А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


ХХ ғасырдын соңы ХХІ ғасырдың басындағы Египет



Pdf көрінісі
бет98/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

ХХ ғасырдын соңы ХХІ ғасырдың басындағы Египет. 
Х.Мубарак.
Египет Араб Республикасындағы президентік 
орынға вице-президент 
Хосни Мубарак 
келіп, ол Садат бағытын 
одан әрі жалғастырушыға айналды. Мубарак елдегі саяси партия 
және ұйымдармен ортақ тіл табысуға талпыныс жасады, бірақ 
одан ештеңе шықпады. Дегенмен, елде сайлау жүріп, Ұлттық-
демократиялық партия және Жаңа Вафд партиялары біршама 
дауысқа ие болды.
1987 жылы араб елдерімен қарым-қатынас жақсарып, 
Египет Араб мемлекеттерінің лигасына қайта мүше болып кірді. 
КСРО-мен жағдай жақсарып, батыстық елдердің қолдауына ие 
болды, бірінші кезекте АҚШ.
1990-шы жылдары экономикалық, әлеуметтік реформалар 
жүргізілді, нарықтық қатынасты, ӛнеркәсіп, ауылшаруашылық 
және инфрақұрылымды тез дамыту қолға алынды. 1998 жылы 


162 
Египеттің ұлттық кірісі 253 млрд. египеттік фундты құрады
(70 млрд. долл.), ал оның 70% жеке меншік секторға тиесілі 
болды. Ауыл шаруашылық кірісі-17%, ӛнеркәсіп-25%, сонымен 
бірге ауылшаруашылығы кӛбіне азық-түлік шығарып отырды. 
Тауар айналымы 18,5 млрд. долл, соның ішінде экспорт-3 млрд. 
долл., импорт-15,5 млрд. долл. жетті.
Мубарак ӛз кезінде Садаттың қателіктерін қайталамауға 
тырысты. Ол Садаттың туыстары мен министрлерін парақорлар 
деп айыптап, үкіметтен қудалай бастады, ал түрмедегі оппо-
зиция ӛкілдерін босатып, тыйым салынған газеттерді қайта шы-
ғаруға рұқсат берді. 2000 жылдың соңына дейін Х.Мубарак Сая-
си бюро және хатшылықтағы ӛз партиясы мүшелерінің құрамын 
ешқашан ӛзгерткен емес. Осындай саяси тоқырауда тек ислам-
шылдар ғана белсенді саясат жүргізді. Олардың ішінде «Мұсыл-
ман ағайындар» дегенмен парламентте ӛз депутаттары, ӛз банк-
тері, ӛз газеттері және т.б. бар олар бұрынғыға қарағанда бірша-
ма тыныштала бастады. Кейбір исламшылдар бейбіт ӛмірде де 
ымырағы келе қойған жоқ, олар лаңкестікті жалғасыра берді, 
тіпті Мубарактың ӛзіне де қастандық жасау ұйымдастырылды.
2011 жылы қаңтар айында Египетте үкіметке қарсы үлкен 
ереуілдер етек алды. Каир және Александрия және басқа ірі қа-
лаларда болды. Үкімет саясатына наразы болған халық 
Х.Мубарактың
бастапқы кезде отставкаға кетуін талап еткен бо-
латын, ал кейін бүлікшілер оны жақтастарымен бірге тұтқын-
дауды талап етуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет