144
Ақ
Сарбаз Әлемі
асыл қасиеті әйелдің бойында сақталды. «Алып – анадан».
Текті ананың құрсағынан жаралып, адал сүт еміп өскендіктен
баһадүр батырларымыз, білікті билеріміз, аузы дуалы
ақындарымыз шықты.
Қазақ қоғамында әйелді кеміту деген болған жоқ. Сөз
бостандығы болды. Небір
аузымен құс тістеген шешен,
билеріміздің ешкім білмейтін бір әйелден жеңілгені туралы
әңгімелер – бұның дәлелі.
Егер қазақ әйелінің сақтаушы қасиеті болмаса, қазақ
ұлтының күні бүгінге дейін сақталуы да мүмкін емес еді.
Ал, осы кие мен қасиетті сақтаушы әйел азса не болады?
Жезтырнақ болады!
Жалмауыз кемпір болады!
Мыстан кемпір болады!
Бірде-бір ертегіде жезтырнақты
еркек болыпты деп
айтпайды. Мыстан шал деген жоқ. Шал әрі кетсе «бақырауық
шал» болады. Онда да бақырауықтығы жүкті арта-арта
бақырауық боп қалған нар түйенің бақырғаны секілді.
Енді бүгінгі күнге оралайық. Әйелдің алушы қасиеті өзіне сор
болып жабысты. Әлемнің әртүрлі қоқысының бәрін қабылдап
ала бастады. Адамның рухын ашпайтын, жанын кірлететін
сорақы салт, дарақы дәстүрлер шықты.
Ұмытпаңыз:
Сіз әйел болып жаралды екенсіз, демек сіз
әйел рөлін ойнаушы Рухсыз. Кейіпкеріңізді жағымды рөлде,
әлде жағымсыз рөлде сомдап шығу өз қолыңызда. Әуелі
жезтырнақ, сосын
мыстан кемпір болам десеңіз, оған ешкім
қарсы тұра алмайды.
Есіңізде болса «Тәңір Жауынгері» кітабында Жерұйыққа
барып алып шатақ шығаратын екі кемпір туралы айтылады.
Бұл астрал дүниесінде болған оқиға. Олар қайта туғанда карма
шеңберімен айналып келіп сол оқиғаны қайталауы да мүмкін.
Тағы бір қызық факт «ер мінезді әйел», «қыз мінезді жігіт»
деп жатамыз ғой. Бұл Рухтың бұрынғы өмірінде қандай денеде
болғанын айғақтайды. Бұрынғы өмірінде еркек болған Рух осы
өмірінде әйел болып туса оның еркек денесінде жүргенде
меңгерген кейбір қасиеттері байқалып тұрады. Қазақ мұны:
«Әйел дауысты еркекте қуат болмас, еркек дауысты әйелде
ұят болмас» деп мақалдаған.