Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет150/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   596
Әлеуметтік формалар. Әлеуметтік формалар әлеуметтік түрлер сияқты. Зим-
мель алмасу, шиеленіс, жезөкшелік пен көпшіл болуды қамтитын әлеуметтік 
формалардың да кең аясын қарастырған. Біз ([1908] 1971d) Зиммельдің әлеу-
меттік формаларды зерделеуін оның өктемдік, яғни қожайын мен бағынышты 
туралы ой-толғаулары арқылы көрсете аламыз.
Суперординация және субординация. Суперординация мен субординация 
өзара тығыз қарым-қатынаста. Көшбасшы өзгелердің ойы мен іс-әрекетін то-
лық анықтағысы келмейді. Ең дұрысы, көшбасшы бағынушының оң немесе те-
ріс жауап қайтаруын күтеді. Өзара әрекеттің осы және кез келген басқа форма-
сы өзара қарым-қатынассыз жүзеге аспайды. Өктемдіктің ең ауыр формасында 
да жеке еркіндік бәрібір болады.
Көпшілік үшін суперординация бағыныштылардың тәуелсіздігін толық 
жою амалымен анықталады деп есептейді, алайда Зиммель «олай болған жағ-
дайда әлеуметтік қарым-қатынас мүлдем жойылып кетеді» деп пайымдаған.
Зиммель адам индивидуумға, топқа немесе объективті күшке бағынышты 
болуы мүмкін деп көрсетеді. Әдетте белгілі бір адамның көшбасшылығы тығыз 
байланысқан топқа немесе көшбасшыға қарсы оппозицияға алып келеді.
Мұндай топта оппозиция туындаған жағдайда да, егер екі жақ бір жоғарғы 
күш қол астында болса, шиеленіс әлдеқайда жеңіл шешіледі. Бірнеше күшке 
бағыну әртүрлі жағдайға алып келуі мүмкін. Бір жағынан, бірнеше күшке ба-
ғыну индивидтің ерікті ережелеріне қарағанда объективті болуы топ ішіндегі 
ауызбіршілікке алып келеді. Екінші жағынан, бағынушы көшбасшының жеке 
ілтипатына ие болмаса, араларында өшпенділік туындауы мүмкін.
Зиммель объективті принциппен бағыну қорлық болып табылатынын бай-
қаған, оған адамдар арасындағы қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекет-
тесуінің жойылуы себеп болуы мүмкін. Адамдар өз қадір-қасиетін жоғалтқан 
билікке бағынатынын, оларға әсер ете алмайтынын сезеді. Зиммель индивид-
тің бағынуын әлдеқайда еркін және тосын құбылыс етіп көрсетеді. «Адамға


185
5-тарау

Георг Зиммель
бағыну – тәуелсіздік және абырой элементіне, салыстырмалы түрде заңдар-
ға бағыну механикалық және енжар сипатқа ие» ([1908] 1971d:115). Бұдан да 
күрделірегі – заттарға бағынуды (мысалы, пұтқа табыну) Зиммель «кемсітуші 
қатаң және шартсыз бағыну түрі» деп анықтаған ([1908] 1971d:115). Индивидті 
зат билегендіктен, «ол өзі психологиялық деңгейде қарапайым зат категория-
сына енеді» (Simmel, [1908] 1971d:117).
Әлеуметтік формалар және Зиммель көтерген басты мәселе. Гай Оукс 
(1984 жылы) Зиммельдің формалар жайлы талқылауларын оның басты мә се-
лесі – объективті және субъективті мәдениет арасындағы арақашықтықтың ар-
туымен байланыстырды. Ол «Зиммельдің объективтікті айқындауы – заттар- 
дың субъективті немесе психологиялық генезисінен тәуелсіздігі – Батыстың 
мәдениет тарихындағы ең үлкен жетістігі еді» деген позициядан бас тайды 
(Oakes, 1984:3). Осы объективтікті қарастырудың бір әдісі – формаларды тал-
қылау, бірақ мұндай формаландыру мен объективтендіру қажет әрі қалаулы 
болып көрінгенмен, олар мүлдем теріс болуы мүмкін.
«Бір жағынан, формалар – энергия мен өмірге деген құлшынысты жүзеге 
асырудың қажет шарттары. Екінші жағынан, бұл формалар өмірден ал-
шақтаған және шеттетілген бола бастайды. Бұл процесс жүзеге аса баста-
ғанда өмірлік процесс пен оны айқындайтын конфигурациялар арасында 
шиеленіс туындайды. Ақыры, бұл конфликт өмір мен форма арасындағы 
қарым-қатынасты жоюға қатер төндіреді, сол арқылы өмір процесі авто-
номды құрылымдарда жүзеге асуы мүмкін шарттарды жояды».
(Oakes, 1984:4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет