А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет26/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Шаруалар мен жұмысшылар одағы қандай күрес жүр-
гізді? 
2.
Корея қандай ендік бойынша екіге бӛлінгенін атаңыз. 
3.
Корея түбегі неге екі мемлекетке бӛлініп кетті? 
4.
1950 жылғы Кореядағы соғыстың себебі не? 


39 
§ 6. Оңтҥстік Корея 
 
Ли Сын Ман режимі (1953-1960 жж.). 
1952 жылы тамыз-
да 
Ли Сын Ман
Корея республикасының президенті болып сай-
ланды, ал оған ӛзі құрған Чаюдан партиясы (Либералды партия) 
үлкен кӛмек кӛрсетті. 
1954 жылы қарашада Ли Сын Ман Конституцияға жаңа 
ӛзгертулер енгізді, онда президент ретінде оған шексіз билік 
берілді. Мемлекеттің қауіпсіздігі туралы, саяси партияларды 
шектеу туралы, демонстрацияларға бақылау орнату туралы, бас-
паханалар ісі туралы т.б. заңдар қабылданды. 
Осы іс-шаралар елде терең экономикалық дағдарыс кезін-
де қолға алынды, бұл жарты аралда әскери талқандау және сол-
түстікпен бұрыннан бергі дәстүрлі шаруашылықтың үзілуінен 
басталды. 
1950-жылдары-ақ Ли Сын Ман үкіметі жер реформасын 
жүргізді, ауқатты жер иелерінің артық жерлері сатып алынып (3 
мың 
га 
жоғары) оны шаруаларға бӛліп берді. Нәтижесінде 900 
мыңға жуық шаруалар жерге ие болды. Ал бұл кейбір деревния-
ларда әлеуметтік қайшылықтар туғызды. Капиталистік кәсіпкер-
лікті дамыту үшін помещиктер мен ауқатты шаруаларға капитал 
бӛлінді. Бірақ ӛндіріс орындары дамыған жоқ. Қалаларда жап-
пай жұмыссыздық етек алды, инфляция жоғары болды, ауыл 
шаруашылығының халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге 
шамасы жетпеді. 
1960 жылғы сайлауда Ли Сын Ман тағы да президент бо-
лып тағайындалды, бұл халықтың наразылығын туғызды. 19 сә-
уірде Сеулде жаппай демонстрация болды, яғни онда сайлау қо-
рытындысын қайта қарауды талап етті. Демонстрацияға шық-
қандардың кӛпшілігі студенттер болатын, Ли Сын Ман оларды 
басу үшін әскери күшті пайдаланды. Ал бұл ереуілдің ауқымын 
одан әрі кеңейте түсті. Парламенттің кезектен тыс мәжілісінде 
президенттің отставкаға кетуін және жаңа сайлау ӛткізу туралы 
шешім қабылдады. 27 сәуірде Ли Сын Ман биліктен кететіні ту-
ралы ӛтінішке қол қойып, елден кетіп қалды. Бұл оқиға 
Корея 
Республикасының 
тарихына 
сәуір революциясы
деген атпен қалды.


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет