135
тап Күрдістан Демократиялық партиясы (КДП) жұмыс істей бас-
тады, күрд халқының мүддесін
қорғаушы Жұмысшы табы мен
кәсіподақтың рӛлі күшейді.
1946 жылы 23 ақпанда
Тауфик ас-Сувейдидің
бейбіт кезең-
дегі бірінші кабинеті құрылды. Жаңа үкімет елдегі әскери ре-
жимді, баспаға цензураны жойды. Сәуір айында ол кӛптеген
саяси партияларды қайта құрды.
1948 жылы қаңтарда Портсмутта қол қойылған ағылшын-
ирак келісімі жаңа үкімет тӛңірегінде саяси шиеленіске алып
келді. Бұл келісім бойынша ағылшындық әскери оккупация жә-
не Ирактың тәуелділігі сақталып қалды. Бұрынғыдай ағылшын-
дар Ирактың Қарулы күшке ӛз бақылауларын жалғастыра берді,
әскери әуе базаларын тағы басқа
Ирактағы әскери орындарды
пайдаланды. Ирак үкіметі сыртқы саясатта да ешқандай мүмкін-
дікке ие болған жоқ. Англиямен болған жаңа келісім жаппай на-
разылық тудырды. Патша үкіметінің оны жоюға шамасы келме-
ді. Осы жылы 2 ақпанда
Мұхаммед ас-Садрдың
жаңа үкіметі
келісімді кейінге қалдырып қана қоймай 1930 жылғы ағылшын-
ирак келісімін қайта қарауды хабарлады. Бағдадтағы саяси бас
кӛтеріліс ағылшындар мен монархияға қарсы бағытталды.
Монархияныжақтаушылар кезеңіндегі Ирак.
Деген-
мен, Ирак бұрыннан-ақ келмеске кеткен Бағдад халифатын құру
мақсатындағы арманын іске асыруды ойластырды. Сол үшін ол
арабтық Шығыста үнемі Египетпен бақталасып отырды. Ирак-
тың монархтары Мекенің басшысы - Хашимиттер болды (иор-
дандық патшалардың туыстары). Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Ирактағы билік регент
Абд уль-Илах
қолында болды, ал
оның немере ағасы Фейсал патша болды. Ал Абд уль-Илахтың
ӛзі Сирияның патшалығынан үмітенді. Ирак дәстүр
бойынша
Ұлыбританиямен тығыз байланыста болды. Бірнеше келісімдер-
ге де қол қойылды, ал 1955 жылы Бағдад келісімшартына қол
қойылды (бұл ұйымға Англия, Пәкістан, Иран, Түркия және
Ирак қатысты). Осыдан кейін, араб әлеміндегі ӛзінің кӛшбасшы-
лығына қауіп тӛнгенін сезген Египет бұған қарсы қадам жасады,
осы жылы Египет, Сирия және Сауд Аравиясы бірігіп ӛз одақта-
рын құрды.
136
1958 жылдың басында Египет пен Сирияның одағы жа-
рияланғаннан кейін монарх-Хашимиттер Ирак пен Иорданияда
Араб федерациясын құрды. Бірақ 1958 жылы 14
маусымда
Ирактың патшасы Фейсал, патшаның жанұя мүшелері, премьер-
министр Нури Саид генералдар
Абдель Керим
және
Абдель
Салим Арефтың
басшылығымен болған әскери тӛңкеріс кезінде
ӛлтірілді.
Алайда Ирактағы тӛңкеріс лидерлері
А.К. Касем
мен Ареф
бір-біріне жауластықта болды. Сонымен бірге ең ірі азаматтық
партия БААС-тың Касеммен ара қатынасы жақсара қойған жоқ.
1959 жылы оны үкімет билігінен шектеуді қолға алды, алайда ол
1963 жылға дейін ӛз орнын сақтап қалды. Одан кейін әскери
режим бойынша билік Ареф қолына кӛшеді, бірақ 1966 жылы
ол қайтыс болды. Басшының ізбасары оның бауыры Абдель
Рахман
Ареф болды, яғни 1968 жылы оны жойып билік қайта-
дан БААС партиясының қолына кӛшеді. Ирак үкіметін прези-
дент Хасан әл-Бакр басқарды, ал шынайы билік елдің Қауіпсіз-
дік министрі -
Саддам Хусейннің
қолына кӛше бастаған еді.
Ол біртіндеп армияны күшейту шараларын жүргізді ӛз
туыстарын жоғарғы орындарға тарта бастайды, Иракты тотали-
тарлық әміршіл мемлекетке айналдыра бастады. Бірақ Саддам
Хусейннің ӛзінің алдына қойған міндеті бұл емес; ол ӛзінің жеке
билігін Ирактың әскери күші мен экономикалық жағдайын кү-
шейтуге пайдалануды қолға алды, сӛйтіп,
Таяу Шығыста оны
алдыңғы қатарлы елге айналдыру болды.
Саддам Хусейн 1979 жылға дейін кӛлеңкеде жүрді, яғни
Қарулы күшті күшейтумен ғана айналысты. 1972 жылы КСРО-
мен қару-жарақ тасымалдау туралы келісімге қол қойылды.
С.Хусейн Ирактың басқа мемлекеттермен байланысын ретке
келтірді. 1975 жылы ядролық орталық құрылысын салу үшін
Франциямен келісім жасады, сосын Иракқа әскери кемелер
тасымалдау туралы және офицерлер даярлауға кӛмектесу үшін
Италиямен келісім жасады.
Тез арада шешуді талап ететін ең маңызды міндет күрдтер
мәселесі болды, яғни 1960 жылдары үкімет әскерлеріне қар-сы
қарулы күрес жасаған болатын. Саддам Хусейн 1973 жылы күрд
137
басшыларын үкімет құрамына кіргізді, 1974
жылы наурызда
Ирактық Күрдістанның автономиясы жарияланды. Ол 1975 жы-
лы Ирандық шахтан шекараны жауып, оларға кӛмек кӛрсетуді
тоқтату туралы уәдесін алды.
Мұстафа Барзанидің
бүлікшілері
қаруларын тапсыруларына тура келді. Күрдістан автономиясы
жарияланғаннан кейін Күрдістан Демократиялық партиясының
4 мүшесі солтүстік провинциялардың губернаторлары болып та-
ғайындалды.
1970 жылдары мемлекеттік секторларды және ауыл шар-
уашылығында кооперацияны күшейту үшін үкімет экономика-
лық саясат жүргізді. 1974 жылы бүкіл ӛнеркәсіптің ¼ бӛлігі
мемлекеттік сектордың үлесіне тиесілі болды. Әрине бұл эконо-
миканың күш-жігерін тӛмендетті, бірақ дағдарысқа апарған жоқ.
Себебі мұнай кірісінің тез ӛсуі болды; ӛйткені
Ирак экспорты-
ның 98%-ын мұнай құрады. 1973 жылы мұнай ӛндірісі күніне
2 млн. баррель ӛндірілді, ал 1970 жылдардың соңында ол
3,7 млн. баррельге ӛсті. Ирак мұнайды экспортқа шығарудан
әлемде екінші орынды иемденді. Тәжірибе жүргізу үшін немесе
экономикаға байланысты кез келген шығынды «мұнай-доллар»
қаржыландыруға шамасы келді.
Достарыңызбен бөлісу: