Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі, судан тұратындығы белгілі. Сонымен бірге, ми жасушаларының 85%-ы, адам сүйегінің 25%-ы судан тұрады. Адам баласы қорексіз 5-7 апта өмір сүре алады


Организмде судың жеткіліксіз екенін қалай анықтаймыз?



бет3/5
Дата18.05.2023
өлшемі53,89 Kb.
#94627
1   2   3   4   5

Организмде судың жеткіліксіз екенін қалай анықтаймыз?


Су организмнен негізінен, несеппен шығарылады. Сондықтан судың жоғалуының көрсеткіші – әсіресе таңертеңгізәрдің түсі. Әдетте ол ашық, сабан түсті болуы керек. Бұл сіздің бір күн бұрын жеткілікті мөлшерде су ішкеніңізді білдіреді. Егер сіз аз су ішсеңіз, зәр күңгірттеу түсте, алма шырынын түсіне ие болады немесе ол аз мөлшерде шығарылады. Мұндай жағдайда сізге көбірек сұйықтық ішу керек.
Сіз көп су жоғалтқаныңызды, шөл басқанда аңғарасыз[24]. Бірақ бұл сусызданудың біршама кештеу келетін белгісі. Яғни, біз бірден, қажет болған сәтте емес, біраз уақыттан кейін шөлдейміз. Қарт кісілер көп су жоғалтса да, бірден шөлдей қоймайды. Кешіктірілген шөлдеу сезімі, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдайтындарға да тән, әсіресе медициналық араласулар мен операциядан кейін.
Кейде организмнен суды әдейі шығарады, мысалы, диуретиктерді – зәрдегі артық суды кетіруге көмектесетін дәрі-дәрмектерді қолданғанда. Оларды кейде гипертониямен ауыратын науқастарға немесе салмақ жоғалту үшін қолданылады [45]. Мұндай дәрі-дәрмектердің артық дозалануы сусыздануға әкелуі мүмкін. Бұл өте маңызды болуы мүмкін, өйткені ол қанның қоюлануына, тромбтардың пайда болу қаупіне және басқа да бұзылуларға әкелетіндіктен аса маңызды.
Спортпен шұғылданғаннан соң, жалпы салмақтың төмендеуі әрдайым судың жоғалуымен байланысты. Егер физикалық белсенділіктен кейін, салмақ жоғалту 2 пайыздан көп болса, бұл сусыздануды білдіреді. Судың одан әрі жоғалуы, организмге зиян тигізуі мүмкін, сондықтан құрамында көмірсулар мен электролиттер бар су немесе изотоникалық ерітінді ішу керек. Егер сіз 1-2 сағат бойы жаттығу жасасаңыз, сұйықтықтың жоғалуын қарапайым сумен толтыру жеткілікті. Сонымен қатар, жарты литр су көмектесе алмайды, өйткені терден басқа сұйықтық несеппен бірге кетеді. Бұлшықет жоғалтқан суды толтыру үшін, аз-аздап су ішкен жөн.
Егер спортпен шұғылдану қарқынды болса және бір сағаттан астам уақытқа созылса, онымен бірге ауа температурасы жоғары болса, су ішу жеткіліксіз. Оның орнына арнайы калориялы спорттық сусын ішкен дұрыс, олар негізінен натрий тұзы мен басқа электролиттер қосылған ерітіндіні құрайды [46]. Айта кету керек, жаттығу кезінде калийдің жоғалуы натрийдің, жай тұздың жоғалуымен салыстырғанда маңызды емес Кейбір спортшылар қарқынды жүктемеден кейін, пайда болатын құрысулар калийдің жоғалуына байланысты деп санайды. Шын мәнінде, мұндай құрысулармен күресу үшін натрий тұзының жоғалуын өтеу керек.
Денедегі судың жетіспеушілігі әртүрлі жолдармен көрінеді. Бұл буындардың бұзылуы, жоғары қан қысымы және ас қорыту проблемалары[4, 5, 47, 48]. Су жетіспеушілігінің белгілері, жалпы салмақтың төмендеуі, құрғақ тері, сондай-ақ жалпы температураның жоғарылауы, ал ауыр жағдайларда ақыл-естің шатасуы [24]. Ыстық климатта сусыздану қауіпті болуы мүмкін, өйткені ағзадағы су температура тепе-теңдігін реттеуге арналған. Ол аз болған кезде, мұндай тепе-теңдік бұзылады, салдары ауыр болуы мүмкін – ыстық өтуге дейін. Ыстық ауа-райы мен терлеудің жоғарылауынан басқа, сусыздану диарея, диуретиктерді шамадан тыс қабылдау, бүйрек ауруы және басқа себептерге байланысты болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет