69
көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау
жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың,
әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама
атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен
категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет
Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге,
бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Сонымен
қатар «Әдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынұлы аса
бай фольклорлық материалды
пайдаланғанын байқадым. Әсіресе, теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және
баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар
арқылы бекітіп отырды.
Мақала жазу барысында бойтұмардай ой түйгенім: біріншіден, ғылымды, әйтеуір, бір
нәрсеге керек болар деп, есеппен қумай, білмеген нәрсеңді білгеннен рахат алуымыз керек.
Бойымдағы білімімді еселей түсу үшін, осы айтқандарымнан өзіме бойтұмардай ой түйдім.
Қазіргі жаңартылған білім шеңберінде ұлт ұстазының шығармалары оқушылар үшін өте
маңызды. Дәл қазіргі сәтте оның мұрасы мектебіміздің игілігіне жарап отыр. Тарқатып айтсам,
өзімнің тәжірибемде Ахмет Байтұрсыновтың алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды
түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен қыдыр»,
«Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар
психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған.
[Әр сабақ барысында бұл тақырыптарды өмірмен байланыстырып отырамын. Бұл
шығармаларын шәкірттерімнің сабақ барысында ерекше сезімге берілетіндерін байқадым.
Өйткені, әрбір әңгімедегі негізгі ой оқырман ретінде үлкен ой салғаны анық.
Бүгінгі күні ұлт ұстазының мұрасын шәкірттеріме ақпараттық технологияны қолдана
отырып, түсіндіремін. Мәселен, «Қайыршы мен қыдыр» шығармасын «Шағын эссе» әдісі
арқылы орындату арқылы қайыршы болса да адам баласының бойында асыл қасиет
сақталатынын дәріптеуге баулысам, «Серпілген сауал» әдісімен «Ат пен есек» мысалын адам
байлыққа тек еңбекпен жететінін дәлелдеуге үйретемін. Ал «Сахналау» әдісімен «Қартайған
арыстан» мысалы арқылы адам өмірінде жақсы істерімен мәңгі екенін ескертіп айтады. Иә,
қай
шығармасын қолға алсаңыз, ғибратты ойға кенелесіз. Бұл пікірді оқушыларымнан
естігенім менің көңілімді өсірді. Қолыма қалам алған сәтімде Ахмет Байтұрсыновтың
ғибратты сөздеріне сүйене отырып, адамның ішкі жан-дүниесі мен ақылының, сабырының,
қайраты мен мейірімінің рухани қайнар көзі білім мен ғылым екеніне көзім жетті. Иә, дана
ақынның 150 жылдығы қарсаңында «Қырық мысал» туындысын тағы да бір рет қолыма
алдым. Бұл жол - бізді білімге, ғылымға апарар жол. Біз Ахмет Байтұрсыновты тану арқылы
білімге құштарлығымызды арттырып, Қазақстанды әлемге танытамыз, оның өлеңдері біздің
білім алудағы ұранымыз болып қалады. Өйткені, тіл атасының мұрасы сөйлеу шеберлігімізді
дамытып, санамызға сөнбес білім шырағын жақты.
Мен парасаттылық,
адамгершілік, елжандылық, сапалы білім т.б сөздерінің мәнінің
салмағы терең екенін ізденіс үстінде түсіндім. Ал сол жарқын болшақтың тірегі ұстаздар
қауымы болғандықтан Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуды еселей түсуіміз керек.
Жасыратыны жоқ, 11 сыныпта ағартушының шығармалары қамтылмаған. Дегенмен, сабақ
барысында өлеңдерін талдатып, әңгімелерін өмірмен байланыстырып отырамын. Өйткені, өз
халқының лайықты ұлының
мұралары білім ғана емес, адами құндылықтарды бойымызға
сіңіре түседі деп нық сеніммен айта аламын. Ұлт ұстазының халқы үшін орасан еңбек еткенін
«Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық» деген өлең жолдарынан анық байқалады [«Қазақстан
мұғалімі» журналы, № 8, 5-6 б.]. Осы тақырыпқа ізденіс үстінде ұлы ақынның білім мен
тәрбиені ешқашан бөліп қарамағанын түсіндім. Өйткені, жақсы тәрбие тек білім арқылы ғана
келеді деп үндеу тастаған ақын өзінің шығармалары арқылы біліммен қатар, жақсылыққа,
адамгершілікке үгіттеген екен. Мысалы, «Аққу, шортан, Һәм шаян» өлеңі арқылы бізді
бірлікке, ынтымаққа шақырған жоқ па? Бұл - нағыз дәл осы уақытта біз үшін керек нәрсе.
70
«Реформатор, әдебиеттанушы»! Иә, ұлы тұлға болашақты ертеден болжапты. Олай деу
себебім, оның аударған мысалдары, әңгімелері бізге жол көрсетіп, дұрыс жолға бағыттап отыр.
Мәселен, ұлы ақынның өлеңдерін өзімше пайымдап көрдім. Ашып айтсам, «Маса» өлеңінің
өзегі білімге, еңбекқорлыққа шақырады. Көмекке зәру халқыңды білім арқылы биікке көтер,
еңбек ет деп үндеу тастайды.
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлтын шын сүйген азамат. Ол
ұлтына, қазақ халқына адал
қызмет етті. Ол, шын мәнінде, ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді. Ел боламыз
десек, Ахмет Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея
биігінен көрінуіміз керек. Тіл атасы, реформатор Ахмет Байтұрсыновтың мол мұрасы жас
ұрпақтың болашақта білімді, елжанды, шығармашыл болуына көмегін тигізуде деп сенімді
түрде айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: