А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Екінші дҥниежҥзілік соғыс қарсаңындағы Алжир



Pdf көрінісі
бет100/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Екінші дҥниежҥзілік соғыс қарсаңындағы Алжир
1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 
Алжир экономикасына ауыр соққы болып тиді, фосфор мен 
темір ӛндіру азайып, ауылшаруашылық жұмысшыларының та-
бысы тӛмендеп, жұмыссыздар саны күрт ӛсті. Тӛртжылдық 
қуаңшылықтан кейін малдың 80% қырылып, нәтижесінде мал-
шы-шаруалар толығымен ойсырап қалды. Ал халықтың тағы бір 
бӛлігі күн кӛріс жағдайымен Францияға қоныс аударды. Капи-
талистік қатынаста дамып келе жатқан ауылдық жерлерде шар-
уалардың кӛп бӛлігі жерлерінен айырылды. 1930 жылдың ӛзінде 
жер иеліктері бар алжирліктер саны 600 мың, ал жалгерлер саны 
713 мың адамға жетті. 
Ӛңделмелі жер мен шикізаттың қысқаруы, жаппай жұ-
мыссыздық пен аштық жергілікті халықтың жағдайын тым на-
шарлатып жіберді. Әлеуметтік және саяси қиыншылықтардың 
шиеленісуінен елде жұмысшы мен шаруалар ереуілініңорын 
алуына алып келді. Осы кезде Алжир коммунистік партиясының 


165 
қызметі белсенді жүрді. Алайда, әртүрлі типтегі фашистік топ-
тар шыға бастады, герман-итальяндық арнайы қызметкерлердің 
қолдауына сүйенеміз деп жоспарлады.
Елде ең күшті беделге ие болған Алжирлік улем-рефор-
маторлар ассоциациясы болды, оның мүшелері 1931 жылы құ-
рылып, арабтілді әдебиетшілер және діни қызметкерлерді бірік-
тіріп ұлттық мәдениетті дамытады. Олар: «Менің отаным-
Алжир, менің дінім-ислам, менің тілім-араб тілі» деген ұран кӛ-
терді. 1936 жылы Францияда билік басына Халық Майдан үкі-
меті келген кезде алжирліктерге бірқатар демократиялық бос-
тандықтар берілді (саяси ұйымдар мен кәсіподақтар құру, ақылы 
демалыс, 40 сағаттық жұмыс аптасы т.б.). Алайда, оңшыл пар-
тиядағы кертартпа сенаторлар мен депутаттар және еуропалық 
отаршылдар елдің дамуына мүмкіндік бермеді. 
Л.Блюм
кабине-
тінің қабілетсіздігі ұлт мүддесін қорғаушылар талабын қанағат-
тандыра алған жоқ, нәтижесінде 1938 жылы Мұсылмандар конг-
ресі ыдырап кетті. Елде ұсақ қала буржуазиясы, студенттер жә-
не жұмысшылардан «Алжир халқының одағы» партиясы құры-
лып, оларда отаршылдыққа қарсы саясат жүргізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет