31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Көтеш ақын шығармасының жыраулық поэзиядан өзгешелігі



бет10/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
40. Көтеш ақын шығармасының жыраулық поэзиядан өзгешелігі.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік үлес қосқан XVII ғасырдағы қазақ поэзиясының бастаушы өкілі, үш жүзге аты мәлім, ақындық өнердің түңғышы, жерлесіміз Көтеш Райымбекұлы. Көтеш ақын 1745 жылы Баянауыл аймағында туып, сонда өскен. Алғаш рет он жеті жасында Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты шығады. Көтеш ақын жарлы жан-ұяда туған, сол жоқшылық өмір бойы ақынның соңынан қалмаған. Кедейліктің қасіретін көп тартқандығын ақын өлеңдерінің сарынынан білуге болады. Көтеш қартайған шағында иен далада кісі қолынан қаза табады. Ақын ажалы Жолбасар ұрыдан келеді [147-150]. Ал, енді бір деректерде қазаға ақын әжуасын кек тұтқан әлдебір бай себеп болды деп көрсетеді.
Ақын шығармаларына келсек, оның өлеңдерінің біразы ғана бізге жеткен. Бірақ, сол аз өлеңдерінің өзі мол ғибрат, өнеге, өсиетке толы. Тілі жеңіл. Жазылуы қарапайым. Мәселен,
Арғы атамды сұрасаң, Сексен жүйме,
Райымбек Сексеннен туған ұл ма?
Райымбек сен де қоя алмайсың,
Райымбек би болса, Рай құлай ма?,
-деген өлең жолдары ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөйлемдерге ұқсайды. Көтеш ақынның өлеңдерінің бір ерекшелігі тақырыбы жоқ. Оның өлеңдерінің алғашқы шумағындағы бірінші жолын өлең тақырыбы етіп аламыз. Мысалы, бізге жеткен шығармалары: «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арға ойыл- ды», «Құбажон тұсы қақтар», «Қартайғанда қатының дұшпан болды», «Кәрілік! Жылы-жұмсақ ас жарай ма?», «Алдымнан алты пүнық анталады».
Көтеш ақын Абылай хандық құрған тұста өмір сүрген. Ол ханның әр ісін бетіне тура айтып, кемшілігін бетіне басып отырған. Оған: «Абылай Ботақанды сен өлтірдің» атты өлеңі дәлел бола алады. Мәселен,
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер, жазығы жоқ, неге өлтірдің?
Хан басың қарашаңмен даулы болып,
Үстіне Ақ орданың қол келтірдің,
— деген жолдарынан Абылай хандық дәрежесіне сүйеніп жазықсыздан жазықсыз Ботақанды асыл ерді өлтіргендігін, ел даулы болып, Ақ орданың үстіне қол келтіргендігін айтады. Ал, осы өлеңінің екінші шумағында бүгін босатпасаң Жанайды, ертеңгі күні қатын балаң бірі жесір, бірі жетім қалатындығын айтып сақтандырады. Бұл өлеңі былай өрнектеледі:
Абылай, күйіп кетті салған залаң,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?
Жанайды дәл бүгінгі күн босатпасаң…
Болады ертең жесір қатын балаң!
Көтеш шығармалары өсиет өнегеге толы. Олар достыққа, бірлікке үндейді. Ата-анаңды сыйла, құрметте деп үйретеді. Бұл туралы арқылы жырау:
Арқа ойылдың құба жон түсер қақтар,
Су ішуге сол қақты құлан жақтар.
Атадан алтау, жетеу туғанменен,
Соның ішінде біреу-ақ сүтін ақтар,- деп толғанады.
Бала адамның бауыр еті деген. Бұл тақырыпқа ақындар ерекше мән берген. Көтеш өлеңдерінен де бұл сарынды байқауға болады. «Таз да болса балаңды ұрса берме» кейін малыңды бағатын сол болады дегенді айта келіп:
«Бала бала деуменен мақалымыз, Баладан болар білем, ажалымыз»,-деп, астарлап сөйлейді. Көтеш өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл түрінде халыққа көбірек таралған. Ақын шығармаларының көркемдікқұндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. Өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығын көрсетіп, екіншіден, сараң байларды келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғанын байқатады.
Ақынның мол мүрасын жинағандардың бірі-.белгілі ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ақын М.Ж.Көпеев. М.Ж.Көпеев Көтештің «Нақыл өлеңдерін», «Қайынына баруы», «Көтештің Күнікей қызбен қағысуы», «Жайлауда», «Көтештің келін баласына наразы болуы», «Шал мен қыздың қағысуы», «Көтештің кәрілікке айтқаны» атты өлеңдерін қағазға түсірген. «Көтештің шолақ .атын бір кекеткенде айтқан өлеңі», «Көкбар тартқанда Көтештің шығарған өлеңі», «Көтештің байдың үйінде түстенерде айтқаны» атты өлеңдерін 1968 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны Мұқатов Ғалымжан (1900 -1976) жинастырған. Ақынның өлеңдерін, кейбір айтыстарын жерлесіміз Нұрлыбек Баймұратов 1937 жылы жазып алса, Баянауылдық Хакім Баисов 1940 жылы, Нұрмағанбет Баяндыұлы 1951жылы, Ғазиза Нұртазина 1947 жылы, Сүлейменов Айтбай, Түгелұлы Арсақай қағазға түсіріп, Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорына өткізген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет