А. Б. Ахметова аударма теориясы мен тәжірибесінің негіздері



Pdf көрінісі
бет23/75
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#19709
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
Байланысты:
аударма

Семантикалық  аударма  -  негізгі  мәтіннің  аудару  тілінің  бірліктерінде 

контекстуальдік  мағынада  толығырақ  жеткізуін  де  болады.  Семантикалық 

аударма  процессі  екі  стратегияның    негізінен  бір-біріне  әсер  етуден  тұрады, 

біріншіден:  екіншіден,  аударылатын  тілде  қолданылатын,  айту  түріне 

бағытталған  стратегия,  айтылатын  сөздің  негізгі  формасының  ерекшеліктерін 

сақтауға  негізделген  бағыт.  Бірінші  стратегия  -  стандартты  емес,  авторлық 

баламаларды,  түп  нұсқалық    стилистикалық  тәсілдерді,  ерекше  лексиканы 

аударғанда орынды болады – осындай жағдайда семантикалық аударма жиірек 

негізгі  таңбаның  ерекшеліктеріне  бағытталады  және  аудармада  оның 

ерекшеліктері  дәлме-дәл  аударылмағанға  дейін  көбіректеу  болады.  Екінші 

стратегия  жалпы  пайдаланылатын  негізгі  мәтіннің  лексика-грамматикалық 

элементтеріне 

қолданылады, 

мәселен, 

синтаксикалық 

стандарттық 

құрылымдар,  пунктуация,  сөйлем  көлемі,  типтік  метафоралар,  жалғаулықтар, 

синтаксистік  баламалар,  морфологиялық  құрылымдар,  кең  тараған  жалпы 

мәдени мен ғылыми-көпшілік терминдері мен сөйлемдер. 

Семантикалық  аударма,  тәртібі,  жоғары  әлеуметтік-мәдени  дәрежесі  бар 

мәтіндерге  қолданылады:  тарихи  маңызды  құжаттар,  көркем  әдеби 

шығармалар,  эпостың  ерекше  үлгілері.  Түпнұсқаның  шағын  тілдік 

детальдарына  бұл  түрде  назар  аударылатындай  аударылатын  мәтіннің 

«оқылатындығы»  елестетуімен  жиірек  түседі.  Мұндай  аударма  түрі,  ең 

алдымен,  академиялық  арнайы  мамандарға  арналған  басылымдарды,  немесе 

аутентикалық  аударма деп аталатын бір данада болатын құжаттарды аударуда 

қолданылады, яғни түпнұсқаға сәйкестігі ресми түрде қабылданған, немесе екі 

(немесе  одан  да  көп)  тілде  баламалар  түрінде  қатарлас  қалыптасқан  аударма 




 

20 


мәтіні.  Семантикалық  аударма  техникалық  нұсқаулықтар,  көптеген  ғылыми 

басылымдар мен, әрине, заң құжаттары сияқты мәтіндерді беруде керекті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет