А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет87/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

 
 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Ирак мемлекетінің билік басына Саддам Хусейн қашан 
келді? 
2.
Иран-ирак соғысының себептері: 
3.
1921 ж. Иракта Фейсалдың таққа отыруына қай 
мемлекет кӛмектесті? 
4.
1958 жылғы Ирактағы тӛңкерістің мақсаты не? 
5.
Ирак-иран соғысы қай жылдары болды және себебін 
атаңыз. 
6.
1990 ж. Ирактың Кувейтке соғыс ашу себебі не? 
7.
Ирак қай мемлекеттің мандатында болды? 
8.
«Шӛлдегі дауыл» операциясын қай елдер жүргізді? 
§ 16. Ауғанстан 
 
Аманулла ханның билік басына келуі.
Азиядағы ӛз ал-
дына ерекше мемлекет Ауғанстан. Бізге белгілі ол - әртүрлі эт-
никалық территория, тайпа алаңы, әрқайсысы ӛз дәстүрі бойын-
ша беделін кӛтере билік жүргізеді. 


141 
Бірінші рет күшті орталықтанған билік құруды ХҮІІІ ға-
сырда-ақ пуштун кӛсемі Ахмед-шах жүргізген, сосын ХІХ ға-
сырда ағылшындар Ауғанстанда ӛз бақылауын орнатуға күш 
салды, бірақ ол істері сәтсіздікке ұшырады.
1880 жылдан бастап әмір 
Абдуррахман 
сепаратистік күш-
терін жойып, Кабулда орталық билік орнатуға қол жеткізді. 
Алайда, 1901 жылы ол қаза болған соң оның орнына әмір 
Хабибулла келді - ӛте жұмсақ мінезді адам, сыртқы әсерге кӛн-
гіш; ол «қатыгез билеушінің» сұңқары бола алған жоқ, сонымен 
билік қайта әлсіреп кетті.
Ауғанстанда әртүрлі этникалық халықтар тұрады. Халық-
тың жартысы
пуштундар,
ерекше жауынгер халық, шет аймақ-
тардағы пуштундар дәстүрлі кӛшпелі түрде ӛмір сүреді, ӛз заң-
дары және ӛз кӛсемдеріне ғана бағынған олар басқа ешкімге ба-
ғынбайды. Жергілікті халықтың бестен бір бӛлігі 
тәжіктер,
ел 
ӛмірінде маңызды рӛл ойнаған олар, ірі қалалардағы тұрғындар-
дың басым кӛпшілігін құрайды, солтүстік аудандарда жер шар-
уашылығымен айналысады. 
Сонымен қатар елдің солтүсігінде түркі халықтары ӛмір 
сүреді: ӛзбектер, түркімендер, орталықта хазарлар (монғолдар 
тегі), тіпті нуристандықтар да бар, олар ӛздерін кӛне гректердің 
ұрпағымыз, яғни мұнда Александр Македонскийдің армиясы ар-
қылы келдік деп есептейді. Осындай халықтар арасында қаты-
нас ӛте күрделі болды.
ХІХ ғасырдың соңында ауған әмірлері «ағылшын үкіметі-
нің талабына сай» сыртқы саясат жүргізуге уәде берді - олар 
жыл сайын әр түрлі жеңілдік субсидия алып отырды. Сонымен 
бірге британдық Үндістан территориясы арқылы тауар тасымал-
дау тегін болды.
1893 жылы
ауған әмірі және ағылшын үкіметі 
арасында Үндістан жеріне байланысты 
Дюранда белдеуі
деп 
аталатын келісімге қол қойылды. Алайда, кейін келе Ауғанстан 
басшылары бұл сызықты мемлекеттік шекара деп мойындаудан 
бас тартты. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Ауғанстан барлық 
жағынан артта қалған мемлекет болатын. Әлемдегі басқа елдер-


142 
ден оқшауланып қалды; шетелдердің бұл мемлекетке кіруіне 
тыйым салынды. 
ХХ ғасырдың басында Кабулда бірінші лицей ашылды - 
«Хабибля», онда кӛптеген еуропалық білім берілді. Оның қа-
бырғасынан болашақ реформаны жақтаушылар шықты, соның 
ішінде доктор Абдул Ғани, жасауғандар қозғалысын ұйымдас-
тырушы. Оған біршама ауған лауазымды адамдары, интеллиген-
ция, кӛпестер, еуропалық реформа жүргізу мен Конституция қа-
былдауды жақтаушылар қосылды. Ӛкінішке орай 1909 жылы 
наурызда 
Абдул Ғани
қастандық ұйымдастырушы деп айыпта-
лып, тұтқынға қамалды.
Жасауғандардың келесі ӛкілі танымал ағартушы және 
ақын 
Махмұд бек Тарзи
болды, ол әмір сарайында ӛте танымал 
тұлға болатын. Ол әмірдің жақын туысы, оның үшінші ұлы, яғни 
болашақ реформатор патша Аманулланың тәрбиелеушісі болды. 
Махмұдбек Тарзи бірнеше еуропалық тілді меңгерді, кӛп саяхат 
жасады, мұсылман әлеміне ӛте танымал болды. 1913 жылдан 
бастап ол Ауғанстанда бірінші рет «Сирадж уль-Акбар» журна-
лын шығарды, онда батыстық басылымдардың аудармасы жа-
рық кӛрді. Оның тӛңірегіне модернизацияны жақтаушылар жи-
налды. 
Кейін бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң 1919 жы-
лы 21 ақпанда Джелалабад қаласының маңында әмір 
Хабибулла
жұмбақ түрде аңшылық сапарда қаза болды. Оның орнына әмір 
болып 
Аманулла
тағайындалды, ол әмірдің үшінші ұлы болса да, 
оған Джелалабадтың және Кабулдың тұрғындары мен әскерилер 
қолдау кӛрсетті. 
Аманулла Манифест жариялады, яғни онда толық тәуел-
сіздікке қол жеткізу туралы айтылады. Бір уақытта Аманулла 
Кеңестік Ресеймен байланыс орнатуды қолға алды - 1919 жылы 
7 сәуірде ол Ленинге хат жолдады. Ал осы жылы мамырда бай-
ланыс орнату мақсатында Мәскеуден Кабулға дипломатиялық 
миссия келді. 
Бұл ағылшын-ауған келісімінің ашық бұзылуы болатын, 
осыдан кейін шиеленіс басталды, мұны ауғандықтар "үшінші 
ағылшын-ауған соғысы" деп атады. Ауған әскерінің басқолбас-


143 
шысы генерал Надир-хан тіпті Британдық Үндістанның терри-
ториясына басып кірді. 
Шиеленіс бір айдан кейін аяқталды, 1919 жылы 3 маусым-
да келісімге қол қойылды, ал 1919 жылы 8 тамызда болған бей-
біт келісімде Англия бұл елдің толық тәуелсіздігін, ал 
Аманулланы патша деп мойындамады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет