Калькалау ережелері
1. Аударма мәтінінің негізгі ұғымдық бірліктерін жасауға талап
қойылып, түпнұсқа бірліктердің қолданыс пен элемент түрлерін сақтауға
бағытталғанда, калькалау тәсілі қолданылады.
2. Калькалау георафиялық тарихи-мәдени оқиғалар мен орындарды,
дәреже мен атақтарды, оқу орындарын, мемекеттік мекемелер, мұражайлар,
терминдер атауларын беруге қолданылады және т.б.
3. Кейбір кездерде калькалау транскрипция мен лексика-семантикалық
қалпын бірігіп қалыптастыруда қолданылады.
4. Кей жағдайяттарда калькалау негізгі бірліктердің ашылу/жабылу
процестер мен, екі тілдің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты, қатарлас
қолданылады.
Бейнелеу(экспликация)
аудармасы
–
лексика-грамматикалық
трансформация, оның негізінде НТ (негізгі тілдің) лексикалық бірлігі, оның
мағынасын бейнелейтін сөз тіркесімен ауыстырылады, яғни аударылатын
тілдегі (АТ) бұған толық, не толық емес түсініктеме беретін лексика-
грамматикалық трансформация (ауысым) – бейнелеуіш аударма (экспликация)
деп аталады.
Аударма ісіндегі жинақталған сөз тәсілдері белгілеген жағдаятты толық
қанағаттандыра алмағанда, аудармашылар бейнелеу аударма түрін қолданады.
Негізінен, бейнелеу аударма түрі транскрипциямен қатарлас терминдер,
мәдени оралдарын, ерекше объектілерді, сонымен қатар тағы басқа
мәліметтерді аударғанда, қолданылады. Сонымен, орыс тілінен ағылшын тіліне
орыс халқының қолөнеріне арналған, осыған қоса, оларды жөндеу , реттеу
жайлы мәтіндерді жөндеу негізінде сондай тарихи-мәдени ісінің жоқтылығын
аңғарамыз, сондықтан осыған байланысты көптеген ұғымдар орын алмайды.
Мысалы, диалектілік шығуы бар «кружало» термині ағылшын тіліне
осындай тәсілмен жеткізіледі: «kruzhalo» (ring-shaped base of the cupola of the
wooden church). Келтірілген жақшадағы бейнелеу. Мәтіннің міндетті жағы
болып, әрі қарай, жекеше күйінде ring-shaped base of the cupola атауы болып
қолданыла алады.
Мәтінге аңықтама мен ескертпелер болған жағдайда бейнелеу аудармасы
қолданылады.
Мысалдар ретінде: conservationist – қоршаған ауаны қорғауын қалайтын
whistle - stop speech – сайлау кезіндегі үгіттік жолсанардағы кандидаттың
баяндама жасауы.
Бейнелеу аударманың кемшілігі оның көпсөздігінде жатыр. Сондықтан
бұл тәсілдің ұтымды қолданылуы қысқаша салыстырмалы түсініктеме бермей-
ақ болатын жағдайда бұл тәсіл ұтымды қолданылады.
|