134
1930 жылғы ағылшын-ирак келісімі бойынша Ирак тәуел-
сіз мемлекет деп жарияланды, ал 1932 жылы Ұлттар Лигасына
мүше болып кірді. Бірақ Англияның саяси-әскери бақылауы сақ-
талып қалды. Елде ағылшын кеңесшілері, әскери базалары қал-
ды, ал ӛздері сыртқы саясатта Англиямен келісіп отыруға мін-
детті болды. Ирак үкіметін нағыз ағылшынша саясаткер Нури
Саид басқарды. Англия мандаты жойылды.
Елдің тәуелсіздік алуы 1929-1933 жылдардағы дүниежүзі-
лік экономикалық дағдарыспен тұспа-тұс келді. Бұл ӛзімен бірге
кӛп қасірет алып келді. Ирактың экспорты тез қысқарып кетті,
экспорт тауарларының бағасы түсіп кетті, жұмыссыздық кӛбе-
йіп және әлеуметтік тоқырау басталды. Елде үкімет ауысып,
радикалдар белсенділік кӛрсетті.
1933 жылдан бастап үкімет басына
Рашид Әли әл-Гейлани
келді, бірақ елде саяси шиеленіс басылған жоқ. 1936 жылы
әскерде бүлік басталды: олар корольден жаңа премьер-министр
тағайындауды талап етті - ол
Хикмет Сүлейменді
тағайындады.
Бірақ 1937 жылы тамызда бұл үкімет құлады.
1938 жылы желтоқсанда
Иракта Нури Саид
үкіметі
құлады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты
ол Иракта тӛтенше жағдай енгізді. Бірақ елдің ішінде саяси
топтардың ӛзара күресі жалғаса берді: 1941 жылы сәуірде әске-
ри тӛңкеріс болды - билікті Рашид Әли әл-Гейлани басып алды.
Ол фашистік державаларға, яғни Германия мен Италияға қолдау
кӛрсетті.
1941 жылы мамырда ағылшындар Иракқа ӛз әскерлерін
кіргізді. Олар армия мен мемлекеттік аппаратта тазалау жүргіз-
ді, патша мен атқарушы биліктің ӛкілеттілігін кеңейтеді. Бүкіл
соғыс кезеңі аяқталғанға дейін Иракта ағылшын әскері сақталып
қалды.
Достарыңызбен бөлісу: