«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет33/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Список использованной литературы: 
1. «Знаешь ли ты?» энциклопедия Раимбеков К.Д., Байгабулова К.Т. – Алматы: Изд. «Аруна» 
2. Статья из газеты «Первым из искусств считаю слово...» 
3. Интернет ресурс https://e-history.kz/ru/prominent-figures/show/12608/ 
4. «Звезды казахской литературы» ч.1, Шабжантаева М.Ш. – Кокшетау-2009 
https://ru.sputnik.kz/20190901/baytursynov-bukvar-uchebnik-alfavit-11404648.html 
 
 
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЫ 
Уатқанова Бақытгүл Жұмабекқызы,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Амангелді ауданы білім бөлімінің 
Амангелді жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Заманның әр кезеңінде дарынды да, талантты өкілдері болғаны тарихтан белгілі. 
Талантты өкілдер елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік 
махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш-жігерін жұмсаған ардақты азамат 
ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Ел жанашырларының істері ұрпақтан- ұрпаққа 
жалғасып, әдебиетте, тарихта елеулі орын алатыны сөзсіз. 
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ахмет 
Байтұрсынұлы. Ол - жаңашыл, дарынды ағартушы тұлға, жас ұрпақ үшін теңіздей толқып, 
тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, өз шығармаларына жинақтай білген. Ахмет өзі 
өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделерінің кәдесіне, болашақ ұрпақ тәрбиесіне жарата білген. 
Ол оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан 
қалыс қалған, мал бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды
күрес жолының мақсаты етіп қояды. Сол мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық 
мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз 
болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, 
жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп батыра айтады. Оның 
қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан 
жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне 
араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады. 
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері 
тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала
оқытудың жолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе, бұл реттегі Қазан 
революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай салған 
ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет 


67 
зерттеуші, түрколог, лингвист, дарынды ақын-аудармашы, ұлт көсемі, қазақтың дара тұлғасы, 
қазақ халқына «Қазақ әліпбиін» жасап кеткен Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың туғанына
150 жыл толып отыр. Ахмет тілді оқыту барысында оқушыларға сөз мағыналарын, 
грамматикалық заңдылықтарды жүйелі үйрету қажеттілігіне баса назар аударған және оқу-
ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың 
өзінде: 
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, 
Сап-сары, аяқтары ұзын маса. 
Өзіне біткен түрі өзгерілмес, 
Дегенмен қара я қызыл маса. 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша. 
Ұйқысын аз да болса белмес пе екен, 
Қоймастан құлағына ызыңдаса – деп,
білім-ғылымнан кенже қалған қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, 
алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. Оның туған халқы үшін өз алфавитін жасау 
әрекетіне де, тілін зерттеп, оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай дүниені жасауына 
да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істерге араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық 
мақсаты деуге болады. 
Ұлт ұстазының ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек 
оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала
оқытудың жолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе, бұл реттегі Қазан 
революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы «Қазақ» газетінде
«Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов болатын. Бұл 
мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен 
байланыстырып дәлелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан 
жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік», - дейді. 
«Надандық» деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен 
себеп – қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Балаларға білім берудің бірінші басқышы – 
бастауыш мектеп. Сондықтан ғалым оқу-білімнің осы бірінші сатысына қатты назар аударады. 
1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды. («Қазақ», 1914. № 61,
9 мамыр). Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе 
қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің хал-жағдайы мәз емес екендігін, оларда 
программа, оқу құралдары дегендердің жоқтығын мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтады. 
Бастауыш мектеп бес жылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі 
жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді. Бұл - қазір де өзекті мәселе. Өйткені, қазақ 
балалары көбіне орыс тілінде сөйлейді.
Міне, бұл айтылғандардың барлығы Ахмет Байтұрсыновтың оқу-ағарту жайындағы ой-
пікірлерін, көзқарасын, тілек-талаптарын танытады. Өткен ғасырдың II жартысынан бастап 
көтерілген оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса, 
оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін білеміз. Осы 
салада одан кейінгі нақты іс істеген екінші адам («екінші Алтынсарин») Ахмет Байтұрсынов 
болды.
Болашағы зор болсын деп халықтың, 
Өмірінің өткелдерін өткерді.
Әр қазақты «жалғызым» деп атаған,
Қазақтың дара Ахметі осы еді. 
Алаш үшін кеудесін оққа тосқан, 
Алаш үшін шынайы болған ұстам!
Қанша жаза, қанша ыза болса да, 
Алаш үшін бәріне де шыдап баққан.


68 
Өз жұртының сөзін сөйлеп, қамын жеп,
Қарсы шықты билікке де, сотқа да, 
Елі үшін «халық жауы» атанып,
Жазықсыз түсті-ау абақтыға, азапқа!
Қазағымның болашағы болсын деп, 
Оққа ұшты «жұртым аман жүрсін» деп. 
Жаны өшсе де, аты өшпес өр тұлға, 
Есімізде мәңгі қалдың, арысым! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет