Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың Ахметі»: Респ.
ғыл.-тәж. конф. материалдары - Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2013 ж.
2. Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен Қазақстан. 1997 ж.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 3 том. Алматы: «Атамұра», 2002.
4. «Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық». Алматы. 2010 ж.
5. Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жаңа деректер
6. Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ өкпесі. 19 желтоқсанның 2011 жылы.
7. Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақтың бас ақыны.
8. Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ һәм түрлі мәселелер.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
Жандильдина Нурлыгул
Жанибековна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Амангелді ауданы білім бөлімінің
Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мен мектеп табалдырын 1975 жылы аттап, қазақ тіліндегі зат есім, сын есім, сан есім,
етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем,
қаратпа сөзбен таныстым, сауаттандым, бірақ сол сөздердің авторы Ахмет Байтұрсынұлы
екенін 1988 жылдары жоғарғы оқу орнында ғана білдім. Ия, мен Максим Горькийдің
Данкосын жаттап өстім. Оның қараңғылықтан халқын өзінің жүрегін жұлып алып, сол
жүректің жарығының арқасында алып шыққан ерлігіне басымды иіп өстім. Бірақ, өз
халқымның Данкосын кеш таныппын.
ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін ауыр, көптеген өзгерістер әкелген күрделі кезең
еді. Бодандықтың боз кемесіне отырған халық жазира даласына аунап-қунап, арғымақты
жүгендеп, желмен жарыса шапқысы келді. Алайда, бұл арман болды. Бұл кезең ой еркіндігі,
сөз еркіндігі тұсалған, халықтың рухани күйреуге ұшыраған шағы еді. Сонымен қатар
қоғамдық-саяси реформалармен қатар, халық небір рухани жаңғыруларды бастан кешкен
уақыт болды. Осы кезеңде ұлттың үнін шарықтатып, көзін ашуға талпынған халықтың
зиялылары тарих сахнасына көтерілді. Солардың бірі де, бірегейі – Ахмет Байтұрсынов еді.
«Ұлт ұстазы» аталып кеткен ол – мемлекет қайраткері, түркітанушы, аудармашы, ағартушы
қазақ шыңырау қапастан алып шығушылардың бірі де, бірегейі болды.
Не жазып ем,
Құдай-ау, мен қазаққа,
Мүбтала ғып салғандай бұл азапқа?!
Адамшылық есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегендік пе азатқа?
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес, алысқа.
«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, -
Дедім, - сен де қатарыңнан қалыспа!» - деп өз заманынан оза туып, көрегендік танытқан
біртуар перзенттен, оның рухы алдында кешірім сұрау - әр перзенттің парызы. Дегенмен, ол
салған сара жолмен жүріппіз, ол түрлеген әдебиет саласымен зерделеппіз, ол армандаған
арманға жетіппіз.
123
Ахмет Байтұрсынов мұраларын мен төрт бағытқа бөлер ем.
- Ағартушылық қызметтегі оқу ағарту мақсатында жазылған мақалары;
- әдістемелік оқулықтар мен оқулықтар, тіл білімі мен әдебиетке байланысты зерттеулер;
- араб графикасына негізделген қазақ жазуы мен тіл біліміндегі терминдердің қазақша
баламасының негізін қалаушы;
- оқырман сана-сезіміне әсер ету үшін жазылған ағартушылық бағыттағы шығармалары.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының зиялы қауымы
қалыптаса бастады. Олар Петербор, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбар, Троицк тағы басқа қалаларда
оқып, мұсылманша не орысша білім алған қазақ жастары шыға бастады. Олар дәулетті де,
шағын да, кедей ортадан шыққанымен, едәуір білім алғандарының көбі әкімшілік, сот
орындарында қызмет етіп, бас пайдасын, өз мүддесін көздейтін болды. Ахмет
Байтұрсынұлының өз тілімен айтқанда, «байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын
ойлайтын адам аз боп» тұрғанда, оқу-білімнен кенде, қараңғы қазақ қауымының сауатын
ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірегейі еді.
Ағартушылық іс сол кездегі қазақтың әлеуметтік тіршілігіндегі ең қажетті игілікті
істері тек оқу-білімге шақырумен тынбады. «Газет-халықтың хәм құлағы мен жағы» дегендей,
мектептердің жайын, бала оқытудың жолдарын газет-журналдарға жазады. «Ағартушылыққа
байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп,
тұңғыш 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетіне «Оқу жайлы» атты мақаласы жарияланды. Газет
қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Мақалада «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізат
сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл -
надандықтан келген кемшілік», - дейді. Сол кезде Ахаң көтерілген проблема қазіргі таңда да
өзекті. «Надандық» деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс қалуымыз. «Қазақ ішінде әр
жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға программа (жосық) көрсетілсе екен деген
өтініштер келеді. Өйткені, қазақтың бастауыш мектепте белгіленбек түгіл, әлі шыққан да жоқ.
Жаңа ғана әліппе шыға бастады. Оның да қайсысы оқылары белгіленген жоқ», - деп өзінің
қынжылысын білдіреді. Сол кездегі мектептер аз, бала оқытатын мамандардың да тапшы
екенін айта отырып, қазақ тілінде мамандар даярлайтын оқу орындары жоқтың қасы екенін
баса айтады [1].
Балаларға білім берудің бірінші басқышы - бастауыш мектеп деп, оқу-білімнің осы
саласына бірінші назар аударады. 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты «Қазақ» газетінде
жарық көрген көлемді мақаласында «бастауыш мектеп бес жылдық болсын, алғашқы үш
жылда балалар ана тілінде оқысын, кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді.
Бұл кездерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағырапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс
пәндері жүретін болсын» деп нақты ұсыныс айтады. Бұл ұсыныста ұлт тарихының бастауыш
сыныптан оқушы санасына сіңіруді алға қояды. Осы мақаласында қазақ балаларын оқытатын
бағдарламаның, кітаптардың жоқтығын сынайды.
Қараңғылық шырмауына шырмалып жатқан даланы ояту мақсатында даланың
алғашқы қоңырауы болған Ыбырай Алтынсарин еді. Осы салада нақты іс-әрекетімен көзге
түскен Ахмет Байтұрсынов болды. Ол - халықты оқуға шақырған, білім-ғылымның
қажеттілігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы
мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған, бала оқытып, ұстаздық еткен тәжірибелі жан. Бұл іс-
әрекеттер: қазақ жазуына лайық графика түзу, жазу тәртібі, емлені жасау, қазақша сауат
ашатын «Әліппе» жазу, ана тілін танытатын мектеп оқулықтарын жазу, бала оқыту әдістерін
көрсету. Осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгінде жалаң ағартушы болып қана
емес, ғалым-ағартушы болып та көрінді. Ол қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілінде
тұңғыш баяндаушы ғалым болды.
«...Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс
істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға,
синтаксистік құрылысын өзге тілдердің (жағымсыз) әсерінен тазартуға әрекеттендім.
Төртіншіден, «қазақ прозасын» (яғни, іс қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін)
124
жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми
терминдерді жасауға кірістім...», - дейді 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған
«Өмірбаянында»[2]. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына
«Оқу құралы» мен үш бөлімнен тұратын «Тіл-құралы», «Тіл жұмсар» оқулықтарының әсері
ұшан-теңіз болды. «Өнердің ең алды - сөз өнері саналады. «Өнер алды-қызыл тіл» деген қазақ
мақалы бар. Мұны қазақ мал баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен
айтқан», - дейді өз мақаласында [3]. Қазақ әдебиетін саралап, зерделеп, талдап берген ұлы
ұстаздың «Әдебиет танытқышы» керемет туынды болды. Бұл туынды да ғалымның әдебиетті
жанрлық формаларына топтап, жіктеп берудегі даналығы мен терең зерттеушілік білімінің бір
көрінісі еді. Бұл туралы «Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған
мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде-бір бөгде тілдің сөзін
қоспай, бірде-бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен
«Әдебиет танытқышты» жазып шықты» деп туған топырақта дүниеге келген қазақтың
көрнекті ақыны Сырбай Мәуленов ағамыз баға берген екен. [4] Ахмет Байтұрсынов
ағартушылық қызметінде халық даналығы тудырған фольклорлық мұраларды жинап,
зерттеуге ерекше ден қойды.
Ағартушы-ғалым жинап, реттеп, сұрыптап бастырған негізгі фольклорлық мұра -
«23 жоқтау». Онда қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23 жоқтау, трагедиялық
жырлар берілген. Әр шығарманың тәрбиелік-тағылымдық мәні зор. «Асыл сөз» атты еңбегінде
де қазақ халқының сөз өнеріне қатысты дәстүр, әдет-ғұрыптарына жан-жақты тоқтала отырып,
оның тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынұлы өмірлік алға қойған мақсаты – осы қазақ жұртына не болған?
Неге ұйқыда? Неге оянбайды? Халқымды оятсам – деген тілекпен өмір сүрген.
Жол көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жоқ сілтедім жақын емес, алысқа.
Өзге жұрттан өрге қадам басқанда,
Елім, сен де қатарыңнан қалыспа, - дей келе, оқырман санасына өз шығармалары және
аудармаларымен әсер етуді көздейді. А.Байтұрсынұлы бар уақытта, бар кезде де оқу керек деп
кетті. 1911 жылы Орынбордан шыққан «Маса» атты өлеңдер топтамасында осы ойын
нақтылайды. «Масаның» негізгі идеялық қазығы - жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани
көтерілуге, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге шақыру. Ақын шығармалары
жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес. Ақын өз өлеңдерінде көбіне сол замандағы
ұлы данышпандар қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, ұмыт қалған дәстүрлерді,
гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде
көрінеді. Солар сияқты А. Байтұрсыновта айнала қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен
қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат»,
«Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» сияқты өлеңдердің мазмұны
осыны танытады.
Ұлт ұстазы сонымен қатар, адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік,
алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді
сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық
бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар
жасады.
Адам бойындағы жаман қасиеттерден жирендіре отырып, ой тастауды мақсат етеді.
Мысалдар жинағын Иван Андреевич Крылов туындыларынан аударып, «Қырық мысал» деген
атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Аудармада қазақ тұрмысына ет-жақын
суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
125
Ақын шығармалар соңында жаңа ой, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. Бұл ақын
ғибратының ерекшелігі болып табылады.
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, - деп елді тұтастыққа, ынтымақ жалауының астына
шақырады.
Қайтсе де халық санасына әсер ету мақсатында түйінді ойлармен шабақтап отырған.
«Қартайған арыстан» мысалына:
Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батып маңайыңа.
Басыңның бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан басынады, малайың да, - деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба
алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы «Үлес» өлеңінің түйінінде
ақын өз позициясын ашық көрсетіп:
Ойласақ оқиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын.
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман,
Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан
Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арқадағы дау-шарына
Кәтерден кәпері жоқ, келер сырттан,-
деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды [5].
Ғылым-білімге баратын жол халықты жақсылыққа апаратын жол екенін ол баса айтты.
Ахмет Байтұрсынұлы еңбегі - қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбек. Қазақ халқы үшін қызмет
етуді өмірлік мұрат тұтқан аяулы азаматтың артында қалған мұралары қазіргі егемен еліміздің
жас ұрпағына қоғамдық тәрбие беруде айрықша мән-маңызға ие екені сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |