А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басындағы Алжир



Pdf көрінісі
бет104/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басындағы Алжир.
Ұлт-азаттық майдан партиясы біртіндеп мемлекеттік ұйымдар 
мен қоғамдық бірлестіктерге ӛз бақылауын күшейте түсті. Ең 
маңызды орындардың барлығын партия мүшелері иемденді. Ал 
1979-1981 жж. мұнайға әлемдік бағаның түсіп кетуі елде «қара 
алтын» ӛндірісінің қысқарып кетуіне алып келді. Мұның барлы-
ғы Бумедьен кезіндегі гүлденген экономикаға соққы болып тиді. 
1985-1988 жж. мұнай мен газдың экспорттан түсетін табысы
3,5 есеге қысқарып кетті. Мемлекеттік секторда қызмет істейтін-
дерді жаппай жұмыстан шығару әлеуметтік шиеленіске алып 
келді. 1988 жылы 4 қазанда астанада болған жастардың бейбіт 
ереуіліне еңбекшілер, студенттер, жұмыссыздар қосылып, оның 
арты дүкендерді тонау, сот және әкім ғимараттарына шабуыл 
жасаумен жалғасты. Ал 6-8 қазанда мұндай оқиғалар Аннаб жә-
не Оран және т.б. қалаларында жалғасып, оларға қарсы үкімет 
әскери бӛлімшелер мен танк жіберіліп, нәтижесінде жүздеген 
адам қаза болып, 10 мыңдай адам қамауға алынды.
Қазан оқиғасы жоғарыдағылардың бағытын ӛзгертіп, ли-
бералдану үрдісін тездетті. 27-28 қарашада болған Ұлт-азаттық 
майдан партиясының ҮІ съезінде бір партиялық жүйені жойып 
және жаңа конституция керек екені айтылды. 
1989 жылы ақпанда бекітілген Негізгі заңда социализм 
туралы сӛз болған жоқ. Үшінші рет (1979, 1985) президент бо-
лып сайланған Шадли Бенджедид енді сыртқы саясат және қор-
ғаныс күштерін ӛз қолына алды, Министрлер кабинетін де ӛзі 
бекітті. Конституция саяси ұйымдардың құрылуына кепілдік бе-
ріп, нәтижесінде 1990 жылдың соңында олардың саны 40 жетті.
Алайда, елде азамат соғысының қаупі тӛне бастаған кезде, 
Бенджедид парламентті таратып, ӛзі отставкаға кетті. Билік Жо-
ғарғы мемлекеттік кеңестің қолына кӛшті. Оны Алжир рево-
люциясының негізін қалаушылардың бірі, 30 жылға жуық ӛмірін 
эмиграцияда ӛткізген 
М.Будиаф
басқарды. Ол Алжирде ислам 
республикасын орнату үшін күрес жүргізген Ислам майданы 
партиясының қызметін тоқтатып және мешіттердегі саяси үгіт-
насихат жүргізген имамдарды тұтқындады. 1992 жылы маусым-


172 
да Ислам майданы партиясының басшыларына сот ісі басталған-
нан кейін лаңкестік оқиға салдарынан 
М.Будиаф
қаза болды.
1993 жылы ӛтпелі кезеңде генерал 
Лиамин Зеруаль
Алжирдің уақытша президенті, ал 1995 жылы қарашадағы пре-
зиденттік сайлауда ол 68% дауысқа ие болады. 1998 жылдың ба-
сында ислам экстремистері ереуілге шығып, қанды қақтығыс нә-
тижесінен 100 мыңдай адам қаза болды. 1999 жылы 15 сәуірдегі 
президенттік сайлауда Х.Бумедьеннің ең жақын жақтасы 1954-
1962 жж. ұлт-азаттық соғыстың ардагері 
Абд әл-Азиз Бутефлик
жеңіске жетті. Ол ӛткен жылдары үзілген Алжирдің халықара-
лық беделін кӛтеру мақсатында Африкалық бірлік ұйымындағы 
мемлекет басшыларын шақырып, 35-ші конференция ӛткізді. 
Арабтық Шығыс және Батыс Еуропа елдерімен байланыс 
жасады. 
2004 жылғы президенттік сайлауда АХДР-ның басшысы 
қабілетті дипломат және саясаткер Абд әл-Азиз Бутефлик тағы 
да жеңіске жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет