А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


 Онтогенездің генетикалық негіздері



Pdf көрінісі
бет77/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159
5.1. Онтогенездің генетикалық негіздері 
Жұмыстың мақсаты: студенттерге ағзалардың өсу мен даму 
құбылыстарын түсіндіру. 
Қысқаша мағлұмат. Даму қүбылысын екі түрлі мағынада түсінеді: 1) 
ағзалардың жеке дамуы - онтогенезі 2) ағза топтарының, яғни систематикалық 
топтардың немесе ағзаның мүшелері мен мүшелер жүйесінің тарихи дамуы - 
филогенез. 
Әр ағзаның онтогенездік дамуы Мюллер-Геккелдің биогенетикалық 
заңдылығымен жүреді: эмбриональдық дамудағы ұқсастықтар түрлі 
формалардың шыққан тектерінің бірлігін білдіреді. 


109 
Онтогенез түрлері. Онтогенез — (грекше опtоs — тіршілік, gепеsis — даму) тірі 
даралардың жеке дамуы, яғни зиготадан бастап адам дүние салғанға (өлгенге) 
дейінгі уақыт аралығында байқалатын күрделі өзгерістер жиынтығы болып 
табылады (50 сурет). Онтогенез терминін алғаш рет 1866 жылы Э. Геккель 
енгізген болатын. 
50 сурет. Онтогенездік дамуындағы жіктелулер көрінісі 
Әр түрлі ағзалардың онтогенезі түрліше жолдармен жүреді. Осыған орай
оның екі түрін ажыратады: 1) тура даму; 2) тура емес (турленіп) даму. 
Тура даму дегеніміз-жүмыртқадан не ұрық қабығынан, барлық мүшелері 
қалыптаскан, ересек өкілдеріне өте ұқсас, тек олардан дене пропорциялары 
арқылы ғана ерекшеленетін және өз бетінше дербес тіршілік ете алатын 
ұрпактардың дүниеге келуін айтады. 
Турленіп даму (метаморфоз) деп- жұмырткадан ересек формаларына мүлдем 
ұксамайтын аралык формалардын (дернәсілдер, қуыршақ т.с.с.) пайда болуы 
аркылы дамуды айтамыз. Онын екі түрі белгілі: 1) толық турленіп даму — 
жүмырткадан бір немесе бірнеше формалы дернәсілдер, содан кейін қуыршак, 
ересек дара - имаго дамып жетіледі (бунакденелілерде); 
2) шала турленіп даму — бұл жағдайда жұмыртқадан - дернәсіді ал одан 
ересек дара дамып жетіледі (бунакденелілер). 


110 
Ағзаның жеке дамуы немесе онтогенез - генетиканың негізгі мәселелерінің 
бірі. Мысалға адамда, әйелдердің жетілген жұмыртқасының диаметрі 130-140 
микрон, салмағы 0,0015 мг, ал сперматозоидтардың ұзындығы 50-55 мкм, 
салмағы 0,0011 мг. Осы гаметалар ұрықтанған соң 3,1 кг адам баласы дамиды.
Онтогенез дегеніміз жұмыртқа жасушасының ұрықтануынан бастап, 
ағзаның өз тірішілігн жойғанға дейінгі даму процесін айтады (51 сурет). 
Онтогенездің тұқым қуалау негіздерін зерттейтін генетиканың саласын 
онтогенетика деп атайды. 
51 сурет Адамның ұрықтанаған жұмыртқасының дамуы 
Онтогенез өте күрделі құбылыс, оның әрбір кезеңдері мен сатыларында 
күрделі өзгерістер, жаңа құрылымдар пайда болып отырады, оның келесі кезеңі 
мен сатысының қалыпты жүруі алдыңғы сатыларда болып өткен барлық 
жиынтығына тығыз байланысты, сондықтан оны преформацияланған эпигенез 
ретінде қарастырған жөн.
Көбінде онтогензді екі кезеңге бөледі: эмбриональдық кезең және 
постэмбриональдық кезең. Кәзіргі кезде жоғары сатылы жануарлардың және 
адам онтогенезін үш кезеңге бөліп жүр: 1) ұрық пайда болғанға дейінгі кезең; 2) 
дүниеге келгенге дейінгі (антенатальдық, эмбриональдық)кезең; 3) туылғаннан 
кейінгі кезең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет