1978 ж. сәуірдегі революция және Азамат соғысы.
Ауғанстан халқының кӛпшілігі елдегі жағдайды тӛңкеріс деп қа-
былдады, яғни биліктің АХДП-мен байланысы бар бір тайпалық
тобын (дурран), екінші топқа (гильзай) бағынуы деп түсінді.
Әкімшіліктегі «кірісті орынға» тез арада талас басталды. Ал
шындығында Ауғанстанда ешқандай қайта құру болған жоқ.
Елдегі оппозицияға қарсы қатал репрессия басталды.
1978 жылы шілденің ӛзінде-ақ «Парчам» фракциясы «қастан-
дықты ашамыз» деп жариялады, бірақ кӛптеген белсенділер қа-
мауға алынды, ал саяси кӛшбасшыларының бірі Б.Кармальды
Чехословакияға елшілікке жіберіп, біртіндеп
Х.Амин
барлық
билікті ӛз қолына алды.
1979 жылы қыркүйекте
ол
Н.М.Тараки-
ді
ӛлтіріп, елдегі
«контрреволюцияны» басу үшін КСРО-дан әс-
кери кӛмек сұрайды.
Х.Амин дінге қарсы шықты, оның ұраны:
«Құранды жұғындыға лақтырыңдар!», «Мен бүкіл ауғандықтар-
ға Маркс пен Ленинді ғана оқуға кӛндіремін!» деген сӛздер бол-
ды. Қарсыластық бүкіл елді қамтыды, оппозиция әскері Кабулға
қарай жылжыды, олар қаланы жан жағынан жауып тастады.
Осыған байланысты 1979 жылы 27 желтоқсанда Кеңес армиясы
Ауғанстанға кірді, осы жылдары
Х.Амин
қаза болып, Револю-
циялық кеңесті Б.Кармаль басқарды.
Алғашқы кезден-ақ Х.Амин қамауға алған адамдардың
барлығы түрмеден босатылды. Кеңестік әскер Ауғанстанның
оңтүстік-батысына орналасты. Ауғанстандағы Кеңестік армия-
ның қызметін «Ислам конференциясы» ұйымы сынға алды. Ал
АҚШ Пәкістанға және Ауғанстандағы оппозициялық күшке
кӛмек кӛрсетіп отырды.
Х.Амин қайтыс болғаннан кейін Кабулдағы саяси жүйе
жұмсара бастады: үкімет тайпа кӛсемдерімен қарым-қатынасты
жақсарта бастады, мектептерде дінді оқыту, теледидардан діни
бағдарламаларды кӛрсету, мешіттер салу қайта қолға алынды.
Сондай-ақ, елдің премьер-министрі болып
Сұлтан Әли
Кештманд
тағайындалды (ұлты хазар).
151
Ел саясатына Кеңес Одағының араласуы кері әсерін тигіз-
ді. Біріншіден, ауғандықтардың наразылығы тез байқалды, ӛйт-
кені елде «кәпірлер» пайда болды деген түсінік қалыптасады, бі-
рақ дәстүр бойынша ауғандықтар уақытша ішкі шиеленісті ұмы-
тып, ортақ жауға қарсы бірге күресулері керек болды. Екінші-
ден, соғыс жағдайына байланысты жүргізілген шаралар еш нә-
тиже берген жоқ; сондай-ақ, кеңестік кӛмекке қарамай-ақ елдегі
экономикалық жағдай ӛте нашар күйінде қалды: баға ӛсті, кӛп-
теген жанұялар асыраушыларынан айырылғандықтан, ӛздерін
қамтамасыз ете алмай қалды, халықтың күн кӛрісі нашарлап
кетті, елде бұрын соңды болмаған ашаршылық басталды.
Елдегі жағдайды «Хальк» және «Парчам» фракциялары
арасындағы бәсекелестік одан әрі шиеленістіріп жіберді, соны-
мен бірге мемлекеттік аппаратта күшті парақорлық етек алды.
АХДП-ның қарсыластары - «моджахедтер» елдің кӛп тер-
риториясына бақылау жасады. 5 млн. жуық адам Ауғанстаннан
тыс жерлерге босқын болды. 1982 жылы БҰҰ басқа елдердің
Ауғанстан ісіне араласуларын шектеуге талпыныс жасайды, бі-
рақ ол еш нәтиже берген жоқ.
Бұған 1985 жылы сәуірде СОКП ОК Бас хатшысы болып
тағайындалған
М.С. Горбачевте
ат салысты. 1986 жылы мамыр-
да ел басшысы Б.Кармальдың орнына
Мұхаммед Наджибулла
келді, бұрынғы қауіпсіздік қызметінің басшысы болған ол ӛте
қатал және табанды болатын. М.Наджибулла-пуштун, ең кӛр-
некті ахмадзай тайпасынан шыққан. Ол әрбір командирлермен
жеке-жеке келіссӛз жүргізіп, соғыс қимылдарын тоқтатуды та-
лап етті. Мұның ӛзі жақсы нәтиже берді. Кабулда соғысты та-
мамдаған жауынгерлердің лагері пайда болды. 1987 жылы
АХДП-сы соғысты тоқтату туралы хабарлады, ал КСРО әскері
елден шығуды қолға алды.
1988 жылы 14 сәуірде КСРО, АҚШ, Ауғанстан және
Пәкістан арасында саяси келісімге қол қойылды: ол бойынша
1989 жылдың ақпанына дейін КСРО әскері Ауғанстаннан шы-
ғарылуы, АҚШ және Пәкістан бүлікшілерді қару-жарақпен қам-
тамасыз етуді тоқтатулары керек болды.
152
Достарыңызбен бөлісу: |