұйқас өлеңдер. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы математикалық ұғымдарды — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.: Бір дегенім не? – Бір дегенім білеу, Екі дегенім не?
– Екі дегенім егеу, Үш дегенім не? – Үш дегенім үшкір, Төрт дегенім не?
– Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып,сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады.
Жаңылтпаш – қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойынсауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.
67-билет Балаларға арналған халық ертегілері мен аңыз-әңгімелердің түрлері, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты. Жиренше, Алдар көсе, Қожанасыр жайындағы аңыздар. Бастауыш сыныпта өтілетін ертегілер мен аңыздардың түрлері.
Қазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән — мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».
Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.
Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді. Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.
Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді.Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.
Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерің өзіне тән
Қазақ халық ертегілерінің ерекшелігі — өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.
Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы– қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз [["Алдар көсе мен Алаша хан","Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.
Қазақ аңыздарының түрлері[өңдеу]
Топономикалық аңыздар[өңдеу]
Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.
Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.
68-билет Шешендік сөздер туралы ұғым, түрлері. Халық даналығындағы ұтқыр ой мен тапқырлықтың үлгілері.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі - шешендік өнер. Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.
Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған, кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қыз - бозбалар жаттап алып, жүрген - тұрған жерлерінде, ойын - жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай жаңартып - жаңғыртып отырған.
Шешендік сөздер - біздің асыл мұрамыз, қазынамыз, байлығымыз. Шешендік сөздер аяқталған тұжырымды ой арқылы алуан адамгершілік қасиеттерге, ұлттық тәрбиеге баулиды. Шешендік сөздер ертегі - аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған.
Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.
Шешендік сөздер - халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой - өрісін белгілейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қалайда жетемін деген сенімнен айрылмаған.
Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір - бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызметін атқарған.
Белгілі халық шешендері мен есімдері белгісіз дана қарт, шешен әйел, тапқыр бала, жарлы жігіттер атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет - шешендік тапқырлығымен қатар әділдігі, ойының айқындығы және халықтың сипаты.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзбен басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің нендей мәселемен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқандығы баяндалады. Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес, тек ықшам, әрі түсінікті болуы шарт.
Әдетте шешендік сөз түсініктен кейін немесе онымен аралас айтылады. Шешендік сөздің тілі көркем, мағынасы терең болумен бірге сөздері сұрыпталған, сөйлемдері қалыптасқан болып келеді, бірен -саран өзгерістер енгізу болмаса, түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау ақын, шешен адамдар болмаса, кез келген кісінің қолынан келе бермейді.
Сондықтан түсінік сөздей емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді. Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз, пернелі сөз деп екіге бөлуге болады.
Құрылысы өлең - жырға ұқсас шешендік сөздерді термелі сөз дейміз. шешендік термелі сөздің өлең - жырдан негізгі айырмасы - шешендік терме үшін буын - булақ саны біркелкі болып келуі шарт емес. Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес, ойының тапқырлығында.
Шешендік сөзге қойылатын талаптар
Сөз мазмұнының тереңдігі
Пікірдің дәлдігі
Сөз мағыналарының дұрыс берілуі
Сөздік қордың байлығы
Мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркесті орынды пайдалана білуі.
Әз жәнібек хан билерінен "Жігітке жақсы болу үшін не керек?", -деп сұрайды. Олар: "Жігітке бірінші білім, екінші - ғылым, үшінші -ұғым керек"-деген екен.
Ал Цицерон "Адам бойындағы талант, терең білім, қалыптасқан дағды болуы керек, осы үшеуі сай болғанда ғана нағыз шешен қалыптасады" -деген. Екі ғасырдың ұлы сөз шеберлері бір - бірімен дәл үйлесіп, ойлары бір жерден табылып тұрған жоқ па?! Ғалым М. Балақаев "Тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің шыңы - шешендік өнер"-дейді. Әр дәуірдің өз тынысы, өз талғамы, заманына сай адамы болғанымен, өнерге деген құрмет пен пайымдау дәлме - дәл келіп отыр.
Шешендік сөз мәдениеті - дәстүрлі риторикамен егіздес. Бұл екі ғылым саласы антик дәуірінен бірге жасасып келе жатыр.
Риторика - сөйлеудің ережелері мен заңдарына үйретуші ғылым, яғни, ойлауға, нандыруға, ақыл - ойыңды көрсетуге бағыттайды. Ең бастысы, риторика - сөз арқылы тәрбиелеу. шешендік өнер де сөз арқылы тәрбиелей отырып, ақыл - ойыңызды, ерік - жігеріңізді, жан - дүниеңізді билеп алатын әсерлі сөз, сөйлем өрнектері болып табылады.
Шешендік өнер мазмұны мен түрі жағынан біркелкі емес. Қазақтың шешендігін екі дәуірге бөліп қарау керек: бұрынғы немесе байырға және қазіргі.
Бұрынғы заманда қазақ даласында кісінің атақ - даңқын асқақтата шарықтатқан санаулы ғана өнер болған. Оның бірі - соғыс ісін жүргізу өнері; екіншісі билік; үшіншісі - сөз өнері. Осылардың бастысы да, бастаушысы да - сөз өнері болған.
Тіл мәдениетінің бір саласы - шешендік сөздер. Ол сөйлеу тілінің жоғарға формасы болып табылады.
Бұрынғы қазақ шешендерінің бір ерекшелігі - олар сөздерін жазып дайындамаған, сөздері қағазда емес, халық жадында сақталған, ауызша тарап әлденеше кісінің, ұрпақтың өңдеуінен өтіп қысқарған, "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" -дәні қалған, сөйтіп бүкіл халықтық мұраға айналған.
Қазіргі шешендік стиль - сөз арқылы тәрбиелеу тәсілі.
Қазіргі шешен сөздерінің тақырыбы, нақты мазмұны мен айтылу тәсілдері жағынан әлдеқайда өзгеше келеді және шешен түрде сөйлеушілердің топтары лекторлар, үгіт - насихатшылар, оқытушылар т.б. көбейген сайын, шешендік сөздердің ажыратылуы да ұлғая түспек.
Шешендік сөздің әлеуметтік мәні - мәңгілік. Функционалдық стильдердің қай - қайсысында да шешендік сөз өнерін пайдалануға болады. шешендік сөз барлық стильдің ауызша түрінде қолданылады.
Әсіресе, ол публистикалық стильде айрықша көрінеді: саяси - әлеуметтік, саяси - экономикалық, оқу - тәрбие мәжілістерінде, әртүрлі конференцияларда, көпшілікке арналған саналуан алқалы жиындарда, әскери - патриоттық, маслихаттық отырыстарда, парламентте сөйлеген сөздерде т.б. қолданылады.
Сондай -ақ ғылыми стильдің жанрларында, атап айтқанда: жоғары оқу орындарындағы лекцияларда, ғылыми мәжілістердегі пікірталас, зерделі ой - сұхбатында, ғылыми басқосуларда, кездесулерде, алқалы жиындарда пайдалынады.
Ресми стильдерде заң тілінде, яғни сотта, соттың заңгерлердің, қорғаушының сөйлеген сөздерінде, дипломатиялық қарым - қатынастарда, елшілік тілінде, ресми өкілдердің сөйлеген сөздерінде шешендік ұштасады.
Қазақ шешендік өнерінің әлеуметтік қызметі де, мазмұн - мағынасы да, сыртқы ажар - көркі де өте күрделі, көпсалалы, көп қырлы. Әлеуметтік қызметі жағынан шешендік өнер қазақ даласында бірнеше қоғамдық ойдың міндетін қатар атқарған. Өмір құбылыстарын жоғары деңгейде толғау (сөз өнері), өмір құбылыстарының мәні мен тегін, олардың өзара өзектес сырларын толғау (философия, тарих), өмір құбылыстарының тәлімдік мазмұнын толғау (халық педагогикасы), өмір құбылыстарына қоғамдық баға беру мен үкім айту(билік) т.б. қазақ шешендік өнерінде осылардың бәрі бар. Мысалы: лингвистер ауызекі сөйлеу мәдениеті теориясын жасап, ана тілдің байлығын қалай пайдалануға болатынынан кеңес береді.
Психологтар шешендік сөздің қабылдануы мен әсер етуін, көпшілік алдында сөйлеудегі көңілді, тұрақты аудару проблемасын, шешеннің психологиясын, адамдарды әлеуметтік психологиялық қоғам ретінде қарап аудитория психологиясын зерттейді.
Логика шешеннің өз ойын бірізді, дұрыс құруға, қарсылыстарының жалған мәліметтерін терістетуге, шындықты дәлелдей білуге үйретеді.
Шешендік сөздің сипатына қарай, яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бастысына айналды.
Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алып, дербес мелекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Қазіргі шешендік саясатпен, өнер - біліммен, экономикамен байланыста дамитындықтанайтылу шеңбері де кеңейе түсті.
Егер де жастар шешендік сөздерді зейін қойып оқыса, қазақ халқының рухын көтеріп, қазіргі замандағы әртүрлі жағымсыз әрекеттер болмас еді. Өйткені шешендік сөздер - халқымыздың адамгершілік, ұлттық тәрбие берудегі тиімді жолдарының бірі. Ендеше, біз халық жадынан жеткен шешен, ғибрат сөздерге үлкен құрметпен қарап, оның терең мағынасын танып өскеніміз абзал.
Шешендік сөздер - фольклордың бай саласы ретінде халықтың рухани сұранысын қай кезеңде де өтей бермек. Тәуелсіздік алып, ұлттық жәдігерімізді түгендеп -түстеп бастағанда, киелі өнер шешендік сөз, айтыс өнерлері өрлей бермек.
Шешендік өнер, жүйелі сөз саптау қоғамның қай саласында да крек. Ел басқарған әкімнен, мектеп жасындағы шәкіртке дейін сөз қадірін танып, таза мазмұнда сөйлей білуі керек.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақ шешен - билерінің мұрасы - халықтың даналық мұрасы. Демек, ғасырлар бойы жинақталып, сұрыптала сүзілген шешендік сөз нұсқаларынан халықтың тіл байлығын, ақыл - ой қорын және шебер сөйлеу мәнерін үйрену бүгінгі ұрпаққа сын.
Қорыта келгенде бұл күнде шешендік сөздің рөлін көтеру - тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.
69-билет Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс» жырларының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері.Батырлық жырлардағы Адам, ат бейнесінің суреттелуі. Айшықтау мен құбылтудың түрлері.
Батырлар жыры – көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ ауыз әдебиетінен ауқымды орын алатын жанрдың бірі. Батырлар жырында тарихи оқиғалардың ізі сақталған. Батырлар жырының басты тақырыбы – ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Батырлар жырының басты қаһарманы – батыр.
Халық ауыз әдебиетінен ерекше орын алатын батырлар жыры: «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар».
«Қамбар батыр» жыры – ел арасына көп тараған, ел намысы мен жер намысын қорғау жолындағы Қамбардың бойындағы батырлық, ерлік, батылдық, бірбеткейлік, намысшылдық сияқты ізгі қасиеттерді марапаттауға арналған жыр. Он сегіз жасқа толып, жар іздеген Назымды суреттеуден басталған жыр Қамбардың азаматтық іс-әрекеттерімен жалғасып, өрбіп, дамып отырады. «Қамбар батыр» жырының кейіпкерлері:
Әзімбай – атағы жер жарған бай
Назым – Әзімбайдың жалғыз қызы
Қамбар – жалғыз атты кедей жігіт
Қара қасқа ат – Қамбар батырдың тұлпары
«Қобыланды батыр» – халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының бірі. Ата-анасының зарығып жүріп көрген жалғыз баласы Қобыланды бойына жастайынан ерге, батырға тән қасиеттерді жиып өседі. Ер-азаматқа лайық ісімен шартты орындап, Көктім аймақ ханның жалғыз қызы Құртқаны ұзатып алуынан басталған жыр оқиғасы Қобыланды батырдың ерлік, батырлық, намысшылдық іс-әрекеттерімен жалғаса береді. Жыр кейіпкерлері:
Қобыланды – негізгі кейіпкер
Аналық пен Тоқтарбай – Қобыландының ата-анасы
Қарлығаш – Қобыландының қарындасы
Естеміс – Тоқтарбайдың жылқышыларының, тоқсан құлының бастығы
Көктім аймақ – Қызылбас елінің ханы
Құртқа – Көктім аймақ ханның қызы, Қобыландының сүйген жары
Қызыл ер – Қызылбас елінің батыры
Қазан – Қызылбас елінің батыры
Сейілдің ұлы Қараман – Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы күресетін батыр
Алшағыр – қалмақтың ханы
Тайбурыл – Қобыландының тұлпары
Көбікті – хан
Қарлыға – Көбікті ханның қызы
Ақмоншақ – Қарлығаның тұлпары
Орақ – Қобыландыға көмекке келген жас батыр
Қамқа – Орақтың анасы
Қара қасқа ат – Қазанның тұлпары
«Қобыланды батыр» жыры Қобыландының барлық жауларын жеңіп, ел-жұртын, ата-анасын молшылыққа кенелтуімен аяқталады.
«Ер Тарғын» жыры – батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда көтерілген негізгі өзекті мәселелер – елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық, адал махаббат пен намысшылдық. «Ер Тарғын» жырында тарихи оқиғалар элементі де кездеседі. Жыр оқиғасы Тарғын деген батырдың қырғыз ханының бір адамын өлтіріп, Қырық сан Қырым жұртына қашып келуімен басталады. «Ер Тарғын» жырының кейіпкерлері:
Ер Тарғын – жырдың негізгі кейіпкері
Ақжүніс – Ер Тарғынның сүйген жары
Ақшахан – Ақжүністің әкесі, Қырық сан Қырым жұртының қырық ханының үлкені
Ханзада хан – Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайының ханы
Қарасай ұлы Көбен, Алшағырұлы Тебен, Өмірұлы Себен – Ер Тарғынның батыр жолдастары
Сыпыра жырау – Ер Тарғынға басу айтқан ақылды қария
Ардаби – Ер Тарғын мен Ақжүністің ұлы
Әжігерей, Айтқожа – Ардабидің ұлдары
Тарлан – Ер Тарғынның тұлпары
Қанатты қара – Ақшаханның тұлпары
Қартқожақ – Ер Тарғын мен Ақжүністі қуып жеткен Ақшаханның қарт батыры
Домбауыл – қалмақтың батыры
Жыр соңында барлық қиындықтарды жеңген Тарғын елдің әрі ханы, әрі батыры болады. Ақжүніс екеуінен туған баласы Ардаби де бек әрі асыл би болады. Оның баласы Айтқожа да бес қалаға хан болып, мұратына жетеді.
70-билет Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі, тәрбиелік мәні.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1]
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері
Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:
Дау айтып күні бұрын көрсетпелік, Майданда озса жүйрікке есептелік. Орта жүз түгел білген Ырысжанмын Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, –деп, Әсетті ықтыра сөз тастайды, ал Әсет оған:
Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ, Алты арысқа білінген екен менмін, –деп, асқақ жауап қатады.
Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, тұқырту ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал емес ақындардың мұндай барлау жасауы табиғи да.
Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.
Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, –деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, "қырандай желді күнгі аспандаймын" деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі – метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі. Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем. Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.
70. Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі, тәрбиелік мәні.
не білеміз
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.
Айтыстың түрлері
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз
сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз.
Айтыстың ерекшелігі
Ақындар айтысында жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді.
Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Кешегі Шынболаттай шындықты шыңғыртып айтып жүрген айтыскер ақындар бүгінгі таңда да аз емес.
71. Жыраулық поэзия. Асан қайғы, Бұқар жырларының тарихи сипаты. Жыраулық поэзиядағы көркемдік өрнектер.
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |