А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата06.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#8164
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 

Əдебиет 

1. Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских 

царях и царевичах. Ч.2. – СПб., 1864. – С.139. 

2. Семенов А.А. К вопросу о происхождении и составе 

узбеков  Шейбани-хана // МИТУСА.  Вып. I. ТИИАЭ  АН 

Тадж.ССР. – Т. XІІ. –Столинабад, 1954. – С. 3-37. 

 3.  Султанов  Т.И.  Некторые  замечания  о  начале 

казахской  государственности // Известия  АН  КазССР. 

Серия общественная. Вып. 1. – Алма-Ата, 1971. – С. 54-57. 

 4. Султанов Т.М. Кочевые племена Приаралья в ХY-

ХYІІ вв. –М., 1982. - С. 114. 

 5.  Кляшторный  С.Г.,  Султанов  Т.И.  Казахстан: 

Летопись  трехтысячилетий. – Алматы, 1992. – 378 с.; 

Султанов  Т.И.  Поднятые  на  белой  кошме.  Потомки 

Чингиз-хана. – Алматы, 2001. – 276 с. 

6. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки 

Чингиз-хана. – Алматы, 2001. – С.144. 

7. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки 

Чингиз-хана. – Алматы, 2001. – С. 129-134. 

8.  Ахмедов  Б.А.  Государство  кочевых  узбеков. – М., 

1965. – С. 133-134. 

9.  Ахмедов  Б.А.  Государство  кочевых  узбеков. – М., 

1965. – С.  135. 

10.  Ахмедов  Б.А.  Государство  кочевых  узбеков. – М., 

1965. – С.136. 

11.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати.  Тарих-и  Рашиди  (Хақ 

жолындағылар тарихы). – Алматы, 2003. – 114 б. 

 

 

                                                                      

АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Е. Ысмайловтың «Əдебиет теориясының 

мəселелері» оқу құралы 1940 жылы «Қазақ 

мемлекеттік баспасынан жарық көрген. 

Оқу құралы қазақтың алғашқы жоғары оқу 

орындарының филология факультеттерінде 

əдебиет теориясын қазақша оқыту үшін 

жазылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ысмайлов Есмағамбет 

  Əдебиет теориясының мəселелері:  

оқу құралы / қазақша кириллица əрпіне 

түсірген жəне беташар сөзін жазған 

Ж.Мəмбетов. – Алматы: Қазақ 

университеті, 2011. – 288 бет. 

ISBN 9965-29-700-2 

 


84                                                                                                                       Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

 

СЫН ЖӘНЕ БИБЛИОГРАФИЯ

 

                                       

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж. Дəдебаев 

ƏЛІШЕР НАУАИ 

Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Ə.Науаидың өмірі мен шығармашылығы.  

Ақынның шығу тегі мен мінезі. Науаидің сөз өнері, тіл мен əдебиет туралы ойлары.  

Түркі тілінің сөз байлығы. Түркі жəне парсы тілдері. Науаидың тіл, өлең туралы трактаттары. 

Тірек сөздер: Науаи, өмірі, шығармашылығы, əдебиет, тіл байлығы, түркі тілі, парсы тілі. 

 

Ж. Дадебаев 

АЛИШЕР НАУАИ 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Жизнь и творчество А.Науаи.  

Социальное происхождение и нрав поэта. Рассуждения Науаи об исскустве слова, языке и литературе. 

Особенности словообразования в тюркском языке. Богатство тюркского языка. Тюркский и персидский языки. 

Трактат Науаи о двух языков. Ключевые слова: Науаи, жизнь, творчество, литература, богатство языка, 

тюркский, персидский языки. 

Zh. Dadebaev 

ALISHER NAUAI 

Abstract. The issues dealt in this article. Life and work of A.Nauai. Social origin and disposition of poet.  

Disserting of Nauai upon the art of word, language and literature. Features of word-formation are in a turkic 

language. Riches of turkic language. Turkic and Persian languages. Treatise of Nauai about two languages. 

Keywords: Nauai, life, work, literature, riches of language, turkic, Persian languages. 

 

Ақын  əрі  ғалым,  суретші  əрі  сазгер,  мемле-

кет жəне қоғам қайраткері, заманының зиялысы 

Əлішер  Науаидың (1441-1501) дүниеге  келгені-

не 2011 жылы 570 толды.  Тарихи  тұрғыдан 

қарағанда,  Əлішер  Науаи  өз  дəуірінің  жан-жақ-

ты  дамыған,  өнер  мен  ғылымның  басты  сала-

ларында  бірдей  еңбек  еткен  жəне  сол  салалар-

дың  əрқайсысында  керемет  жетістіктерге  жет-

кен,  ақындығы,  хəкімдігі,  əкімдігі  тең  түскен 

кемел  тұлғасы  еді.  Ол  парсы  тілі,  парсы  мəде-

ниеті белең алып тұрған ортада өмір кешкеніне 

қарамастан,  өзінің  шығармаларын,  еңбектерін 

ана  тілінде – түркі  тілінде – жазды.  Бұл  түркі 

əлемі үшін барынша қымбат қазына, ұлы жетіс-

тік болды.  

Ақын  шығармаларының  жиырма  томдығы 

жарық көрді [1]. Орыс тіліне аударылып басыл-

ған  шығармалары  да  аз  емес [2]. Тіл  білімі, сөз 

өнерінің  теориясы  туралы  трактаттарының, 

зерттеулерінің  орыс  тіліне  аударылып,  жарық 

көруі  де  науаитану  ғылымындағы  елеулі  жетіс-

тік болды [3].  

Науаидың  замандастары,  тарихи  ұлы  тұл-

ғалар    Захир  ад-дин  Мұхаммед  Бабыр,  Мырза 

Мұхаммед  Хайдар  Дулат  оның  осы  жетістік-

теріне  жоғары  баға  берді.  Əлішер  бек  түркі 

тілінде  өлең  жаза  бастағаннан  бері  ол  сияқты 

ешкім  де  соншалық  жақсы  əрі  көп  өлең  жазба-

ғанын,  оның  теңдесі  жоқ  дарынды  адам  екенін 

[4, 184; 5, 179; 6, 254] Бабыр мен Мырза Мұхам-

мед  Хайдар  ілтифатпен  айтты.  Əлішердің  төрт 

жинақтан  тұратын  өлеңдері  мен  ғазалдарынан 

таңдаулыларын  іріктеп,  оларды  өлшемдеріне 

сай  топтастырғаны [4, 250] Бабырдың  оған 

деген, оның шығармашылығына деген  айрықша 

нұрлы  ықылысын  білдіреді.  Бабыр  мен  Мырза 

Мұхаммед  Хайдардың  еңбектерінде  Əлішердің 

төрт  ғазалдар  жинағымен қатар  оның  Низамиге 

еліктеп,  бес  дастаннан  тұратын  «Хамса»  жазға-

нына,  Əбдірахман  Жəми  секілді  түркі  тілінде 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        85 

 

 

 



«Қырық  хадис»  кітабын  жазғанына,  замандас-

тарына  арнаған  жазбаларын  жеке  жинақ  етіп 

топтастырғанына, «Құстар  тілі»  кітабы,  соны-

мен  қатар  «Өлең  мөлшерінің  таразысы»  секілді 

теориялық еңбегі барына, парсыша да жыр жаз-

ғанына,  музыкада  да  оның  тамаша  нақыштары 

мен  пишравтары  болғанына  назар  аударылды. 

Бабырдың жазбаларында Əлішердің ғылым мен 

өнер  адамдарына  деген  көзқарасы  да  айрықша 

ізгі,  игілікті  болғаны  баяндалды.  Авторлардың 

Əлішер  бек  сияқты  ғылым  мен  өнер  адамына 

қамқорлық  жасап,  жанашырлық  еткен  пенде 

бұрын-соңды  болмағаны  туралы [4,184; 6, 255-

256] пікірлерінде разылық та, құрмет те бар. 

Мырза Мұхаммед Хайдар Əлішер туралы екі 

айрықша пікір айтады. Оның бірі Əлішердің шық-

қан  тегіне  байланысты.  Шығармашылық  өмі-

рінде  түркі  тілін  шексіз  сүйіп,  құрметтеп  өткен 

данышпан ақынның тегі де түркі болған [6, 255]. 

Екінші  пікір  Əлішердің  мінезіне  байланысты. 

Ақын  өз  заманының  аса  білімді,  ақылы  алғыр, 

мінезі  көркем  жəне  өте  сезімтал  дара  тұлғасы 

болған.  Қоластындағы  бағыныштыларынан  да 

ақылдың алғырлығын, мінездің көркемдігін, се-

зімталдықты талап етеді екен [6, 256]. Ақынның 

шығармашылығы,  қоғамдық  жəне  мемлекеттік 

қызметі,  шыққан  ортасы  туралы  Мұхаммед 

Хайдар Дулат жазып қалдырған мəліметтер мен 

пікірлердің де құндылығы зор. 

Əлішер  Науаи  қоғамдық  санада,  халық 

тағдырында,  ұлт  өмірінде  сөз  өнерінің,  тіл  мен 

əдебиеттің алатын орны мен атқаратын қызметі 

жайында  өз  заманы  үшін  əлеуметтік  маңызы 

зор, үлкен ойлар айтты. Салыстырмалы əдебиет-

танудың асқан білгірі В.М. Жирмунский Науаи-

дың  екі  тіл  туралы  толғаныстарын  Ренессанс 

дəуірінің  алыптарының  пікірлерімен,  Дантенің  

итальяндардың  сөз  өнері,  Иоахим  Дю  Белленің 

француздардың  тіл  өнері  туралы  трактаттарын-

да  негізделген  өркенді  ойларымен  парапар 

бағалады [7,177]. Науаидың  екі  тіл  туралы 

трактатында  баяндалған  осы  ойлардың  бүгінгі 

заманымыз үшін де пайдалы, ғибратты мəні бар. 

Əлішер Науаидың «Екі тілдің сыны», «Өлең 

өлшемінің  таразысы»  секілді  сөз  өнері,  тіл  мен 

əдебиет  туралы  ойлары  мағынасы  жағынан 

терең,  ғылыми  мəні  жағынан  маңызды,  сурет-

тілігі жағынан əсерлі. Көркем əдебиеттің, əдеби 

тілдің  ең  бір  күрделі,  іргелі  мəселелері  жайын 

пайымдауда  ойдың  бейнелілігінен  дəлдігі,  дə-

лелділігі  аса  маңызды  екенінде  сөз  жоқ.  Ал 

Əлішер  Науаидың  əдебиет,  тіл  туралы  ойлары 

образды,  сөзі  суретті  болып  келеді.  Сөйте  тұра 

ол өз ойларының өзегіндегі мағынаны барынша 

түсінікті, ұғымды, дəйекті, дəлелді жеткізеді. 

Ақынның  айтуынша,  сөз – асыл  тас.  Асыл 

тас теңіздей тереңде жатады. Ол тереңнің аты – 

жүрек.  Жүрек – ірілі-ұсақты  барлық  ойдың 

мекені. Сүңгуірдің тереңнен теріп алып шыққан 

асыл  тасының  бағасы  күн  астына  шыққанда 

ашылатын  болса,  сөз  асылын  жүректің  тереңі-

нен  ер  данасы  ғана  алып  шығады  жəне  оның 

мəні  мен  əрі  бағасына  қарай  белгілі  болады. 

Асыл тастың бағасы əрқалай: бір дирхемнен жүз 

тұманға дейін. Егер асыл тасты одан дертке дауа 

болар дəрі жасау үшін сатып алатын болса, онда 

оның  мыңнан  бір  мысқалының  бағасы  бір 

дирхем болмақ. Ал сол асыл тасты  патша тəжі-

нің  маңдайына  тақса,  онда  оның  бағасы  бүкіл 

елдің  байлығымен  парапар  болмақ,  байлық  біт-

кеннің бəрімен тең болмақ. Сөз асылына келетін 

болсақ,  оның  құнына  баға  жетпейді.  Өйткені 

оның ізгі нұры жансыз тəнге қасиетті рух сала-

ды,  оның  қара  күші  жайнап  тұрған  өмірді  көк-

тей солдырады [3]. 

Науаидың  сөзінің  мəні,  ойының  сарыны 

түркі  халықтарының  дəстүрлі  дүниетанымын-

дағы құндылықтармен арналас. Қазақ халқының 

тіл туралы даналық сөздерінің байырғы үлгілері 

мен Науаидың тіл туралы ойларының арасында 

көп  айырмашылық  жоқ.  Науаидың  ойларының 

түпнегізінде  түркі  халықтарының,  солардың 

ішінде хазақ халқының рухани даналық сөздері-

нің сарыны бары анық байқалады. 

Ақын тіл өнері жайындағы ойын жалғастыра 

отырып,  сөздің  бірден-бір  қызметі  тиісті мағына-

ны білдіруінде екендігін айрықша атап көрсетеді. 

Сөйлеудің мақсаты да белгілі бір мағынаны  жет-

кізуде  екендігі  туралы  тұжырым  жасайды.  Ал 

белгілі  мағынаны  кемел  жеткізуде  əлем  халық-

тары тілдерінің ішінде араб тілінің орны ерекше 

жоғары  екендігін  ақын  Құран  аяттарының  биік 

мағынасымен түсіндіреді. Автордың трактатын-

да  араб  тілінен  кейін  үш  тіл  аталады:  түркі; 

парсы; хинди. Үш тіл Нұх пайғамбардың үш ба-

ласынан  тараған  үш  халықтың  тілі  екендігі 

байырғы  əдебиеттердің  бірқатарында  баяндал-

ған. Науаи да осы арнада ой таратады. Трактат-

та  тіл  ерекшеліктеріне  қатысты  пікірлер  түркі 

жəне  сарт  халықтарының  болмысы  хақындағы 

байқаулармен  ұласады.  Тілдің  ерекшелігі  сол 

тілде  сөйлеуші  халықтың  табиғатымен  тамыр-

лас  пайымдалады.  Сарттарға  қарағанда,  түркі-

лер  əлдеқайда  пайымды  жəне  өте  ұғымтал,  ізгі 

болса,  түркілерге  қарағанда,  сарттар  білімге, 

ақыл  байытуға  ықыласты,  өздерін  үлкен  жəне 

ғылыми  ойларда  тиянақты  көрсетеді  екен.  Мұ-

ның  мəнісі  түркілердің  шынайы,  ізгі  жəне  адал 

ниетімен,  сарттардың  білімге,  ғылымға,  ақылға 

ықыластылығымен  байланысты  сипатталады. 

Солай  дегенмен  де  тілдің  артықшылығы  мен 

олқылығы əр түрлі екендігі ескеріледі. Сөз сөй-

леуге,  ой  айтуға  келгенде,  түркілер  сарттардан 

асып  түсетіні  трактатта  айқын  көрініс  тапқан. 

Автордың байқауынша, бұл екі ел бірнеше буын 


86                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

ұрпақ  болып  бір-бірімен  араласып  кеткен,  олар 

бір-бірімен  еркін  сөйлеседі  жəне  бірін-бірі 

кедергісіз түсінеді. Түркілердің бəрі – жасы мен 

кəрісі,  бегі  мен  қызметшісі  сарттардың  тілін 

түсінеді, ал олардың кейбіреулері бұл тілде ше-

шен  жəне  жатық  сөйлейді.  Түркі  ақындары 

парсыша  тамаша  өлең  мен  келісті  көркем  сөз 

жазған. Ал сарттардың зиялысы мен ғалымдары 

да,  қарапайым  халқы  мен  надандары  да – еш-

қайсысы да түркіше түсінбейді, түркіше сөйлей 

алмайды.  Тіпті  жүзден  немесе  мыңнан  бір  сарт 

түркі  тілін  үйреніп,  түркі  тілінде  сөйлейтін 

болса,  онда  оның  сарт  екені  кез  келген  түркіге 

белгілі болып тұрады. Науаи екі тілде сөйлейтін 

екі  жұрттың  тіларалық  қарым-қатынасының 

ерекшеліктеріне  тəн  белгілерді  осылай  жүйе-

лейді. Осыдан келіп трактат авторы түркілердің, 

табиғаты  жағынан, сарттарға қарағанда зейінді-

лігінің  басымдығын  анықтайды.  Осы  айтылған 

ойлардың  арнасында  негізделетін  ерекше  бір 

тұжырым  бар.  Ол  тұжырым  сарттардың  түркі 

тілін  үйренуге  олақтығының  себебі  түркі  тілін 

жасаушылардың  сөйлеу  өнерін  ұдайы  жетіл-

діріп  отырғаны,  білімпаз  адамдар  түсіндірмесе, 

түсіну мүмкін болмайтын жекелеген ұғымдарды 

білдіретін жаңа сөздер жасап отырғаны жайын-

да.  Осы  тұжырымына  тиянақ  ретінде  жүз  етіс-

тікті  мысалға  келтіру  автордың  тұжырымының 

дəлелділігін,  негізділігін,  айқындығын  һəм 

түсініктілігін толық қамтамасыз еткен.  

Жүз  етістікке  қатысты  ескеретін  мынадай 

бір жай бар: автор өзінің трактатында тізіп беріп 

отырған  етістік  сөздердің  бір  де  біреуі  сарттар-

дың тілінде  кездеспейді жəне сарттардың тілін-

де  олардың  мағынасын  білдіретін  лайықты  сөз 

жоқ  екен.  Трактат  авторы  түркі  тілінде  мұндай 

сөздердің  молдығын  жəне  оларды  басқа  тілге 

аударудың мүмкін еместігін түркі поэзиясының 

үлгілері  негізінде  жасаған  талдаулары  арқылы 

көрсетеді.  Трактаттың  ой  желісінен  олардың 

мағынасын парсы тілінде берудің де мүмкіндігі 

жоқтығы аңғарылады.  

Автор түркі тіліндегі етістік сөздердің мағы-

налық  жағынан  жақын,  синонимдік  қатарын 

өзара  салыстырып,  олар  беретін  ортақ  мағынаны 

біртіндеп  күшейтудің  жолдарын  таразылайды. 

Оның  мəнісін  автор  пайдаланған  мысалдардан 

аңғаруға болады. 

 

Ул ойки, кула-кула, кироглатти мени, 



Йиглатти мени демайки, сиктатти мени

 [1]. 


 

Та луна, что меня отстранила, смеясь, 

Заставила  меня  не  то  чтобы  плакать, 

а  даже стонать

 [3]. 

 

Берілген мысалдан автордың талдау пəні ре-



тінде таңдап алып отырған сөздері – «йиглатти» 

жəне  «сиктатти».  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  нұсқа-

лары – «жыла-т-ты», «сықта-т-ты» («йиглатти» 

– «жылатты», «сиктатти» – «сықтатты»).  Екі 

етістік  те  кісінің  ішкі  күйінде  болып  жатқан 

процестерді  білдіреді.  Көзбен  көріп,  қолмен 

ұстағандай заттылық, нақтылық жоқ. Екі сөз де 

қазіргі  қазақ  əдеби  тілінің  қорында  бар,  ескір-

меген, мағынасы көмескіленбеген, қолданудағы 

сөздер.  Ақыл-ой  дамуының  бүгінгі  даму  дең-

гейінде  ізденгеннің  өзінде,  басқа  тілге  «жылау-

ды»  аударуға  болғанмен, «сықтауды»  аудару 

оңай  емес,  оның  мағынасын  беретін  сөз  орыс 

тілінде жоғы рас, «стонать» «сықтау» мағынасын 

дəл  бере  алмайды.  Осы  сөздермен  мағыналық 

жағынан  бір  топтағы  «укурмак» («өкірмек») 

сөзінің  мағынасын  айқындау  мақсатында  автор 

мынадай мысал келтіреді: 

 

Ишим тог узра хар ён ашк селобини сурмакдур, 



Фирок  ошубидин  хар  дам  булут  янглиг 

укурмакдур

 [1].


 

 

Мое занятие состоит в том, чтобы, стоя на горе, 

Проливать во все стороны потоки слез

 [3].  


 

 

Алдыңғы  жолы  сарапталған  «йиглатти» – 



«жылатты», «сиктатти» – «сықтатты»  етістік-

теріне енді  «укурмакдур» – «өкірмек» қосылып 

тұр.  Соңғы  сөздің  мағынасының  эмоциялық 

реңі  алдыңғы  сөздердің  мағыналық  реңдерінен 

əлдеқайда  күшті.  Автордың  байқауынша,  бұл 

сөздің  таңғажайып  мағынасын  дəл  бере  алатын 

сөз парсы тілінде мүлде  жоқ екен. Түркіше жа-

санмоқ (жасанбақ), безанмок (безенбек) сөздері-

нің мағыналарын саралай отырып, ақын алдыңғы 

сөзден  кейінгі  сөздің  мағыналық  реңкі  күшті 

екенін,  мұндай  сөздің  өзі  де,  онымен  мəндес, 

мағыналас  сөз  де  сарт  тілінде  жоқтығын  көр-

сетеді.  Түркі  тілінің  əдеби  қорында  бар,  түркі 

поэзиясында кеңінен қолданылып жүрген, бірақ 

сарттардың тілінде, парсыда жоқ мұндай сөздер 

туралы Науаидың сипаттамалары мен пікірлері-

нің  ғылыми  маңызы  зор  екені  анық.  Ақынның 

назар аударатын мəселелерінің енді бірі – түркі 

тіліндегі  əр  сөздің  мағынасының  байлығы,  көп 

мағыналылығы.  Талдаулар  мен  сараптауларға 

қарағанда, түркі поэзиясында бір сөздің əр түрлі 

мағыналарын  түрлі  ахуалға  қатысты  пайдалану 

айрықша стильдік тəсіл болғанға ұқсайды. Түркі 

тілінде  бұл  кеңінен  пайдаланылып,  ақынның 

өлеңінің  көркемдік  кестесін,  бейнелілігін,  əсер-

лілігін  арттыруға  қызмет  ететін  болса,  мұндай 

стильдік тəсіл жасауға парсы тілінің көркемдік-

бейнелеу  мүмкіншілігі  жетпейтін  болып  шы-

ғады.  Автор  осы  ойын  дəлелдеу  үшін  «ат» 

сөзінің түркі өлеңінде түрлі мағынада жəне қара 

өлең  ұйқасының  тəртібімен  ұйқасушы  тармақ-

тардың  соңғы  бунақтарында  қайталанып,  ұйқас 

түзуші қызмет атқаратынына көңіл бөледі. «Ат» 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        87 

 

 

 



сөзі  бірінші  жолы  ат,  есім  мағынасында  қолда-

нылады, екінші жолы мініс көлігі, жүйрік жылқы, 

тұлпар  ат  мағынасында  қолданылады,  үшінші 

жолы  бұйрық  райында  айтылған  етістік  сөз 

беретін  (тас  ат,  оқ  ат)  мағынада  қолданылады. 

«Көк» сөзі  беретін  мағыналар  қатарын  зерделе-

генде  де,  автор  түркі  тілінің  орамдылығына, 

жаңа мағына тудыру, жаңа сөз жасау жолдары-

ның  табиғилығына  үлкен  мəн  береді.  Мысалға 

алынған  осы  сөздердің  үш  не  төрт  түрлі  мағы-

нада  қолданылуы  қазіргі  қазақ  əдеби  тілінде  де 

сақталған жəне еркін, əдеттегідей қабылданады. 

Əлішер Науаи тұсындағы түркі поэзиясында бір 

сөздің  түрлі  мағынада  қолданылып,  өлеңнің 

ұйқасын түзуінде  сөздің де, өлеңнің  де,  ақынның 

ойының  да  көркемдігі  мен  өткірлігін,  əсерлілігін 

арттыратын  ерекше  қуат  болғанға  ұқсайды. 

Трактатта  үш,  төрт,  бес  түрлі  мағынада  қолда-

нылатын  сөздердің  тобына  сипаттама  беріледі. 

Үйректің  түрлеріне  байланысты  атаулар  санын 

автор  жетпіске  жеткізеді.  Үйректің  осы  жетпіс 

түріне  байланысты  түркі  тілінде  қалыптасқан 

осы  жетпіс  сөз  беретін  жетпіс  түрлі  мағына 

парсы тілінде бір-ақ сөзбен аталып, бір-ақ мағы-

намен  сипатталады  екен.  Мұндай  сөздер  түркі 

тілінің өзіне ғана тəн байлығын білдіреді. Жеке 

сөздер  деңгейіндегі  мұндай  мағыналық  байлық 

парсы  тілінде  жоқ.  Түркі  тіліндегі  сөздердің 

осындай мағыналық байлығының шығу төркінін 

автор  тағы  да  тілді  жасаушылардың  айрықша 

табиғатымен  байланыстырады:  олар  таңғажайып 

ойлар мен ұғымдарды білдіру үшін сөздің мағы-

насындағы өте нəзік реңктерді де ескерген.  

Əлішер  Науаи  араб  тілінің  морфологиясын-

да  бір  істі,  бір  қимылды  білдіретін  бір  сөз  іс, 

қимылдың екі иесін қатар білдіретінін көрсетіп, 

парсы,  түркі  тілдерінің  осындай  мүмкіншілік-

терін салыстырып таразылайды. Сонымен қатар 

автор араб тілінде екі қимылды жəне екі қимыл 

иесін  қатар  білдіретін  етістік  түріне  назар  ау-

дарады.  Парсы  тілінің  жүйріктері  сұлу,  сəнді 

сөйлеуге  бар  болғанмен,  бір  не  екі  қимылды 

оның  екі  орындаушысымен  бір  мезгіл  аясында 

бірдей,  қатар  көрсетуге  жоқтығына  көз  жеткі-

зеді.  Пікіріне  мысал  ретінде  мынадай  сөздерді 

келтіреді:  топишмок  –  табыспақ  [тап(б)-ыс-

пақ];  кучушмок – құшыспақ  [құш-ыс-пақ]; 

упушмак – өбіспек [өп(б)-іс-пек]. 

Ақын  түркі  тілінің  шеберлері  қимылды  біл-

діретін сөзге бір əріп қосып, тиісті мағына туды-

рып, көздеген мақсатына оп-оңай жететіні жəне 

араб  тіл  өнерінің  майталмандары  көрсеткен 

шеберлік үлгісін көрсететіні жайында маңызды, 

ғылыми  мəні  терең  пікір  түйеді.  Бұл  пікірін  де 

автор  нақты  мысалдармен  тиянақтап,  бекіте 

түседі: яшерт – жасырт; югурт – жүгірт. Науаи 

зерттеп  отырған  сөзжасам  үлгісі  қазіргі  қазақ 

тілінде  мейлінше  кең  тараған,  өнімді  үлгілер 

қатарына жатады. 

Түркі  тілінің  трактатта  көрініс  тапқан  ерек-

шеліктері қатарында көңіл аударатын тың мəлі-

меттердің  бірі  белгілі  бір  істі  атқаруға  асығу, 

асықтыру  реңкін  білдіретін  сөздердің  жасалу 

тəсілдеріне  байланысты.  Бұл  ретте  мынадай 

сөздердің  тобы  таңдалады:  билакур  (білегөр), 

килакур  (келегөр),  кетакур  (кетегөр),  етекур 

(жетегөр). Қазіргі қазақ тілінде бұл сөздердің де 

қоданылу  аясы  тарылмаған.  Трактатта  көрініс 

тапқан осы секілді тілдік құбылыстардың мəнісі 

жайындағы  ойлардың  түркі  халықтарының 

қазіргі тіл білімі үшін де ғылыми маңызы бары 

анық. 

Трактатта  түркі  тілінде  болған,  бірақ  түркі 



халықтарының  қазіргі  тілінде,  солардың  ішінде 

қазақ  тілінде  қолданылмайтын,  қазақ  тілінде 

сөйлеушілердің  есінде  жоқ  кейбір  сөздердің 

мəні ашылады. Мысалы, түркі тілінде доңыздың 

еркегін «қабан», ұрғашысын «мегежін», ал олар-

дың  тумасын  «чурпа»  дейтіні,  сарттар  болса  

қабанды  да,  мегежінді  де,  чурпаны  да  «хук» 

немесе «гуроз» деп атайтыны туралы мəліметте 

бүгінгі  қазақ  тілі  мамандары  үшін  тың,  бұрын 

белгісіз  болып  келген  жай  бар.  Ол  бірінші  ке-

зекте  «чурпа»  сөзіне  байланысты.  Сонымен 

қатар  үйрекке  қатысты  түркі  тілінде  жетпіс 

түрлі атау бары туралы мəлімет те қазіргі қазақ 

тіл білімі үшін маңызды. 

 Трактат авторы араб, парсы, түркі тілдерін-

де  сөз  түрлендіру  жəне  сөз  тудыру  жолдары 

туралы  тарихи  маңызы  бар  ғылыми  ойлар 

ұсынып, тұжырымдар жасайды. Түркі тілінің сөз 

байлығын  жоғары  бағалай  отырып,  қайбір  сөз-

дердің мағынасы түрлі жағдайларға, сөздің қол-

данылу жолдарына байланысты мейлінше түрлі 

мағына  білдіретініне,  олардың  реңкі  мейлінше 

нəзік  болып  келетініне  көңіл  аударады.  Тіпті 

түркі  тілінің  осы  бір  ғажап  байлығы,  кемел 

ерекшелігі, автордың ескертуіне қарағанда, оған 

дейін ешкімнің назарына ілікпеген еді, анықтал-

маған  еді.  Туған  тілінің  тұнық  тереңіне  бойлай 

алмаған  түркі  жастарының  өз  өлеңдерін  түркі 

тілінде жазуды қиынсынып, парсы тілінде жазу-

ды оңай көруінің бір себебі осыдан болды. Шын-

дығына  келгенде,  автордың  кісі  бойын  ақылға 

билетіп,  ойына  ие  болған  жағдайда,  түркі  сөзі-

нен  керемет  кең  кеңістік  табылатыны,  оның 

алдынан  кең  байтақ  өріс  ашылатыны  туралы 

тұжырымында терең мəн жатты.  

Науаи  түркі  тілінің  кемелдігіне  толып  жат-

қан дəлелдер келтіре отырып, бірнеше əлеумет-

тік  маңызы  зор  ұсыныстар  негіздейді.  Олардың 

бастылары  түркі  халықтарынан  шыққан  дарын 

иелеріне арналады: 



88                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

▪  өздерінің  қабілеттері  мен  таланттарын  өз 

тілінің дамуына жұмсау; 

▪ өзге тілдерде жазбау жəне өзге тілде жазу-

ға талпынбау; 

▪  екі  тілде  де  жазуға  қабілетті  болған  жағ-

дайда өз тілінде көп жазу, өзге тілде аз жазу; 

▪  өзге  тілде  жазуға  деген  ынтасы  соншалық 

күшті болса, екі тілде бірдей жазу... 

Науаидың ұсыныстарының өзектілігі, көкей-

кестілігі бүгінгі күнде де жойылған жоқ. Автор-

дың  көңілін  қатты  алаңдататын  жай – түркі 

халқының  ортасынан  шыққан  талант  иелерінің 

өлеңдерінің  көркемдік  деңгейі.  Осы  орайда 

автор  түркі  ортасынан  шыққан  таланттардың 

арасындағы  мынадай  келеңсіз  үрдістер  барына 

назар аударады: 

▪ сарт тілінде жазу;  

▪ түркі тілінде мүлде жазбау;  

▪ көпшілігінің өз (түркі) тілінде жаза алмауы; 

▪ түркі тілінде жаза қалса, жазған өлеңдерін 

білікті  түркілердің  алдында  оқуға  түркі  тілінде 

өлең жазған сарттар секілді тартыншақтау... 

Автор  жоғарыда  аталған  үрдістердің  себеп-

терін де көрсетеді. Олардың бастылары мынадай: 

▪ олар өз өлеңдерін түркі тілінде оқи бастаса, 

əр сөзінен жүздеген кемшіліктер, əр сөйлемінен 

жүздеген қателіктер шығар еді; 

▪  олар  үшін  өз  (түркі)  тілінде  келісті  өлең 

жазуы өте қиын; 

▪ түркі тілінде жазуға ниет қылғандар аздан 

кейін  қиындыққа  шыдай  алмай,  жеңіл  жол 

іздейді; 

▪ өлең жазуды жаңадан бастаған жастар жаз-

ғандарын  жұрт  алдында  тезірек  оқып,  тезірек 

жарқ етіп көрінгісі келеді; 

▪  өлең  өнеріндегі  белгілі  кісілердің  бəрі 

парсы  тілді  жəне  түркі  тілін  білмейтін  болған 

соң,  жастар  өз  өлеңдерін  түркі  тілінде  жазудан 

тыйылып, парсыша жазуға бет бұрады... 

Түркі тілінің парсы тілінен артықшылығына, 

тазалығы  мен  байлығына  қарамастан,  өлең 

өнерінде кеңінен қолданылмауы, тіпті қараусыз 

қалғандай болуы Науаиды қатты толғандырады. 

Науаи  жасөспірім  кезінде,  өз  ортасында  қа-

лыптасқан  əдетке  байланысты,  парсы  тіліне 

көңіл бөлген. Ақыл тоқтатып, кəмелетке толған-

да, оның табиғатындағы айрықша қасиеттер ке-

мелдене  түседі,  түркі  тілінің  таңғажайып  нəзік 

жəне  күрделі  сырларына  қаныққанда,  алдынан 

он  сегіз  мың  ғаламнан  артық  болмаса,  кем  түс-

пейтін тұтас бір əлем сыры ашылғандай болады. 

Сол  əлемнен  жақұтының  жарқылы  жұлдыздар-

дың  жарығынан  да  өткір  бай  қазына  табады, 

гүлінің  ажары  аспан  жарықтарынан  да  ашық 

гүлбақшаға  кез  болады.  Бірақ  бұл  қазына  мен 

гүлбақшаның  ажары  мен  көркіне  көз  жеткіз-

генмен, қол  жеткізу  қиын  еді. Түркі тілінің бай 

қазынасынан,  сан  түспен  құлпырып  жайнаған 

гүлбақшасынан ақын қалағанын табады. Ол  кө-

зіне түсіп, көңіліне көшкен осы қазына-байлық-

тың  игілігін  елге  көрсетеді.  Осы  игіліктердің 

қатарында  ақынның  қаламынан  «Балалық  ба-

зары» («Гаройбус-сигар»), «Жастық  жарқылы» 

(«Наводируш-шабоб»), «Жігіттік  жемістері» 

(«Бадоеул-васат»), «Қарттық ғибраттары» («Фа-

воидул-кибар»)  секілді  жыр  жинақтары  туады. 

Төрт  жинақ  ақынның  атын  шығарды,  түркі 

поэзиясының  жарығы  мен  жарқылының  салта-

натын    əлемге  танытты.  Осыдан  кейін  ақын, 

«Екі  тілдің  сыны»  трактатында  көрсеткеніндей, 

Низами  мен  Дехлевидің  хамсаларына  жауап 

ретінде  өз  «Хамсасын»  жазуға  ниет  етеді.  Бұл 

белгілі  бір  тақырыпта,  белгілі  сюжеттер  мен 

образдар  негізінде  ақындық  өнер  жарыстыру-

дың  дəстүрлі  үлгісі  еді. «Хамсаның»  бірінші 

дастанының («Хайратул-аброр»)  жазылуына 

Низамидің  шығармашылығы («Махзанул-асрор») 

əсер  етеді,  екінші  дастанының  жазылуына 

(«Фарход  ва  Ширин»)  Мир-Хұсырау  Дехлеви-

дің өнегесі («Ширин ва Хосров») түрткі болады, 

үшінші  дастанының («Лайли  ва  Мажнун») 

жазылуында да осы авторлардың көркемдік кес-

телерінің өрнегі өнеге береді, төртінші дастанды 

(«Сабъаи-Сайёра»)  жазарда  автордың  көзі 

Ашрафтың  «Жеті  кереметіне»  түседі,  бесінші  

дастанды («Садд-и Искандари») жазарда Жəми-

дің «Даналық кітабынан» («Хираднома») қолдау 

табады. «Хамса»  құрамындағы  əр  дастанның 

жазылуы  белгілі  бір  автордың  белгілі  бір 

шығармасының  айрықша  қасиетінің  əсерімен 

байланыстырғанмен,  ақын  Низами  мен  Дехлеви 

көрсеткен бағыттан жаңылмайды. Жас кезінде өзі 

қатты  сүйсініп,  қызығып  оқыған  Ф.  Аттардың 

«Құстар  тілі»  кітабынан  алған  əсерінің  ізімен 

«Құстар  тілі»  деген  кітабын  аяқтайды.  Автор 

Низами,  Дехлеви,  Ашраф,  Аттар,  Сағди,  Жəми, 

Хафиз секілді алуан-алуан жүйріктердің шығар-

маларында  көрініс  тапқан  сюжеттер  мен  образ-

дарды, сарындарды жетілдіріп, дамытып, жаңаша 

пайымдап,  нəтижесінде  мазмұн  жағынан  да, 

пішін жағынан да теңдесі жоқ ғажап поэзиялық 

туындыларды  дүниеге  алып  келді.  Н.И.  Конрад 

Науаидың 

шығармашылық 

өнерінің 

осы 

ерекшелігі  негізінде  мынадай  пікір  білдірді: 



«Біреудің  шығармасын  өзге  тілде  жазып  шығу 

ол кездерде шығармашылық, тіпті еркін шығар-

машылықтың  үлгісі  еді» [9, 344]. Бұл  пікірдің 

дұрыс  жағы  бары  рас.  Сонымен  бірге  мынаны 

ескеруге  тура  келеді:  Науаидың  басқалардың 

шығармаларын өз тілінде жырлағаны жайындағы 

пікірге  абай  болған  дұрыс.  Шындығында, 

Науаидың 

«Хамсасында» 

көрініс 


тапқан 

образдарды,  сюжет  желілерін,  оқиғалар  тобын 

белгілі  бір  авторға  телудің  реті  жоқ.  Өйткені 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                        89

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет