А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет99/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
1919 ж. Египеттегі кӛтерілістің мақсаты не болды, қо-
рытындысы? 
2.
Біріккен Араб Республикасы не үшін құрылды? 
3.
Гамель Абдел Насер қандай саясат жүргізді? 
4.
Суец каналын «Ұлтандыру» қалай жүргізілгенін анық-
таңыз. 
5.
Анвар Садаттың жаңа бағыты қай мемлекетке негіз-
делді? 


163 
6.
Кеңес Одағы мен Египет Араб Республикасының «Ұзақ 
мерзімді достық-ынтымақтастық шартына» қол қойылуы? 
7.
Хосни Мубарак қандай саясат жүргізді? 
8.
Х.Мубарактың саясатына қарсы саяси дағдарыс не 
үшін басталды? 
§ 18. Алжир 
 
Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі Алжир. 
ХХ ға-
сырдың басында да Алжир Францияның ең маңызды және ең 
үлкен отары болып қала берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жыл-
дары Алжир Францияға азық-түлік және тағы басқа керек жа-
рақтармен кӛмек кӛрсетіп отырды. Ал соғыстан кейін ұлт-азат-
тық қозғалысының белсенділігі салдарынан 1918 жылы 260 мың 
алжирлықтар отандарына оралды. Елде отарлық билік саясатына 
қарсы революциялық идеялар пайда бола бастады. Бұған 1918-
1920 жылдары Түркия, Египет, Сирия, Ирак және басқа араб ел-
дерінде болған отаршылдыққа қарсы күшті саяси оқиғалар да 
әсер етті. Отаршылдардың елден азық-түлік пен шикізатты ӛз 
елдеріне қарай тонаушылықпен тасымалдауы халықтың наразы-
лығын одан әрі күшейте түсті. Осындай жағдайларға байланыс-
ты француз үкіметі 1919 жылы арнайы декрет қабылдауға уәде 
берді. Сол үшін алжирлік жериеленушілер, кӛпестер, интелли-
генция ӛкілдері, шенеуніктер, сонымен бірге бұрынғы әскери 
қызметкерлер бұл декрет арқылы ӛзін-ӛзі басқару ұйымына сай-
лау құқығына ие болмыз деп үміттенді. Бірақ олар тең құқылы 
бола алған жоқ, арабтар - тәуелді, ал Алжирде ӛмір сүріп жатқан 
француздар - Францияның азаматтары болып қала берді. Сонда 
да жергілікті халықтың құқығын шектейтін «жергілікті кодекс» 
нәсілдік дискриминацияға алып келді. Ол әсіресе жұмыспен 
қамту кезінде ерекше байқалып отырды. 
Нәтижесінде 1919 жылғы декрет алжирліктерге ешқандай 
ӛзгеріс алып келген жоқ. Ӛз құқықтарын бейбіт жолмен қолға 
аламыз деп отырған алжирлік буржуазия да бұған қанағаттана 
қойған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары француз ар-
миясында офицер болып, ал 1920 жылы «Ерлік» («Икдам») газе-


164 
тін шығарып «Жас алжирліктер» партиясын құрған Әмір Халид 
елге оралды. Ол Алжирдің ұлттық батыры 
Абд әл-Кадирдің
не-
мересі болатын. Партия алжирліктерден француздармен бірдей 
тең құқығын, нәсілшілдікті жою, Алжирдің жергілікті халқын 
Франция парламентіне ұсыну, баспа мен саяси ұйымдар бостан-
дығы туралы талаптар қойды. 
1920 жылы Француз коммунистік партиясында алжирлік 
федерация құрылды. Бастапқы кезде олардың Алжир халқымен 
нақты байланыс бола қойған жоқ, тек 1920-шы жылдардың со-
ңына қарай федерация арабтарды ӛз жақтарына тарта бастады. 
1926 жылы наурызда Франция коммунистік партиясының қол-
дауымен «Солтүстік африкалық жұлдыз» деп аталатын алжирлік 
жұмысшылардың ұлттық-революциялық ассоциациясы құры-
лып, тӛрағасы 
Әмір Халид
болды. Олардың мақсаты солтүстік 
африкалық мұсылмандардың материалдық, рухани және әлеу-
меттік мүддесін қорғау болатын. Алжирдің тәуелсіздігі үшін жұ-
мыс жүргізген бұл «жұлдыздың» қызметін 1929 жылы тоқтатып 
тастайды, алайда олар кейінгі жылдарда да жасырын түрде жұ-
мыстарын жалғасытыруды тоқтатқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет