А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет30/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Заттың массасын сенсорлық негізде қабылдау ерекшелік-теріне сипаттама беру.

  2. Практикалық жұмыс: Заттың массасын өлшеу.

  3. Заттың массасын өлшеу әдістері. Реферат

  4. Түрлі күйдегі заттардың массасын анықтау. Пікір-талас.

БАЛАЛАРДА ЗАТТЫҢ ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қоршаған ортадағы заттардың ең негізгі қасиеттерінің бірі – оның формасы болып табылады. Заттардың формасы геометрия-лық фигуралар арқылы өзінің жалпыланған бейнесін тапты.


Мектепалды даярлық кезеңінде геометриялық және матема-тикалық ұғымдарын қалыптастырудағы ең қызғылықты бағытта-рының бірінен саналады. Мектепалды даярлық кезеңінде оның мазмұны өте шектеулі, өйткені «үшбұрыш» және «төртбұрыш» ұғымдарын бала І сыныпта ал «квадрат», «тік төртбұрыш» ұғым-дарын жан–жақты ІІ сыныпта ғана үйренеді. Атақты итальян пе-дагог М.Монтессори балаларға жаңаны үйрету әдістемесінде ең басты екі нәрсеге көңіл бөлу керек нақтылық әрі қарапайымдылық деген болатын.
Педагог баланың алдына екі тік бұрышты қойып, баланың оны қолдарымен ұстап көріп, танысуларына жағдай жасайды, әрі айтып түсіндіреді. Осылайша үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен та-ныстырып баланың көзін үйрете бастайды. Үйрету барысында осы фигуралардың ағаштан істелген түрін пайдаланған дұрыс.
Балаға алдымен үшбұрышты көрсетіп оның атын ататып, қолына ұстатып көрсету қажет. Әрбір жаңа фигурамен таныстыр-ғанда бұрыннан балаға таныс фигураны алып тастауға болмайды. Олардың қатар жатқаны дұрыс, әрі бала олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қоса қабылдайды. Дөңгелектің ең басты ерекшелігі ол сырғанайды, домалайды, оның бұрыштары мен қырлары жоқ екендігін түсіндіру керек, ал шаршы пен үшбұрыш домалай алмайды, өйткені оларға бұрыштары кедергі келтіреді.
Келесі кезеңде бала педагог атын айтқан фигураны алып бе-руі қажет. «Маған шаршыны бер, енді маған үшбұрышты бер». Осы тапсырмалар арқылы, бала пассивті түрдегі терминдерді ғана меңгереді. Тәжірибе көрсеткендей, шамалы жаттықтырудан соң, балалар өте ұқсас көп фигуралардың ішінен өзіне аталған фигураны бірден табатыны анықталған.
Ал, үшінші кезеңде бала көрсетілуі бойынша фигураның атын өзі атай білуі қажет.
Бұл жағдайда «үшбұрыш», «төртбұрыш», «шаршы» сөздері баланың белсенді сөздік қорына ене бастайды. Егер құр көру қа-былдауымен шектелмей, балада сипап сезу дағдылары да қалып-тасса, баланың фигураларды меңгеруі де тиянақты болары сөзсіз. Ол үшін баланың көзін таңып, фигураларды іздетуге болады, не оның қолдарының үстін орамалмен жауып қойып, фигураларды іздетуге болады. Орамалдың астынан қолымен сипалап, бір гео-метриялық фигураны тауып, бала оның қалай аталатыны туралы айтады.
Осыдан кейін геометриялық фигураларда басты белгі болып саналатын тапсырмалар беріледі.
Бастапқы кезеңде балаларға 30-40 геометриялық фигуралар беріліп, үйшік жасау ұсынылады, яғни бір үйді тек қана – шаршы-лардан, екінші үйді – үшбұрыштардан, үшінші үйді – дөңгелек-терден жасау ұсынылады. Бұл жағдайда назар аударылатын тұс – бұл жалпы үйдің сыртқы формасы. Бұдан гөрі күрделірек тапсыр-мада үйді екі түрлі геометриялық фигурадан құру ұсынылады. Мынадай тапсырмада ұсынуға болады. І қатарда – шаршы, дөң-гелек және үшбұрыш; ІІ – қатарда үшбұрыш, шаршы және дөңгелек; ІІІ қатарда – дөңгелек және шаршы. Үшінші қатарда қандай фигура жетіспейтінін табу керек. Осы тапсырманы түстерді қатыстыра отырып, күрделендіруге болады.
Геометриялық фигуралар эталон болып табылады, бұларды пайдаланып нәрсенің формасын анықтайды. Форма да өлшем сияқты, бір нәрсені кеңістіктегі екінші нәрседен бөліп шектеп тұрады. Нәрселердің формасы туралы геометриялық фигураларда жалпыланған бейнеге ие болады. Мектеп жасына дейінгі балалар нәрсенің формасын қандай жолмен игереді және де геометриялық фигураны қабылдау оларда қалайша жүзеге асады. Форма жайын-дағы түсінікті дамыту ісі сенсорлық тәрбие проблемаларының бірі болып табылады. Нәрсенің формасы жайлы нәрселер мен айнала кеңістіктің арасын бөлетін шекара ретіндегі ұғым балаларда өте ерте бөлінеді. Тәжірибеге қарағанда өзі сүт ішетін бөтелкені фор-масына қарай біледі екен. Сол өте ерте кезден-ақ балалар өздеріне таныс нәрселерді, олардың кеңістікте қалай тұрғанына қарамастан, тани біледі.
Нәрселердің формасын тани білуде геометриялық фигура-ның атқарар ролі едәуір, ол фигуралармен өмірде кездесіп жүрген нәрселер салыстырылады. Сондықтан балаларды негізгі геомет-риялық фигуралармен таныстыру, оларды айыра білуді үйрету, өлшемдерінің шамасына байланыссыз атай білуді үйрету аса маңызды. Зерттеулерге қарағанда бастапқы кезде 3-4 ж. балалар геометриялық фигураларды кәдуілгі ойыншық деп және жақсы таныс тұрмыстық нәрселерге ұқсатып қабылдайды. Мысалы дөң-гелекті – доп, цилиндрді – стақан т.б.
Геометриялық фигуралар жайындағы жеңіл – желпі ұғым алты – жеті жасар балалар үшін ғана әбден түсінікті бола алады. Ұғымды анықтау деген – сәйкес объектілер класын дәл бөліп көр-сете білу және олардың елеулі белгілерін атау болмақ. Аталмыш объект жатқызылатын текті көрсете отырып, ұғымды анықтауды және де сырт көрінісін айыруды ересек топтың балалары оқыту барысында біртіндеп меңгереді. Сонымен бірге алты – жеті жасар балалар геометриялық фигуралардың қарапайым қасиеттерін, сондай–ақ геометриялық фигуралардың қарапайым қасиеттерін, сондай–ақ геометриялық фигуралардың кейбір түрлерінің арасын-дағы қатынастарын да түсіне алатын болады. Геометрияда бір ұғым екіншісі, анағұрлым көлемділеуі арқылы анықталатын жағ-дай жиі кездеседі, мысалы: «шаршы дегеніміз» – тік төртбұрыш-тың дербес жағдайы. Алайда тік төртбұрыштың қай–қайсысы да шаршы бола бермейді, өйткені шаршының барлық қабырғалары тең, ал тік төртбұрышта тек қарама–қарсы қабырғалар ғана тең болады.
Балаларды алуан түрлі геометриялық фигурамен таныстыра отырып, олардың қарапайым қасиеттерін біртіндеп назар аудару қажет (олар: фигураның төбелерінің, бұрыштарының, қабырғала-рының теңдігі және теңсіздігі, олардың орналасуы) сондай–ақ балаларды геометриялық фигураларды белгілеріне қарай топтас-тыра білуге үйрету.
Алты жастағы балалар дөңгелекті шаршыны, үшбұрышты тек жақсы айыра біліп қоймай, оларды атайды да және бұл жазық фигуралардың өлшемдерін алуан түрлі және түстері де әр түрлі болуы мүмкін екенін біледі. Шар көлемді денелерді шарды, кубты, цилиндрді біледі.
Көлемді бес денені білу (кубты цилиндрді шарды, конусты ) балалардың айналадағы заттардың формасына машина, троллей-бусқа т.б. деген зор ынтасын айтады, оларды балалар өзгеше қабылдай бастайды.
Осылайша, көлемді геометриялық фигуралармен танысу балалардың танымдық белсенділігін арттырып, айналадағы өмір жөніндегі олардың түсінігін байыта түседі, мұның өзі балалар іс–әрекетінің (олардың сурет салуы, жабыстыруы, құрастыруы, бақылаулары туралы әңгімелері) жемісті болуына себепші болады.
Ересек балалар тобындағы балалардың өздеріне таныс фигураларды әр түрлі белгілері бойынша қарапайым түрде жинақ-тауына да болады. Мысалы, өлшемдері әр түрлі және әр түсті өздеріне таныс жазық фигураларды тектестік белгілеріне қарай топтау (дөңгелектер, сопақша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет