21.Тіс щеткалар түрлері және олардың қолдану мақсаттарына түсініктеме беріңіз. Тіс және қызыл иек беткейінен тіс қағын механикалық жою тіс щеткасының көмегімен жүргізіледі. Тіс щеткасын қажетіне сай қолдана отырып, максимальды эффектілі мақсатпен ойдағы нәтижеге жету үшін щетканы таңдағанда өлшеміне,формасына, стоматологиялық және гигиеналық дәрежесіне көңіл бөлген жөн. Көп жылдар бойы табиғиталшықтардан құралған тіс щеткалары
қолданылып келді, тек соңғы жылдары синтетикалық талшықтан (нейлон,сетрон, перлон, дерлон, полиуретанжәне т.б) жасалған тіс щеткалары жиі кездеседі.
ЩЕТКАНЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША:Табиғи Синтетикалық
ЩЕТКАНЫҢ ҚАТТЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ:Өте,жұмсақ (d=0,15-0,18мм);.Жұмсақ (d=0,2мм-ге дейін);.Орташа қаттылық(d=0,22мм-гедейін);Қатты(d=0,24мм-ге дейін);Өте қатты(d=0,26мм-ге дейін).
ЖҰМЫС БӨЛІГІНІҢ ӨЛШЕМІ БОЙЫНША:Балаларға арналған;Жасөспірімдерге арналған;Ересек адамдарға арналған;Арнайы тағайындалған.
Тіс шеткасымен әр түрлі қимыл жасауға болады. Алдымен, тіске тігінен - қызыл иектен тістің жиегіне қарай және тістің артқы бөлігін де тазартуды ұмытпау керек. Балаларға ауыз қуысын таза ұстауды жас кезінен үйреткен жөн. 4-5 жасқа дейін анасы баласының тісін өзі тазалауы тиіс, ал кейін бала ата-анасының бақылауымен өз тісін өзі тазалай алатын дәрежеге жетеді.
Стандартты(гигиеналық) – тісті әдеттегідей күнделікті тазарту үшін қолданылады.
Профилактикалық (пародонтологиялық) –ретромолярлық аймақ сияқты қиын тазартылатын
жерлерді тіс қақтарынан және ас қалдықтарынан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Оларға қылы
көп деңгейлі, қылында күш салатын шығыңқысы бар, қылының ортасы тереңдетілген, қылында
микротекстурасы бар щеткалар жатады.Арнайы – ортодонтияда пайдалануға арналған.
Тіс щеткасының негізгі қызметінің бөлігі басы болып табылады.Ертеде көбіне үлкен басты тіс щеткалары жиі қолданылған, алқазір кіші басты щеткалармен тісті жуу дұрыс деп есептелінеді,
өйткені олар ауыз қуысында оңай қозғалып, ауыз қуысының алшақ бөлімдерін сапалы тазартады. Талшықтардың түйіндерініңарасындағы ең оптимальді ара қашықтық – 2,2 – 2,5 мм.Параллельді түйіндерді отырғызу ең ыңғайлы, әрі қарапайым болып саналады. Шетелде қолданылатын жұпты бағыттағытүйінді отырғызу (V – бейнелі) параллельді отырғызудан ешартықшылыққа ие емес.
Егер тіс щеткасының бас бөлігі екі, үш тісті қамтыса, бұл сапалы тазалыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тіс щеткасының жұмыс істеу бөлігі кіші жастағы балалар үшін (1-6 жас) -18 мм., үлкен
жастағы балаларға (7 жастан жоғары) – 22 мм., жасөспірімдерүшін (9 жастан) – 23-24 мм., ал ересек адамдар үшін – 23-30 ммге тең болу керек.