2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Бехчет синдромындағы симптомдар триадасын атаңыз



бет13/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

15.Бехчет синдромындағы симптомдар триадасын атаңыз.
Бехчет синдромы – ауыздың, көздің кілегей қабығын, теріні, буындарды жарақаттайтын күрделі патологиялық үрдіс. Ең алғаш бұл ауруды 1937 ж. түрік дерматологы Бехчет (Behcet) сипаттап жазған, сондықтан соңғы уақытқа дейін «Бехчет синдромы» деп аталып келді.
Бехчет ауруы (Бехчет синдромы, Тураин синдромы үлкен афтоз) – қайталанатын ағымы бар, этиологиясы белгісіз, өзіне тән триадамен көрінетін жүйелі созылмалы ауру: қайталанатын афтозды стоматит, шырышты қабықтағы және жыныс мүшелерінің терісіндегі ойық жаралы өзгерістер, жыныс мүшелерінің зақымдануы. Бір мезгілде немесе біртіндеп ауыз, көз және тыныс ағзалары кілегей қабығына афталы бөрткендер шығады, көзде гипопион-ирит дамып, көру мүмкіндігі төмендейді. Сонымен қатар тері бетіне түйінді эритемалар, іріңді және шиқанға ұқсас бөрткендер шығады, қан тамырлары қабынып, ірі буындар мен жүйке жүйесі де жарақаттанады, дене қызуы көтеріледі.
Tourine (1941) ауыз кілегей қабығында, сыртқы тыныс (39°-40°С дейін) ағзалары аймағында, көтенде, кейде ішек жолында бірдей кездесетін афталы бөрткендері бар науқастарды сипаттап жазып, бұл ауруды «үлкен афтоз» деп атаған. Сондықтан да Бехчет синдромын кейде Туреннің үлкен афтозы деп те атайды.
Этиологиясы мен патогенезі. Бехчет синдромы (синдром Бехчета-syndromum Behcet) этиологиясы мен патогенезі әлі толық анықталмаған аурулар қатарына жатады. Көптеген авторлар аурудың патогенезінде аутоиммундық үрдістердің үлкен рөлі бар, ал кейбір авторлар полунуклеарлар қызметінің бұзылуы да маңызды орын алады деп дәлелдеуге тырысады. Соңғы жылдары Бехчет синдромы генетикалық бейімділік нәтижесінде дамиды деген көзқарас қалыптасты.
Клиникалық көрінісі. Ауру – ұзақ ағымды, қайталанбалы аралық уақыты (ремиссия) қысқа, көбінесе 20-30 жастағы адамдар арасында кездеседі (жынысына байланысты емес). Ауызға шыққан афталар Бехчет синдромының ең алғашқы белгілері болуы да мүмкін. Афталар аса терең емес, ал кейде кілегей қабықты терең бұза жарақаттайтын, деформациялаушы афталар түрінде орын алуы мүмкін. Шыққан афталар саны әртүрлі болады (аурудың ауырлығына қарай). Бехчет синдромын Стивенс-Джонсон синдромынан, сепсистен, түйінді эритемадан, жүйелі қызыл жегіден ажырата білу керек.
Сыртқы жыныс ағзалар аймағында (әйел жыныс ағзасы, еріндегі кілегей қабығында, терісінде, еркек жыныс мүшесі мен терісінде) қатты ауыратын, асты тығыз, инфильтраттанған афталы-жаралы бөрткендер шығады. Олар төңірегіндегі тіндерден көтеріңкі, жаралар табаны сары-сұр түсті қақпен жабылады.
Әдебиеттегі мәліметтерге сүйенсек, Бехчет ауруымен ауырған адамдардың 70-85% көздерінің жарақаттануы орын алады және ол аурудың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Алдымен көзде жарыққа шыдамау (светобоязнь) белгісі байқалады (жарыққа қарап көзді аша алмау, көздің жасаурауы), осыдан кейін гипопион-ирит дамып, шыныға ұқсас денеде, көз табаны аймағында қан құйылу ошақтары пайда болады. Әрбір қайталану кезінде көздің көру қабілеті біртіндеп нашарлап, кейінірек толық көру мүмкіндігі жойылады.
Тері бетіне қайталанбалы түйінді эритемалар, көптүрлі жалқықты қызармаға тән және іріңді бөрткендер шығады. Бехчет синдромы кезінде аз ғана жарақаттануға ұшыраған тері немесе кілегей қабықта «патергия» белгілері дамиды (инъекция жасалған жерде қабыну инфильтраты дамып, орта бөлігіндегі тіндер некроздануға ұшырайды).
Көптеген жағдайларда ауру буындардың жұмсақ тіндерінің ревматоидты жарақаттануымен, қан құйылуымен, ірі-ірі қан тамырларының (артериялар, веналар) қабынуымен, қан ұюының құрылуымен асқынады. Афталы бөрткендер көмейдің, кеңірдектің, жұтқыншақтың, өңештің, ішектің кілегей қабығына жайылуы мүмкін, және сілекей бездері ісініп, ішкі ағзалар мен жүйке жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болады. Осылардың нәтижесінде өлім жағдайы да болуы мүмкін.
Бехчет синдромы – жиі қайталанбалы, ағымы ұзақ, әрбір қайталану кезінде клиникалық белгілері күрделеніп отыратын ауруға жатады.
Гистологиялық зерттеу- афталы бөрткеннің қалыптасу кезеңінде эпителий қабатына лимфациттер мен моноциттердің өтіп кеткенін анықтаған. Эпителийдің бүтіндігі бұзылып, төңірегінде нейтрофильдер, моноциттер, лимфоциттер шоғырланған эрозиялы ошақ пайда болады. Қан тамырларда қабыну белгілері, тарылтушы эндартеритке (облетерирующий эндартерит) тән өзгерістер анықталады.
Емі. Бехчет синдромын (ауруын) емдеу өте қиынға соғады. Гистаминге қарсы уытсыздандырушы дәрілер тағайындайды. Хемотаксистік үрдістің күшеюіне байланысты цитостатик (клеткаларды тұрақтандырушы) колхицинді қолданып емдеуге болады.
Көпшілік жағдайда кортикостероидты препараттар, иммундық жүйе қызметін қалпына келтіретін дәрілер, антибиотиктер тағайындау жақсы нәтиже береді. Науқас организмін уытсыздандыруға да үлкен мән беріп, науқасты аурухана жағдайында емдеу керек.
Кейбір дәрігерлер вирусқа қарсы дәрілер қолданып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді.
Дәрігер-стоматологтың негізгі міндеті: ауыз ішін сауықтыру, әртрлі дәрілерді қолданып, афталардың екіншілік инфекциямен асқынбай, тезірек жазылуын қамтамасыз ету, науқасқа ауыз гигиенасын сақтау ережелерін үйрету.
16.Виноградов бойынша ауыз қуысы вирустарының жіктелуін атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет