А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет94/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Ауғанстан қай жылы тәуелсіз мемлекет болып жария-
ланды? 
2.
Аманулла-хан қай үкіметте қандай саясат жүргізді? 
3.
1926 ж. Ауғанстан КСРО мен қандай келісімге қол 
қойды? 
4.
Ауғанстанда «Сәуір революциясы» қай жылы болды? 
5.
КСРО әскерін Ауғанстанға не үшін кіргізді? 
6.
Ауғанстанда Аманулла-ханның Манифесті неге 
арналып жазылды? 
7.
Мұхаммед Заир-шах режмі қандай саясат жүргізді? 
8.
Мұхаммед Дауд билігі тұсындағы Республика саясатын 
анықтаңыз. 
9.
Ауғанстандағы кӛшбасшы партияларды атаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


155 
6-тарау 
 
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ СОЛТҤСТІК
АФРИКАЛЫҚ ЕЛДЕР 
 
§ 17. Египет 
 
Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы.
Египет сонау 
Мұхаммед Әли
реформалары (1769-1849) кезінен-
ақ Шығыстағы ең дамыған елдердің қатарында болатын. Осман 
империясына немқұрайлы түрде ғана тәуелді болған Египет 
мемлекеттік секторда ӛнеркәсіп құрылыстарын белсенді түрде 
жүргізді. Ауылшаруашылық ӛндірісін табысты дамытты, үкі-
меттік монополияда экспорт саласын ұлғайтты (мақта, қант, бо-
яу), тұрақты 
армия және орталықтанған әкімшілік аппарат құрды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Египеттің қарулы 
күшін Англия Палестина мен Сириядағы түріктерге қарсы 
соғысқа пайдаланды. Ал соғыстан кейін ел ағылшын басқаруына 
ӛтті. Осы соғыстан кейін Египетте 
Саад Заглул
бастаған «Вафд» 
партиясы белсенді саясат жүргізді. 1918 жылы бұл партия елге 
тәуелсіздік беру туралы талаптарын алға тартты. Елде ағылшын 
отаршылдық үстемдігіне қарсы күшті қозғалыстар басталды.
Сонымен, 1922 жылы 28 ақпанда Египет тәуелсіз мемле-
кет деп жарияланды және Суэц каналын ӛз жақтарында қалдыр-
ды. 1923 жылы 19 сәуірде жаңа Конституция қабылданды, ол 
бойынша Египет конституциялық монархия болып, елді І Фуад 
басқарды, бірақ оның билігін «Вафд» партиясының кӛшбасшы-
ларынан құралған парламент және министрлер кабинеті шектеп 
отырды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс салдары-
нан ел ӛте ауыртпалықты бастан кешірді. Ӛнеркәсіптің басты 
салалары мақта және қант ӛндіру жұмыстары нашарлады. Елде 
ереуілдер етек алды. 1930 жылы елді премьер
Исмаил-Сидки-
паша
басқарып, ал 1936 мамырдағы сайлаудан кейін үкіметті 
Наххас-паша басқарды. Осы жылы Египет 20 жылға Англиямен 
келісімге қол қойды. Ол бойынша Суэц каналы маңындағы және 


156 
Каир мен Александриядағы ағылшын әскері шығарылды.
1937 жылы Египет Ұлттар Лигасына мүше болып қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Египет ағылшындар 
жағында болды. Мұнда ағылшын әскери қолбасшылығы орнала-
сып, Таяу Шығыстағы және Шығыс Африкадағы барлық одақ-
тас армияларын қаруландырып отырды. 1940 жылы Италия әс-
кері Эс-Соллумды бомбалай бастады. Ағылшындық әскери кӛ-
мек оларды шегіндіріп тастады. Алайда біраз тыныштықтан ке-
йін, 1942 жылы герман-итальян әскері қайта Египетке шабуыл 
жасады. Нәтижесінде Ніл, Суэц жағалауы мен Александрияға 
қауіп тӛнді. Эль-Аламейн жеріндегі ірі шайқас жеңіспен аяқтал-
ды. 1943 жылы Солтүстік Африкадағы герман-итальян армиясы 
толық жойылды. 1945 жылы Египет немқұрайлы түрде 
Германияға соғыс ашады және осы жылы БҰҰ-ның құрамына 
мүше болып кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет