161
ралды социалистік партия (ЛСП), Ұлттық дамушы партиясы
(ҰДП) және Араб социалистік партиясы (АСП).
ЛСП ұлттық
буржуазия мүддесін қорғап, жеке меншік секторды дамыту
үшін, ал ҰД партиясы Насер бағытын жалғастыру үшін күресті.
АСП үкіметтік партия болды, ол кӛпшілік қолдауына ие болып,
1976 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жетті.
Мұндай кӛп партиялы жүйе құру немқұрайлы түрде еді,
елде оппозицияны шектейміз деп жүріп, әртүрлі саяси ұйымдар
пайда болды (Жаңа Вафд, Ұлттық майдан т.б.). 1980 жылы кӛк-
темде «Египеттің отан сүйгіштер майданы» ұйымы құрылып
оның құрамына кӛптеген оппозициялық топтар кірді. Ал
1981 жылдың екінші жартысында белгілі болғандай жағдай ты-
ғырыққа тірелді. 1981 жылы қыркүйекте Садат ӛзінің
барлық
саяси қарсыластарына қуғын-сүргін науқанын жүргізе бастады.
ҰДП мүшелері, коммунистер және белсенді мұсылман қоғам-
дары қайраткерлерінің кӛпшілігі тұтқындалды,
діни басылым-
дарды шығаруға тыйым салынып, кӛптеген мешіттерге бақылау
қойылды. Бұл елдегі шиеленісті одан әрі тереңдете түсіп, нәти-
жесінде 1981 қазанда болған әскери шеру кезінде А.Садат мұ-
сылман батыл шараларды қолдаушылардың қолынан қаза
болды.
Достарыңызбен бөлісу: