АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет55/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Топырақтық құрғақшылық екiге бөлiнедi:
а) топырақтық далалық;
ә) топырақтық шөлдiк.
Топырақтың өңделетiн қабатының 30 см тереңдiгi құрғаған жағдайда топырақтық далалық құрғақшылық пайда болады. Бұл жағдайда өсiмдiктердiң өсуi аздап нашарлағанмен вегетация жалғаса бередi, өйткенi төменгi қабаттардан ылғал пайдаланады.
Егер, өсiмдiктердiң барлық тамырлары тараған топырақ қабаты құрғаған жағдайда – топырақтық шөлдiк құрғақшылық пайда болады. Бұл жағдайда өсiмдiктер өсуiн тоқтатып сола бастайды.
Топырақтық құрғақшылығының пайда болуының негiзгi себебi – агротехникалық шаралардың дұрыс жүргiзiлмеуi, топырақты дұрыс өңдемеу, орман жолақтарының болмауы немесе жойылуы және т.б.


Атмосфералық құрғақшылық - ауаның температурасы өте жоғары, ал ылғалдылығы төмен болғанда пайда болады. Осындай құрғақшылықта топырақта ылғал болса да өсiмдiк оны пайдаланып үлгермейдi, өсуiн нашарлатады. Жыл мезгiлiне байланысты құрғақшылықтың үш түрi болады: көктемдiк, жаздық және күздiк.
Көктемдiк атмосфералық құрғақшылық төмен ауа ылғалдылығымен, бiрақ ауа температурасы жоғары емес және құрғақ-суық желмен сипатталады. Ерте көктемде мұндай құрғақшылықта өсiмдiктер нашар өседi, өнiмдiлiк төмендейдi.
Жаздық атмосфералық құрғақшылық - өте жоғары температурасымен, төмен ауа ылғалдылығымен және жоғары ылғал булануымен сипатталады. Бұл құрғақшылықтың өсiмдiктерге зиянды әсерi өсiмдiктiң өсу фазаларына байланысты. Дәндi дақылдарда – масақтану, гүлдеу кезiнде болса – масақтың кiшкентай болуына, дәннiң санының азаюына әкелiп соғады.
Күздiк құрғақшылықтың зиянды әсерi кеш пiсетiн дақылдардың өнiмдiлiгiне және күздiк дақылдардың өнiп-өсуiне тиедi.
Атмосфералық құрғақшылықтың пайда болу себебi – Арктикадан келетiн антициклондар: олар – ашық, құрғақ ауа-райын, өте төмен ауа ылғалдылығын және төмен температура алып келедi.
Қазақстанда құрғақшылық күндерi өте көп болады. Теңiздер мен мұхиттардың алыстығына, шөлдер мен шөлейттердiң жақындығына байланысты құрғақшылық туатын – пайда болатын орталық Қазақстан деп есептелiнедi. Көпжылдық мәлiметтер бойынша жылы кезеңде жарты жылдықта 37-69 тәулiктерде құрғақшылық болады, ал аса құрғақшылы жылдары 100-115 тәулiкке жетедi. Құрғақшылық Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында көп байқалады, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiн, өте күштi құрғақшылық 50% дейiн, күштi – 20%, ал нашар 15-20% дейiн төмендетедi.
Белгiлi бiр ауданның климатының құрғақшылығын анықтау үшiн ылғалдану коэффициентiн анықтайды. Қазiргi уақытта ең көп тараған Г.Т.Селянинов әдiсi. Ол үшiн Селяниновтың гидротермикалық коэффициентiн ГТК есептен табу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет