Аңызақ – ауылшаруашылық дақылдарына зиянды, өте төмен ауа ылғалдылығымен, атмосфераның төменгi қабатының жоғары температурасымен және жылдамдығы (10 м/сек) желiмен сипатталатын метеорологиялық құбылыс. Аңызақтың әсерiнен ылғал булануы жоғарылайды, соның әсерiнен транспирацияға шағын болған суды, өсiмдiк тамыры арқылы қамтамасыз ете алмай, ауылшаруашылық дақылдарының су режимi бұзылады. Желдiң жылдамдығы ұлғайған сайын аңызақтың зиянды әсерi күшейе түседi.
Шөл және шөлейт аймақтарында, әсiресе жылы кезеңде аңызақ көп қайталанып отырады. Сонымен қатар, аңызақ далалық және орман далалық аймақтарда да болып тұрады.
Аңызықтың пайда болу себебi. Аңызақ және құрғақшылықтың пайда болуына атмосферада болып жатқан үрдiстер, солардың әсерiнен көп уақытта антициклондық ауа-райының қалыптасуы себеп болады. Антициклондар көбiнесе (шамамен 70%) Арктикадан келедi. Арктика материгiнде құралған бұл антициклондарда ауа ылғалдылығы және температура төмен, ал орталық Азияның үстiмен жылжи келе, температура жоғарылайды, ауа ылғалдылығы бұрынғыдан да төмендейдi. Осы антициклондардың әсерiнен ылғалдың булануы артады, жаңбыр жаумайды – құрғақшылық, желi қосылса аңызақ басталады.
Топырақ құрамында ылғал болған жағдайда да аңызақ байқала бередi, аңызақ созылып кетсе топырақтың құрғауына әкелiп соғады да, өсiмдiк аңызақ пен құрғақшылықтың әсерлерiнен өсуiн тоқтатады.
Аңызақтың түрлерi. Аңызақтың 3 түрi болады:
1. Ыстық аңызақ – жоғары ауа температурасы және төмен ауа ылғалдылығымен сипатталады, өсiмдiктердi күйдiредi, транспирацияны өте жоғарылатады, өсiмдiк тамыры арқылы келетiн су транспирация шығынын толтырып үлгермейдi, тургорды жоғалтады, солады (31-кесте).
2. Құрғататын аңызақ – ауа ылғалдылығы төмен, ылғалға үлкен тапшылық туғызады, егерде ол масақтану немесе гүлдеу кезiнде болса тұқымның (дәннiң) толмауына (жартылай) әкеп соғады.
3. Суық (салқын) аңызақ – өте қатты жел болған жағдайда және өте төмен ауаның ылғалдылығы кезiнде пайда болады. Әсiресе бау бақша және ағаштарға қауiптi, ағаштардың солуына (кебуiне) және құрғауына әкеледi. Кей кезде аңызақ шаңды боранмен жүредi (қара жел).