157
қолға алды, алайда іс ӛте баяу жүрді, ал 1948 жылы Египет пар-
ламенті одан мүлдем бас тартты. Осыдан кейін қиын кезеңдер
басталды, 1951 жылы Батыс елдері Орталық Шығыс мемлекет-
тері үшін құрылатын Қорғаныс ұйымы жобасына Египетті және
Суэц каналы аудандарындағы базаны да қоспақ болды.
Бірақ
бұл жобадан да Египет бас тартты, ӛйткені шетелдік әскердің
канал маңын иемденуі ұлттық мүддені қорлау болып есептелді.
1951 жылы Суэц каналы маңында ислам әскерлерінің лаң-
кестік оқиғасы, ал 1952 жылы қаңтарда Каирда ағылшындарға
қарсы күшті демонстрация болды. Осындай жағдайлар нәтиже-
сінен 1952 жылы шілдеде офицерлер
тобы Египет патшасы
Фарукты биліктен тайдырып, монархияны жойды. Ал билік
Мұхаммед Нагиб
бастаған «Еркін офицерлер» ұйымының қолы-
на кӛшеді. 1953 жылы маусымда Египет Республика болып жа-
рияланды. Кӛп ұзамай 1954 жылы М.Нагибті 36 жасар полков-
ник
Гемаль Абдель Насер
ауыстырды,
сонымен бірге тап осы
жылы қазанда Египеттен әскерлерін алып шығу туралы ағыл-
шындармен келісімге қол қойылды.
Сыртқы саясатта Г.А.Насерді қатты мазаландырып отыр-
ғаны Израиль болды. 1955 жылы наурызда Египет армиясы
Газада израильдықтардың соққысына тап болды, ал осыдан ке-
йін Г.А.Насер шұғыл түрде қару-жарақ алудың кӛзін іздей бас-
тады. 1950-ші
жылғы АҚШ, Англия және Франция арасында
болған үш жақты келісімде Батыстан қару алу жолын жауып
тастаған болатын. Дегенмен, жаңа мүмкіндік те пайда болды:
1955 жылы қыркүйекте Насердің КСРО-дан чех қаруын алғаны
туралы жариялады.
Насердің КСРО-ға бет бұруының тағы бір себебі Асуан
бӛгетіне қатысты мәселе болатын.
Бұл жобаның мақсаты бойын-
ша Египет ӛңделмелі жерді 860 мың
га.
кӛбейтуді қолға алды, ал
экономикалық жағынан даму үшін электр қуаты ӛндірісін
шешіп алу керек болды. Сарапшылардың бағалауынша құры-
лыстың жалпы құны 1,4 млрд. долл. құрады. Қаражаттың бір
бӛлігін АҚШ және Ұлыбритания берулері керек болатын. Алай-
да 1956 жылы бұл елдермен келіссӛз еш нәтиже бермеді, АҚШ
және Ұлыбритания бұл жобаны қаржыландырудан бас тартты.
158
Бұған жауап ретінде Г.А.Насер 1956 жылы 26 шілдеде Суэц ка-
налын мемлекет қарамағына ӛткізу туралы жариялады.
Сонымен, ағылшын-француз әскерінің Египетке қарсы
басқыншылығы басталып, оған Израиль да қосылды, нәтижесін-
де Синай түбінде мысырлық армия жеңіліс тапты. Бұл жағдай-
дың қорытындысы бойынша Англия және Франция канал маңы-
нан ӛз әскерлерін шығаруларына тура келді. Ал үгіт-насихат
науқанының табысты жүргізілу салдарынан КСРО Таяу Шығыс-
та ӛз беделін күшейте түсті.
Г.А.Насер «Маркстік үлгі
бойынша Египетте социализм
құрылысын орнату» туралы жариялады. Суэц каналын мемлекет
қарамағына ӛткізу Египет басшысының беделін кӛтеріп, КСРО-
ға бағыт ұстануын анықтап берді, яғни олар Египет армиясын
тек қару-жарақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, қаржылай қол-
дау кӛрсетуге де уәде берді. 1956 жылы Египет ҚХР-сын мо-
йындайды, ал 1957 жылы желтоқсанда КСРО-ны Каирда бола-
тын африкалық және азияттық халықаралық конференцияға қа-
тысуға шақырды. 1958 жылы сәуір-мамыр айларында Г.А.Насер
КСРО-ға ресми сапармен барып қайтты. 1958 жылы 1
ақпанда
Біріккен Араб Республикасын (БАР) құру туралы жарияланды,
яғни оның құрамына Египет және Сирия кірді, ал кӛп ұзамай
оған Йемен қосылды. Осы ӛтпелі кезеңде республика екі аудан-
нан тұрды - солтүстік (Сириялық) және оңтүстік (Египеттік).
БАР-ның астанасы Каир, ал президенті
Г.А.Насер
болды.
Достарыңызбен бөлісу: