2 Негізгі бөлім -Өнер генезисі



Дата15.03.2023
өлшемі32,08 Kb.
#74496
Байланысты:
2 Íåã³çã³ á?ë³ì -?íåð ãåíåçèñ³


Жоспар
1)Кіріспе
2)Негізгі бөлім
-Өнер генезисі.
-Өнер антропагендік фактор ретінде.
-Өнер қызметі.
3)Қорытынды
4)Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады.



.
Өнер антропагендік фактор ретінде.
Бұлшық еттерін бұлтылдатқан Геракл, ең соңғысы аяғына кірген тікенекті алып отырған бозбала мүсіні есіңізде ме? Бұл стильдің ерекшелігі адамды атлет кейпінде бедерлейді. Тағы бір стильдің түрі көне Мысырлытарға тән. Бұл стильдегі бейнелердің баршасына ортақ дүние: Адамның денесі тіке қарап, ал басы мен аяқтары қырынан боп келеді. Ортағасырлардың кезінде, «қайта Өрлеу дәуірі» стилі пайда болды. Бұл заманның суретшілері адамды бейнелесе, артқы фонды қараңғы етіп тастаушы еді. Айналаның баршасын қап-қара етіп, адамды сәулеге шомдырып қою – адамды ұлықтаудан туған,-дейді өнертанушылар. Сәл кейінірек Готика стилі деген болды. Ең соңғысы, қой бағып жүрген шопан, қырман басындағы диқанды әспеттеген кеңестік суретшілердің де бағытын, өнердегі жаңаша стильдің қатарына қосуға болады. Ол соц.реализм деп аталды. Қазіргі көп стиль, осы негізгі бағыттардан бастау алған, соларды араластырғаннан шыққан. Осы аз ғана стильдің ішінде, ең көне, ерекше стиль бар. Ол – көшпенділердің АҢДЫҚ СТИЛІ. Иә, көне заман көшпенділері, әлемде теңдесі жоқ, алабөтен, жаңа жанр – аң стилін өмірге әкелді. Аң стилінің басты ерекшелігі – жан-жануарды әрекет үстінде, кейде апатия жағдайында, енді бірде мифтік тұрғыда бейнелелеп, бедерлеуінде. Аң стилі дегеніміз көрінген жануарды бейнелей беру емес. Мұнда заңдылық бар, тәртіп бар. Ежелгі сақтар өздерінің ою-өрнегіне тек 14 хайуанның бейнесін бедерлепті. Олар: Барыс, бұғы, аю, қасқыр, бүркіт, таутеке деп кете барады.
Аң стиліне қарап отырсаңыз, сақтардың осыдан 3 мың жыл бұрын-ақ, өнердің шырқау шыңына көтерілгенін көреміз. Қазіргі заманның суретшілері дәл солай жасай алмайды. Одан артық жасауы мүмкін, бірақ-тағы стилистикалық тұрғыдан алғанда қателіктер жіберіп қояды.
Бұл – аң стиліне таңырқаған сәтте туған эмоциялық пікір емес. Тәжірибемен келген пайым. Сақтардың аңдық стилі туралы мақала жазу барысында, зергер Ғани Ибрайымовтың шеберханасына бардық. Ақан Сатаев әйгілі Томирис фильміне қажетті бұйымдарды әзірлеуді осы кейіпкерімізге тапсырады. Сақ патшайымдары киген алқа, білезіктердің суреттері жіберіліп, осы бейнеден ауытқымай, дәлме-дәл көшірмесін жасауы керек. Кез-келген металлыңды су секілді қайнатып жіберетін технологиялары бар Ғаниға, осыдан 3 мың жыл бұрынғы әшекейді жасау қол болып па?! Іске кірісіп кетеді. Бірақ, іске кіріскен сәтте-ақ қиындықтардың көшкіні астында қалған. Үлбіреген алтын алқадағы шүпірлеген бейнелерді бедерлеу өте-мөте қиын болыпты. Не керек, зергеріміз Тұмар ханшайымның қарапайым алтын алқасын сомдау үшін балқытып та көрген, дәнекерлеген де. Көп қателіктен соң барып, ұқсаттым әйтеуір,-дейді.
Ғани Ибрайымов, зергер: Қазір ХХІ ғасыр, небір технологиялар бар. Құйма пештеріміз, аргон ошақтарымыз бар. Бірақ, Томирис фильміндегі аңдық стильдегі бұйымдарды жасау қиын болды. Маған тапсырылған бірінші дүние – мойынға тағатын әшекей, оны орысша гривна дейді. Осындай зергерлік бұйымды жасау үшін, оны әуелі 3 бөлікке бөліп, кейін дәнекерлеп көрдік. Сәтсіз шықты. Кейінірек тағы бірнеше рет қайталадық. Алқаның пошымын жасау оңай болғанымен, ішіндегі аңдардың әртүрлі позасын шығара алмай, қиналдым. Соңында, әр детальды бөлек-бөлек құйып, кейін металлмен желімдеп, алқаны аяқтадым. Соған таңғалам, сол заманда бұл жұмыстарды қалай жасаған деген ой туындады жұмыс барысында.
Ойлаңызшы, осыдан 4-5 мың жыл бұрынғы бұйымдарды қазіргі зергерлер жасай алмай отыр. Қолында небір алапат аппаратар болса-дағы, сақтардың бұйым-әшекейлерін дәлме-дәл қайталай алмай дал. Осыдан-ақ бабалардың металл өңдеу, зергерлік ісінде қаншалықты алысқа кеткенін көруге болады. 
Құмырсқаны тағалаған сақтар
Осыдан 2800-2900 жыл бұрын, біздің бабалар осындай үздік өнерді жасаудың технологиясын білген. Кейбір ою-өрнектердің көлемі – тарыдай ғана. Тарыдан да ұсақ, қарымықтай, диаметрі 1 мм әрең жететін бір домалақ алтын бұйымдар кездеседі. Соны асыләйнекпен (лупа) қарасаңыз, саңырауқұлақтың қалпағындай, соның астында түймелік пайка жасаған. Анау көзге әрең-әрең ілінетін нәрсе.
Әбдеш Төлеубаев, Тарыдай ғана бұйымға түймелік жасау үшін, асыләйнек керек. Әйтпесе, жәй көзбен мұндай нәзік, ұсақ дүниені дәнекерлей алмайсың. Мысалға, мен Шіліктіден табылған АЛТЫН АДАМның бұйымдарын арнайы зерттеу үшін, Эрмитаждан Рафаэл Сергеевич Миносян деген, скиф алтындарының маманын шақырдым. Сол кісі таңғалып: «Әбдеш, мынау ұсақ заттардың микропайкасының сырына, құпиясына жете алмадым дейді. Өйткені алтынды еріту үшін, 1000 градустық температу керек. Ал енді, тарыдай ғана бұйымға өрнек түсіру, желімдеу үшін иненің ұшындай ғана паяльник керек. Ал иненің ұшындай паяльникте 1050 градусты жасау, білмеймін қазіргі технология да бар ма, жоқ па?!» деп басын шайқайды Рафаэел Миносян. Расымен қызық нәрсе ғой! Қазіргі микро-нано технологиялармен ғана жасай алар өнер туындыларын, сақтар ол көне заманда, қалай-қайтіп жасады екен?!
Қазақта құмырсқаны тағалады,-дейтін теңеу бар еді ғой. Мынау сақтарға ерік берсең, құмырысқаға да таға тағып бере алады. Онымен қоймай, сол тағасының астына сан түрлі ою-өрнек түсіре алар қауқарын көріп тұрмыз. Қазақстандағы бүкіл АЛТЫН АДАМдарды қалпына келтірген, реставратор Қырым Алтынбеков, сол Сақтардың заманында асыләйнек яғни лупа, компьютерге бергісіз құрылғылар болған шығар,-деп топшылайды. Өйткені ондай технология, ондай құрал болмаса, жасай алмайды. Жасау мүмкін емес, расымен...

Аң стилі қайда кетті?


Бүгін өкінішке қарай, Сақтардан қалған бай мұраны қазаққа бұйыртқысы келмейтін топтар, ғалымдар бар. Қазақтар автохонды халық емес, олар сырттан келген. Мұндағы бай мәдениетті жасағандар жойылып кеткен дегенді айтқысы келеді. Жоқ, біз сол өнердің мұрагеріміз. Аң стилі ешқандай да жоғалып кеткен жоқ. 4-ші ғасырдан бастап, көшпенділер аңды бейнелеуді қойды. Діни себеп пе, бәлкім өнердің келесі бір сатысы ма, білмедік. Бір білетініміз, 4-ші ғасырдан бастап, бабаларымыз реалды кейіпте бейнелеуді тастап, символын көрсетіп қана бедерлеуге көшті. Арқардың өзін емес, мүйізін салатын болды.
Қазіргі қазақ көрпесіндегі алуан өрнектер, сол сақтардың аңдық стилінің жалғасы. Бұрын скифтер өсімдіктерді бейнелесе, қазіргі қазақтың келіншектері – сол өсімдіктің негізгі-негізгі деген сипаттарын, белгісін ғана өрнектейтін болды. Ғалымдар зерттеп-зерделей келе, сақтар мен қазақтың ою-өрнегі 60 пайыздай бірдей деген қорытындыға келді. Мұндай сәйкестік, бірде-бір ұлтта жоқ! Мұны өнертанушылар әбден мойындап болды. Қорытындылай келе, ұлан ғайыр Ұлы даланың көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі мен қалдырған мұрасы ұшан теңіз. Адамзаттың қазіргі өнері – осыдан 40 ғасыр бұрын ғұмыр сүрген Сақтарға қарыздар.

Өнер қызметі


Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.
Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды

Қорытынды


Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .

  2. Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.

  3. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр

  4. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет