Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет43/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Қаңқа бұлшық ет мүше ретінде
Жиырылудың артуын қаңқаға жеткізуді сіңірлер немесе бұлшық еттің сүйек қабына жабысуы тікелей жүзеге асырады. Әрбір етті талшықтың ұшында плазмолемма терең жіңішке шұңқырлар түзеді. Сіңірлер және сүйек қабығы жағынан бұл шұңқырларға жіңішке коллагенді талшықтар өтеді. Коллагенді талшықтар ретикулярлы талшықтармен шиыршақталып өріледі. Талшықтардың ұштары базальді мембраналарға бағытталып, оларға енеді, кейіннен кері қайтып шыға берісінде қайтадан дәнкер тіннің коллагенді талшықтарын айналдыра өреді.
Еттi талшықтар арасында болбыр талшықты дәнекер тiнiнiң жұқа қабаты – эндомизий орналасқан. Базальді мембрананың сыртқы жапырақшасының коллагенді талшықтары оған оралып, миосимпластардың жиырылуын арттырады. Борпылдақ дәнекер тінінің қалың қабаттары бірнеше етті талшықтарды қоршап перимизий түзеді және бұлшық етті будаларға бөледі. Бұлшық еттің бетін қоршайтын дәнекер тiндi – эпимизий деп атайды.
Васкуляризация. Артериялар бұлшық етке еніп, дәнекер тінінің қабаттарына тарайды. 5 - 6 реттік тармақтар перимизиде артериолалар түзеді. Эндомизиде капиллярлар орналасқан. Венулалар, веналар және лимфтикалық тамырлар әкелуші тамырлардың қатарынан өтеді. Тамырлардың маңайында әдеттегідей тіндік базофильдер көп болады, олар тамырлар қабырғасының өткізгіштігін реттейді.
Нервтенуі. Бұлшық еттерде миелинденген эфферентті, афферентті, сондай – ақ миелинденбеген вегетативті нерв талшықтары айқын көрінеді. Жұлынның моторлы нейронынан импульс әкелуші нерв жасушасының өсінділері перимизиге тармақталады. Оның әрбір тармағы базальді мембранаға еніп, терминал түзеді.
Сонымен әрбір етті талшықтар өздігімен нервтенеді. Бір мотонейронмен нервтенетін етті талшықтар тобы невті- етті бірлік деп аталады.
Әрбір көлденең жолақты бұлшық етте етті ұршық болады. Оның қызметі бұлшық етпен реттеудің нәтижесі жайлы хабар алу. Етті ұршықтың сыртқы дәнекер тінді капсуласының ұштары перимизиямен қосылған. Етті ұршықтың саны әр түрлі бұлшық еттерде әр қилы, себебі ол бұлшық еттің көлеміне және қызметіне байланысты. Бұлшық еттер неғұрлым ұсақ болса, соғұрлым етті ұршықтар оларда көп болады. Етті ұршықтардың капсуласының астында жиырылуға қабілетті бірнеше ерекше етті талшықтар орналасқан. Олар құрылысы және қызметі бойынша кәдімгі етті талшықтардан өзгеше. Капсуланың ішінде орналасқан мұндай етті талшықтар - интрафузальді етті талшықтар (лат.: intra - ішкі; fusus – ұршық), ал кәдімгі етті талшықтар - экстрафузальді етті талшықтар (лат.: extra - ішкі; fusus – ұршық) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет