А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Мҧхаммед Дауд билігі тҧсындағы Республика



Pdf көрінісі
бет91/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Мҧхаммед Дауд билігі тҧсындағы Республика.
АХДП-
ның екі фракциясы да 
М.Даудтың
билікке келуіне кӛмектесті, 
бастапқы кезде Мұхаммед Дауд ӛзіне қолдау кӛрсеткендерді ең 
маңызды министрлік орындарға тағайындады. Халықты әлеу-
меттік жағынан қорғауға қатысты заңдар қабылданды, 7,5 са-
ғаттық жұмыс күні белгіленді, мемлекеттік секторда жұмыс іс-
тейтін қызметкерлердің жалақысы 2,5 есеге дейін ӛсті, демалыс, 
зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру енгізілді, бірақ мұның барлы-
ғы ауғандықтардың аз бӛлігіне ғана тиесілі болды. Ал 1974 жы-
лы жеке меншік банктер мен сыртқы сауда мемлекет қарамағы-
на ӛткізілді. 
Елдегі ең маңызды саяси қадамның бірі сауатсыздықты 
жою туралы мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуы болды. Бі-
лім жүйесіне бақылауды толықтай мемлекет ӛз қолына кӛшті, 
барлық мектептер мен жоғарғы оқу орындар енді діндарлардың 
емес, Ағартушылық министрлігінің қарамағына берілді.
1975 жылы мұндай реформаларға қарсы елдің шығысын-
дағы халық кӛтеріліске шықты. АХДП партиясы ішінде шиеле-
ніс басталып, кӛп ұзамай АХДП-дан тағайындалған министр-
лердің барлығы қызметтерінен босатылды. 1977 жылдың ба-
сында елде жаңа Конституция қабылданып, ол бойынша 
Мұхаммед Дауд ӛмір бойы президент болып жарияланды. 
Дегенмен, М.Дауд армияға толықтай бақылау жасай алған 
жоқ, ӛйткені ондағы офицерлердің кӛпшілігі АХДП-мен байла-
ныста болатын. 1977 жылы шілдеде «Хальк» және «Парчам» 
партиялары қайтадан бір партияға бірігіп, 
М.Дауд
режимін жою-
ды қолға алды. М.Дауд мұндай қастандықты алдын ала білсе 
керек 1978 жылы сәуірде АХДП-ның біраз мүшелерін қамауға 
алды, бірақ бұл оған кӛмектесе алған жоқ. 
1978 жылы 27 сәуірде Ауғанстан әскери әуе күштерінің 
Басқолбасшысы полковник 
Абдул Қадыр
билікті басып алып
М.Даудты биліктен тайдырды. Бірақ кӛп ұзамай М.Дауд қаза бо-
лады. АХДП-ның басшылары түрмеден босатылды. Ауғанстан-
дағы жоғарғы билікті басқару үшін Революциялық кеңес құ-
рылды. Оны 
Н.М.Тараки
басқарып, оның орынбасары 
Б.Кармаль
болды. 
Х.Амин
сыртқы істер министрлігі мен қауіп-


150 
сіздік комитетін басқарды, ал қорғаныс министрі А.Қадыр 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет