А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет93/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

1990 жылдардағы Ауғанстан. 
1991 жылы қыркүйекте ке-
ңес-американ жағы біріккен жарғы жасады. Онда Ауғанстанда-
ғы барлық шиеленістер 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқта-
тылуы керек болды. Бұл М.Наджибулла режиміне жаңа жағдай 
қалыптастырды. Ол билігін сақтап қалу үшін БҰҰ-нан кӛмек 
сұрады.
1992 жылы кӛктемде БҰҰ ауғандық мәселеге байланысты 
жоспар жасады: онда М.Наджибулла үкіметі отставкаға кетуге 
мәжбүр болды және еркін сайлау жүргізу үшін бейтарап кабинет 
құрылу керектігі айтылды. Бірақ меджахедтер балық билікті ӛз-
деріне беруді талап етті.
1992 жылы наурызда ӛзбек генералы 
Аудурашид Дустум-
ның
бүлігі М.Наджибулла режиміне әскери қолдау кӛрсетуді 
шектеді. 1992 жылы 20 сәуірде ол Ауғанстаннан кетуге тырыс-
ты, тіпті шиеленісті қолға алу үшін Кабулға БҰҰ-ның Бас хат-
шысының арнайы ӛкілі Обенон Севан ұшағы келді. Алайда ас-
танадағы билікті сыртқы істер министірі 
Абдул Вакиль
басып 
алып, М.Наджибуллаға елден қашуға мүмкіндік бермей, ол 
Кабулдағы БҰҰ-ның бір офисінде жасырынуға тура келді. Ал
28 сәуір күні Ауғанстан астанасына моджахедтер әскері басып 
кірді.
Билік АХДП-сы режиміне қарсы барлық топтардан құрыл-
ған Джихад Кеңесі қолына кӛшті. Ел Ауғанстан Ислам мемле-
кеті деп аталды. Барлық зайырлы заңдар жойылды. 1992 жылы 
28 маусымда 
Б.Раббани
Ауғанстанның уақытша президенті бол-
ды. Елде басшылықты алты ай сайын ауыстырып тұруға келі-
сілді, бірақ Б.Раббани билікті ӛз қолынан жібермеу керектігін 
түсінді. Бұл ескі қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді, со-
ның ішінде этникалық, ӛзбектер мен хазарлықтар арасында се-
паратистік жағдай күшейді. 1992 жылы тамызда моджахедтер 
әскеріне қарсы кең кӛлемде әскери қозғалыс болып, қалалар қи-
рап, адам шығыны кӛптеп орын алды. Дипломатиялық миссия-
лар Кабулдан кетті. 1992 жылы 30 желтоқсаннан бастап 
Б.Раббани
(ұлты тәжік) елде тағы екі жыл президент, ал пре-
мьер-министр 
Г.Хекматиар
(пуштун) болды. 1993 жылы 10 қаң-
тарда парламент қайта шақырылды. Алайда, әскери қозғалыс 


153 
тоқтаған жоқ. 1993 жылы наурыздағы соғысты тоқтату туралы 
Исламабадтағы келісім де еш нәтиже берген жоқ.
1994 жылы қыркүйекте күреске жаңа саяси күш қосылды - 
Талибан қозғалысы. Оның басшысы 
Мұхаммед Омар молда
елдегі азамат соғысын тоқтатып, Ауғанстанда ислам тәртібін 
орнатуды қолға алды. Талибан қозғалысының бастаушы күші 
пуштундар мен тәжіктер болды. Талибтар бастапқы кезде 
Кандагарды басып алды, сосын елдің басқа аудандарына қарай 
жылжыды. Б.Раббани оларға қолдау кӛрсетіп отырды. Талибтар 
Джелалабадты алды, сосын олар 1996 жылы қыркүйекте 
Кабулға кіріп Ауғанстанды ислам әмірлігі деп жариялады. 
Мұнда олар 
Г.Хекматиар
әскерін талқандады, сосын 
М.Наджибулламен есеп айырылысып, БҰҰ-ның қызметкерлері 
ӛлтірді. Талибтарға қарсы басты күш Пандшер жазығындағы 
Ахмед-шах Масуд
әскері болды, (ол 2002 жылдың басында лаң-
кестік оқиға нәтижесінде қаза болды). Оның қарулы әскері нақ-
ты қозғаушы күшке айналып, 1998 жылы күзде Ауғанстанның 
90% территориясын ӛз бақылауларына алды. Ал талибтар қозға-
лысына қарсы А. Достум әскері талқандалды. 
Ауған қоғамын исламдауға байланысты Талибтар қатал 
шаралар қолданды. 1997 жылдың ӛзінде Кабул университетінің 
70% оқытушылары жұмыстан босатылды. Темекі шегуге, карта 
ойнауға, билеуге, ән, музыкаға, кино және теледидарға тыйым 
салынды, сонымен бірге 9 жастан асқан қыздарды мектепте оқы-
туға да тыйым салынды. 
Осыдан кейін дәстүр бойынша талибтардың елді біріктіру-
ге мүмкіндігі бар ма? деген сұрақ туады. Кабулдағы талибтар 
режимін әлемдік қауымдастық сынға алды, яғни онда Ауғанстан 
лаңкестіктің ең жоғарғы деңгейімен танымал болды. Усама бен 
Ладен ауғандықтарды дұрыс жолдамыз деп сенімділікке шақырды. 
2000 жылы күзде миссиялық идеясын таратты және Орта-
лық Азия елдерінде: Тәжікстан, Ӛзбекстан, Түркіменстан, 
Қырғызстан және Қазақстанда нақты исламды құруды мақсат 
етті. 
2001 жылы 11 қыркүйекте болған АҚШ-ғы лаңкестік оқи-
ғаны исламдар, талибтар жариялады деп, атап кӛрсетілді. 
Ауғанстанда лаңкестерге қарсы операция басталды: талибтар ре-


154 
жимі жойылды, штаб-пәтерлері жабылды, елге халықаралық әс-
керлер түсірілді. Алайда негізгі күш «Әл-Каид» Ливанға қашып 
кетті. 
2002 жылы маусымда бүкілауғандық лоя джирга болып, 
Хамид Карзай
(пуштун) Ауғанстанның президенті болып таға-
йындалды. 
Б.Раббани
және Ауғанстанның бұрынғы патшасы 
Мұхаммед Закир-шах
елге қайта оралды, Б.Раббани парламентті 
басқарды. Ең кӛрнекті саяси қайраткер, пуштун 
Г.Хекматиар
оппозицияға кетті. 
Қазіргі кезде ауған үкіметі елдегі жағдайды тұрақтандыру-
ды қолға алуда. Халықаралық қарулы күштер елдегі «Әл-Каид» 
ұйымының содырларының қалдықтарын жоюда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет