АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет56/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

ГТК= жауын/ t  10, мамыр-шiлде айлар аралығында;
мұнда: жауын – 05, 06, 07 – айлардағы жауын мөлшерi, мм;
t – сол айлардағы орташа температураның қосындысы, 0С.

Г.Т.Селяниновтың есептеулерi бойынша, егер ГТК мәнi вегетациялық кезеңде 1,6 артық болса – ылғалы өте көп аймақ деп сипатталады;


1,6-1,3 – орманды ылғалды аймақ;
1,3-1,0 – орманды дала (ылғал жеткiлiксiз);
1,0-,07 – дала (құрғақ аймақ);
0,7-0,4 – қуаң дала (өте құрғақ аймақ);
0,4 және төмен болса – шөлейт және шөл;
ГТК мәнiнiң 0,7 ден төмендегенi құрғақшылықты бiлдiредi, ал 0,4-тен төмендегенi өте күштi құрғақшылықты.
Құрғақшылықпен күресу әдiстерi. Құрғақшылықтың ауылшаруашылығына зиянды әсерiн ескере отырып, онымен күресу үшiн көптеген ғылыми жұмыстар жүргiзiледi. Сол жүргiзiлген ғылыми зерттеулердiң және агротехникалық шаралардың көрсеткiштерiне, нәтижелерiне сүйене отырып құрғақшылықпен күресудiң үш бағыты анықталады:



  1. Селекциялық-генетикалық;



  2. Агротехникалық;



  3. Мелиоративтiк.

Селекциялық-генетикалық әдiс – құрғақшылыққа төзiмдi жаңа өсiмдiктер сорттарын шығару керек. Жергiлiктi аймақтың климатына бейiмделген, төзiмдi ауылшаруашылық дақылдарын аудандастыру қажет.


Агротехникалық және мелиоративтiк бағыттардың мақсаты – дақылдарды ылғалмен қамтамасыз ету, ол үшiн мынадай шаралар жүргiзу қажет:
1. Танаптарда таза пар қолдану – ылғалды, қоректiк заттарды көбейтiп, арамшөптерден тазалайды. Далалық, құрғақ далалық және тәлiмi жерлерде ылғал жинау мәселесiнде пардың, оның iшiнде ықтырма пардың алатын орны үлкен;
2. Орман жолақтарын егу – желдiң жылдамдығын төмендетiп, топырақтағы ылғалды сақтайды, қар тоқтатады;
3. Топырақ өңдеу жүйесi – топырақта ылғалды сақтап, көбейту үшiн әр бiр танапқа, аймақта зерттелген әдiстердi енгiзу қажет. Мысалы: Солтүстiк Қазақстанда бұрынғы Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институты, қазiргi А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндiрiстiк астық шаруашылығы орталығы ғалымдары ұсынған жазықтiлгiшпен өңдеу тәсiлi өндiрiске енгiзiлдi. Бұл тәсiлде жердiң беткi қыртысын аудармай, топырақты тереңге қопсытып, топырақтың суды сiңiрiп өз бойында ұстау қабiлеттiлiгiн арттырады;
4. Ауылшаруашылық дақылдарының себу мөлшерi, уақыты көктемге және топырақтағы ылғалға байланысты. Сондықтан, осы агротехникалық шараларды реттеуге болады;
5. Қар тоқтату. Солтүстiк облыстарында көктем кезiнде дақылдарды ылғалмен қамтамасыз етудiң бiрден-бiр көзi қар жамылғысы болады. Бұл жерлерде қар түрiнде ылғалдың 60-100 мм түседi. Осы ылғалды сақтап қалғанда топырақтағы ылғал мөлшерiн көбейтiп сақтап қалуға болады. Осы агротехникалық шараның арқасында көктем айларында егiндi құрғақшылықтан сақтап қалуға болады;
6. Арамшөптермен күрес. Арамшөптер мәдени дақылдармен қатар өнiп-өсе топырақ ылғалын, қоректiк заттарды көп пайдаланады. Олар жойылған жағдайда мәдени дақылдардың ылғал пайдалану үлесi артады;
7. Суару. Ағын суды топырақ және атмосфера ылғалдылықтарына айналдыратын шара немесе топырақ ылғалдылығын жасанды түрде арттыру. Суару топырақтың тек сулық режимiн реттейдi деп шектелуге болмайды. Себебi суару нәтижесiнде басқа да мелиоративтiк (ауалық, тұздық, қоректiк, жылулық және микробиологиялық) режимдерi де жақсарады. Сондықтан, суармалы жерлерде ауылшаруашылығы дақылдарының алдын-ала көзделген, яғни жоспарланған өнiмдерiн алу мүмкiндiгi өте жоғары болады. Суару нәтижесiнде, шөл, шөлейт аймақтарында да дақылдар өнiмдiлiгi 4-5 есе артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет