А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Тӛртінші республика (1972-1980 жж.)



Pdf көрінісі
бет28/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Тӛртінші республика (1972-1980 жж.).
Осы кездегі конс-
титуция жәй немқұрайлы түрде ғана болды. 1972 жылы 21 қара-
шада ол ӛз күшіне еніп, елде 
Тӛртінші республиканың
орнағаны 
жарияланды.
Жаңа конституция демократиялық үрдістерге қарсы ба-
ғытталды және азаматтардың бостандықтарын шектеді. Бұрын 6 
жылға сайланған президент енді шексіз билікке ие болды. 
Сонымен, 1972 жылы 23 желтоқсанда ешқандай бәсеке-
лестерсіз-ақ 
Пак Чжон Хи
президент болды. Ол әміршіл түрде 
билік жүргізді. Біртіндеп елде оппозициялық күштер пайда бол-
ды, оған саясаткерлер, кәсіпкерлер, діни қызметкерлер, интелли-


42 
генция ӛкілдері және студенттер қатысты. Билікте үлкен дағда-
рыс басталып, 1979 жылы 26 қазанда аяқ асты Пак Чжон Хи ӛз 
тӛңірегіндегілердің қолынан қаза болды. 
Елге тӛтенше әскери тәртіп енгізілді, бұл істі бұрын таны-
мал емес әскери топты басқарған генерал-майор 
Чон Ду Хван
басқарды. Ол негізінен әскери акадамияда және соғысқа бірге 
қатысқан достарының кӛмегіне сүйенді, ал ең жақын досы гене-
рал-майор Ро Дэ У болды. 
1979 жылдан 1981 жылдың ақпанына дейін Чон Ду Хван-
ның ӛтпелі кезеңін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басқарды.
1981 жылы ақпанда жаңа президенттік сайлау болып, Чон Ду 
Хван еш кедергісіз жеңіске жетті. Әскери тәртіп жойылса да 
500-ге жуық адам саяси биліктен босатылды. Парламенттегі 
кӛпшілік орынды Әділетті Демократиялық партиясы (ӘДП), 
Кореяның Демократиялық партиясы (КДП) және Корея Ұлттық 
партиясы (КҰП) иемденді. 
Бесінші республика (1981-1987 жж.). 
Чон Ду Хван
прези-
денттігі кезінде Корея Республикасының экономикасы жоғарғы 
қарқынмен дами түсті және ӛндірістің, сыртқы сауданың маңыз-
ды құрылымдары ӛзгерді. 1983 жылы Ұлттық кіріс 75 млрд. 
доллар болды. Ӛндірістің дамуы жылына 8,5%-ға ӛсті, ал экс-
порт 23,2 млрд. долларды құрады. Оңтүстік Корея үлкен жүк 
тасымалдайтын кемелер, электр заттарын, қару-жарақ түрлерін, 
жеңіл автокӛліктерді экспортқа шығарумен айналысты. Соны-
мен, бірге ішкі инфрақұрылым, ғылым, мәдениет, денсаулық 
сақтау салалары жоғары дамыды. Оңтүстік Корея алпауыт мем-
лекеттермен бәсекеге қабілетті елге айналды (Сингапур, 
Тайвань, Ганконг т.б.). Нәтижесінде Азия құрлығында Жапония-
дан кейін екінші орынға кӛтерілді. 
1987 жылы 16 желтоқсанда президенттік сайлау болып 
Ро 
Дэ У
жеңіске жетті. Елде 
Алтыншы республиканың 
билігі бас-
талды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет