№6 Дәріс Үлестiрiм параметрлерiн статистикалық бағалау


№8 Дәріс Таңдаманың регрессиялық теңдеуi



бет5/7
Дата25.11.2023
өлшемі141,22 Kb.
#127747
1   2   3   4   5   6   7

№8 Дәріс Таңдаманың регрессиялық теңдеуi



Мақсат: Анықталмағандық жағдайында студенттердi кездейсоқ шамалардың арасындағы тәуелдiлiктердiң формаларымен таныстыру және осы шамалар арасындағы байланыстың күшiн бағалауға үйрету. Студенттердi сызықты регрессияның таңдамалық теңдеуiн құруға және корреляция коэффициентiн табуға үйрету.

Қарастырылатын сұрақтар тiзiмi:

  1. Кездейсоқ шамалар арасындағы тәуелдiлiктердiң формасын анықтау.


  2. Регрессияның таңдамалық теңдеуi.


  3. Түзу сызықтың орта квадраттық регрессиясының таңдамалық теңдеуi.


  4. Корреляциялық кесте.


  5. Корреляция коэффициентi.


Екi кездейсоқ шаманың Х және У жүйесiн қарастыралық, оның бiреуi Х

тәуелсiз (факторлық белгi), ал екiншiсi – У тәуелдi (қорытындылық белгi).
Екi кездейсоқ шама функциональды немесе статистикалық тәуелдiлiкпен байланысты немесе тәуелсiз болуы мүмкiн. Функциональдық тәуелдiлiк сирек iске асады, себебi қарастырылатын кездейсоқ шамаларға басқа кездейсоқ факторлардың әсерi болуы мүмкiн. Сондықтан статистикалық тәуелдiлiк жиiрек болады.

Анықтама Бiр шаманың өзгерiсi екiншi шаманың үлестiрiмiн өзгертетiн тәуелдiлiк статистикалық деп аталады.
Анықтама Бiр шаманың өзгерiсi екiншiнiң орта шамасын өзгертетiн статистикалық тәуелдiлiк корреляциялық деп аталады.
Мысал. Х - 1 га жерге салынған тыңайтқыш мөлшерi; ал У –бидай өнiмi болсын. Аудандары бiрдей жерлерге бiрдей мөлшерде тыңайтқыш салғанда бидай өнiмiн түрлiше алынады, яғни У Х-тiң функциясы болмайды. Бiрақ бидайдың орташа өнiмi тыңайтқыш мөлшерiн көбейткенде артады, яғни бидай өнiмiнiң орташа шамасы Х-тiң функциясы болады.
Екi тәуелдi шамалар жүйесiнiң маңызды статистикалық сипаттамасы шартты орташа болады.


Анықтама. Шартты орташа у х


деп Х= х мәнiне сәйкес У шамасының

бақыланған мәндерiнiң арифметикалық орта мәнi аталады.




Осы сияқты х у


шартты орташасы деп У=у мәнiне сәйкес Х шамасының



бақыланған мәндерiнiң арифметикалық орта мәнi аталады.


у х шартты орташасы Х шамасының бақыланған мәндерiнен тәуелдi, яғни





у х х-тiң функциясы. Оны
f (x)
деп белгiлесек мына теңдеудi аламыз:





у х =
f (x)
(1)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет