119
Біріншіден, Ахмет Байтұрсынұлының көзі тірі кезінде еңбектерінің жариялануы және
оған деген сол кезеңдегі көзқарастар, яғни ғалым мұрасын обьективті бағалауға тырысқан
мақалалардың еңбектердің жарық көру кезеңі.
Екіншіден, оның репрессияға ұшыраған кезеңінен ақталғанға дейінгі уақыттағы
еңбектерінің насихатталуы; ол 1937-1980 жылдар аралығындағы уақытты қамтиды. Яғни,
ғалымды қаралау негізсіз айыптау түріндегі еңбектердің жариялану кезеңі.
Үшіншіден, еліміз егемендік алғаннан кейінгі ағартушы еңбектерінің жарық көруі және
оның еңбектерін ғылыми ақиқат тұрғысында зерттелу жайы қарастырылады. Ахмет
Байтұрсынұлының ағартушылық-педагогикалық мұраларын зертеу барысында оның
филология, педагогика ғылымының негізін қалаушы темірқазықтарының бірі болып
табылатынына көзіміз жетеді. Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын зерттеудің осы үш кезеңі және
оның туу себептері саяси - әлеуметтік жағдайлармен байланыстырыла сараланып дәлелденді
[6].
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі.
Оның жазған кітаптары мен ол туралы жазған кітаптар қазір де қолданыста жүр.
Челябі губерниясына еніп кеткен Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару үшін
Мұхамеджан Сералинмен бірге В.И.Ленин атына арнайы хат жазып қана қоймай, РКП(б)
Орталық Комитетінде арнайы қаратып, қаулы қабылдатты. М.Қозыбаев сөзімен айтсақ, Ахаң
Совет заманында да ұлтқа қызмет етуді бір сәт тоқтатқан емес. Бұл жылдары Ахаңның Одақ
көлеміндегі шет аймақтардағы халықтардың мұң-мұқтажын жоқтаған еңіреген ер екендігін,
ұлт-азаттық қозғалысы қайраткері екенін таныта білді.
Қорыта келе, А.Байтұрсынұлы қай жүйеде, қай салада жұмыс істесе де, алдына қойған
мақсатынан, яғни туған ұлтын алдыңғы қатарлы ел ету мақсатынан ешбір айнымаған.
Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын бүгінгі жаңа буын оқулықтары мазмұнымен
байланыстыра отырып сабақ берудегі мақсатымыз - оқушылардың оқуға деген
қызығушылығын арттыру және бастауыш сыныптан бастап оларды ғылымның тіл
ғылымындағы еңбегімен таныстыру.
Ахмет Байтұрсынұлының есімі келешек ұрпақтың жадында, жүрегінде жатталып
қалатынына сенемін. Енді біздің міндетіміз бен мақсатымыз – Ахмет Байтұрсынұлының есімін тек
қазақ жұрты ғана емес, күллі әлем азаматтары сүйсініп оқитын дәрежеге жеткізу. Көптеген
қалдырып кеткен мұраларын әр қазақ азаматы білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: