166
мен Италияға Алжирден фосфор, қара және түсті металл, азық-
түлік тасымалдау нәтижесінде 1942 жылы елдегі тауар құны
2 еседен жоғары ӛсіп кетті.
Ел кедейлік күй кешіп жатса да фашистерге қарсы
генерал
Ш. де Голльдің
Қарсыластық қозғалысына да кӛмек кӛрсетуін
тоқтатқан жоқ. Фашистерге қарсы қозғалыс ауқымы кеңейе бас-
таған 1943 жылы маусымда генерал де Голль Француз ұлт-азат-
тық комитетін құрады, ал 1944 жылы ол "Францияның уақытша
үкіметі" деп аталып, Алжирден Францияға ауысады.
1940-1944 жж. метрополияның әлсіздігін пайдаланып
Мұхаммед Бен Жаллул және Фархат Аббас француз әкімшілі-
гіне 1942 жылы «Мұсылман ӛкілдерінің ұсынысын», 1943 жылы
ақпанда «Алжир халқының манифесін», 1943
жылы мамырда
«Реформа жобасын» жібереді. Онда түрме және концлагерлер-
дегі саяси тұтқындарды босату, азаматтық және саяси бостан-
дық кепілдігін автономды алжирлік
мемлекеттің конституция-
сын бекіту үшін болашақта Құрылтай жиналысқа сайлау ӛткізу
туралы айтылды. Бірақ француз ұлт-азаттық комитеті бұл талап-
тарды орындаудан бас тартады. «Алжир халқының манифесін-
дегі» қағидаларын ӛзгертпеген отансүйгіш ұлттық буржуазия
Фархат Аббастың бастамасымен 1944 жылы наурызда «Мани-
фестің достары және бостандық» ассоциациясын құрады. Оның
құрамына айдаудан келген
Башир әл-Ибрахим
, Алжир халық
партиясы, ұсақ қала буржуазиясы, студенттер, қолӛнершілер,
интеллигенция және жұмысшылар кіреді.
Ассоциация шеңбе-
рінде жасырын түрде араб және француз тілдерінде газеттер мен
үндеухаттар шығара бастайды, онда қоғамдық және мәдени бір-
лік туралы жазылып отырды.
1945 жылы 8 мамыр күні Сетиф және Гельм қалаларында
алжирліктер бейбіт түрде ереуілге шығады, бірақ отаршылдар
оларға оқ жаудырып, нәтижесінде бұл оқиға екінші дүниежүзі-
лік соғыстың аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келді. Бұл бүкіл ай-
маққа тарап, отарлық үкімет армия бӛлімшелерін, әуе,
теңіз
күштерін қайта құрып 1945 жылы 16-17 мамыр күні кӛтерілісші-
лерді жаппай қырып-жойып, 40 мың алжирліктер қаза болады.
«Манифест достары мен бостандық» ассоциациясының қызметі
167
тоқтатылды. Бұл мамыр оқиғасы алжирлік белсенділерге тек
ауыр жеңіліс қана емес, алдағы ұлт-азаттық саяси күрес үшін
маңызды сабақ болды.
Достарыңызбен бөлісу: