теңiз деңгейi бойынша биiктiк – (2500 м биiктiктен жоғары үсiк шiлде, тамыз айларында байқалады);
су бассейiндерiнiң жақындығына байланысты (үсiксiз кезең – 20-25 күнге көбейедi);
Үсiктiң ауылшаруашылық дақылдарына қауiптi дәрежесi интенсивтiлiктiгi (күшi) мен ұзақтылығына байланысты. Ықтималдылық – бұл кез-келген күнге әртүрлi үсiктiң қарқынды болуы.
Үсiкпен күресу шаралары:
1. Профилактикалық: а) Үсiкке төзiмдi өсiмдiктер сорттарын таңдау. Желден қорғайтын орман жолақтарын отырғызу;
ә) Егу алдында тұқымды шынықтыру (егер алдында тұқымды төмен температурада ұстау);
б) Үсiк шалатын участкелердi айқындау (картаға сүйене отырып, үсiкке төзiмсiз дақылдар мен ерте шығатын сорттарды еккiзбейдi).
2. Пайда болған үсiктермен күресу шаралары: а) түтiндету, жасанды қыздыру;
ә) жердi тығыздау;
б) суару.
Ауаның температурасы күрт төмендеген жағдайда, өсiмдiктердi, жемiс-жидектердi қорғау үшiн түтiндету әдiсiн пайдаланады. Ол үшiн бiр гектарға 50-60 жерге ылғал қоқысты (ағаш шыбықтары, солома т.б.) үйiп, топырақпен жабады. Оларды шахмат түрiнде орналастырады. Үсiк болар алдында түнгi сағат 12 ден бастап осы үйiлген қоқыстарды түтетедi. Жер бетiнен көтерiлген түтiн ауаның температурасын жоғарылатады.
Топырақты тығыздау арқасында сол топырақтың жылу өткiзгiштiк қабiлетiн арттырамыз. Төменгi қабаттан жылу жоғарғы қабатқа көтерiле бастайды.
Суару – мақта, көкөнiс танаптарында күзгi үсiктермен күресу үшiн пайдаланады, ол үшiн жылылау суды пайдаланады (ауа температурасы бiрден төмендеген жағдайда су жылылығын сақтап тұра бередi). Әсiресе жаңбырлатып суару жақсы әсерiн тигiзедi, өйткенi ауаның ылғалдылығы артады.
2. Құрғақшылық түрлерi және күресу шаралары Қазақстан республикасының 70-80% өңделетiн жерлерi ылғалдануы жеткiлiксiз, булануы жоғары, құрғақшылық және аңызақ көп қайталанып тұратын аймаққа жатады. Олардың ауылшаруашылығына зияны өте көп.
Қүрғақшылық - көп уақыт жауын-шашынның болмауы, ылғалдың топырақтан булануының әсерiнен өсiмдiктiң тамырының көп тараған топырақ қабатының құрғауы. Топыраққа кiрiс болатын ылғалдан шығысы әлдеқайда көп болған жағдайда құрғақшылық болады.
Құрғақшылықтың екi түрi болады: топырақтық және атмосфералық.