Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет148/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   596
Әлеуметтік геометрия. Зиммель ресми әлеуметтануда әлеуметтік қатынас-
тардың «геометриясын» дамытуға айрықша назар аударды. Оны қызықтырған 
екі геометриялық коэффициент: сандар мен қашықтық (басқалары – салмақ, 
валенттілік, өзіндік қатысуы және симметрия) болды [Levine, 1981b]).
Сандар. Зиммельдің өзара қарым-қатынастарға адам санының әсері туралы қы-
зығушылықтарын диада мен триаданың айырма шылыған талқылауынан бай-
қауға болады.
Диада және триада. Зиммель үшін диада (екі адамнан құралған топ) және 
триада (үш адамнан құралған топ) арасындағы айырмашылық өте үлкен бол-
ды. Үшінші адамның қосылуы радикалды және іргелі өзгерістерге әкеп соға-
ды. Сондай-ақ артық адамның топқа мүше болып қосылуы үшінші адамның 
қосылғаны сияқты үлкен ықпалға ие болмайды. Өзге топтарға қарағанда, диа-
да екі адамнан артық топқа қатысты мағынаға ие болмайды. Диадада тәуел-
сіз топтық құрылым жоқ; топ үшін екіден артық, ажырамас адамнан басқа 
қатысушы жоқ. Осылайша диаданың әрбір мүшесі индивидуалдықтың жо-
ғарғы деңгейін сақтап отырады. Индивид топ деңгейіне дейін төмендемейді. 
Бұл –триадаға қатысты емес. Триаданың топқа қатысушы адамдардан бөлек 
мағынаға ие болу мүмкіндігі бар. Триадаға қатысушы адамдар санының ар-
тық болу мүмкіндігі оның тәуелсіз топтық құрылым жасау мүмкіндігі болады. 
Нәтижесінде топқа қатысушылардың даралығына үлкен қатер төнеді. Триа-
да топ мүшелері біркелкіленуінің жалпы сипатына ие болуы мүмкін. Топқа
үшінші адам қосылғаннан кейін жаңа әлеуметтік рөлдердің туындау мүмкіндігі 
пайда болады. Мысалы, үшінші жақ топ ішіндегі дау-дамай кезінде өзіне арбитр 
немесе делдал рөлін ала алады. Сонымен қатар үшінші жақ екі жақ арасындағы 
дау-дамайды өз пайдасы үшін қолдануы немесе екі жақ арасындағы бәсекелес-
тік объектісіне айналуы мүмкін. Үшінші топ мүшесі басымдыққа ие болу үшін 
екі жақ арасындағы дау-дамайдың туындауына әдейі ат салысуы ықтимал (бө-


182
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
ліп басқару). Онда стратификация жүйесі және билік құрылымы пайда бола 
алады. Диададан триадаға ауысу индивидтерден бөлектеніп, оларға басымдық 
көрсететін әлеуметтік құрылымдардың дамуында зор маңызға ие. Жеке-дара 
тұрғанда диадада мұндай мүмкіндік жоқ.
Диададан триадаға ауысудан басталған процесс топтың одан әрі ұлғаюына 
әкеп соғады, ең соңында қоғам пайда болады. Мұндай үлкен әлеуметтік құры-
лымдарда индивид қоғам құрылымынан бірте-бірте алыстай береді, жалғыз, 
оқшауланған және сегменттелген болып қалады. Бұл соңында индивид пен 
әлеуметтік құрылымдар арасындағы диалектикалық қарым-қатынасқа әкеп 
соғады. «Зиммельдің пікірінше, әлеуметтенген индивид қоғамға қатысты үне-
мі екіжақты қатынаста болады: ол қоғамға енген және оған қарсы шығады... 
Индивид анықталады, бірақ анықтайды; әрекетке ұшырайды, бірақ өз бетінше 
жасайды» (Coser, 1965:11). Қарама-қайшылық мәні – «қоғам индивидуалдық 
пен автономиялар жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оған бөгет болады» 
(Coser, 1965:11).
Топ көлемі. Жалпы деңгейде Зиммельдің ([1908] 1971a) топ көлемінің әсері 
туралы екіжақты көзқарасы бар. Ол «топ немесе қоғам көлемінің артуы жеке 
тәуелсіздікті арттырады» деген тұжырыммен келіседі. Шағын топтың немесе 
қоғамның адамды толық бақылауы мүмкін. Алайда үлкен қоғамда адам бір-
қатар топтарға қатысады, олардың әрқайсысы өзінің жекелігінің бір бөлігін
ғана бақылайды. Басқаша айтқанда, «индивидуалдықтың күнделікті өмір де 
және іс-әрекеттегі рөлінің артатыны соншалық – қоршаған әлеу меттік орта 
кеңейе бастайды» (Simmel, [1908] 1971a:252). Дегенмен, Зиммельдің ойынша, 
үлкен қоғам көптеген мәселелер туғызады, соңында олар жеке тәуелсіздікке 
қауіп төндіреді. Мысалы, ол бұқара топтарда бір идея – қарапайым идеяның 
басым екенін байқаған. Бұқара топтағы физикалық арақашықтықтың аз болуы 
адамдарды иланғыш және қарапайым идеяларға еруге, мағынасы жоқ эмоция-
лы іс-әрекет жасауға бейім етеді.
Зиммельдің өзара әрекет формаларына қызығушылық көзқарасы тұрғы- 
сынан ең маңыздысы – әдетте жеке адамдар арасындағы байланысты әлсіретіп, 
олардың орнына бір-бірінен алшақтаған, өзіне тән ерекшелігі жоқ және сег-
менттелген қарым-қатынас орнату үшін көлемнің және дифференциацияның 
артуы. Парадокс: адамға еркіндік беретін үлкен топ индивидуалдыққа қауіп 
төндіреді. Сондай-ақ Зиммельдің тағы бір парадоксті ойының мәні адамдардың 
тобырлық қоғам төндіретін қауіпті жоюмен күресу әдісі – отбасы сияқты кіші 
топтарға қатысу.
Арақашықтық. Әлеуметтік геометриядағы Зиммельдің тағы бір талдаған мә-
селесі – арақашықтық. Левин Зиммельдің әлеуметтік қарым-қатынастардағы 
арақашықтық рөлі туралы көзқарастарының жиынтығын ұсынады: «Заттар 
формаларының қасиеті мен мағынасы адамдар мен басқа адамдар немесе заттар 
арасындағы салыстырмалы арақашықтыққа байланысты болады» (1971:xxxiv). 
Арақашықтыққа байланысты бұл мәселе Зиммель еңбектерінің әр жерінде бай-
қалады. Біз мұны екі түрлі тұрғыда талқылаймыз: Зиммельдің ең көлемді The 
Philosophy of Money («Ақша философиясы») мен басты эсселерінің бірі – The 
Stranger («Бейтаныс адам») еңбектері.
«Ақша философиясы» еңбегінде ([1907] 1978) Зиммель құндылықтар 
мен заттарды не құнды ететіні, оның ақшаны талдауға қандай негіз болғаны


183
5-тарау

Георг Зиммель
туралы кейбір жалпы принциптерді тұжырымдады. Бұл еңбекті кейінірек то-
лық қарастыратындықтан, осы тарауда бұл мәселеге қысқаша тоқталып өтеміз. 
Қандай да бір заттың құндылығы оның іс-әрекет етушіден арақашықтығымен 
анықталады. Егер зат тым жақын орналасқан және оңай қолжетімді болса не-
месе тым алыс орналасқан және қолжетімсіз болса, ол зат құнды болмайды. Ең 
құнды – қолжетімді, бірақ үлкен күш салумен алуға болатын объектілер.
Зиммельдің «Бейтаныс адам» еңбегінде де арақашықтық басты орын алды 
([1908] 1971b, Tabboni, 1995; McVeigh and Sikkink, 2005). Эссе тым жақын не-
месе тым алыс орналасқан іс-әрекет етуші типіне арналған. Егер тым жақын 
орналасқан болса, ол бейтаныс болмайды, бірақ тым алыс орналасқан болса, 
ол топпен байланысын жоғалтады. Бейтаныс адам мен топ мүшелері арасын-
дағы орнайтын өзара қарым-қатынас жақындық пен арақашықтық үйлесіміне 
байланысты. Бейтаныс адам мен топ арасындағы арақашықтық топ мүшеле-
рімен бірқатар әдеттегіден тыс қарым-қатынас моделін орнатуға мүмкіндік 
береді. Мысалы, бейтаныс адам топ мүшелерімен қарым-қатынас барысында
объективті бола алады. Бейтаныс болғандықтан, топтың басқа мүшелері оған 
сенім білдіріп, оның жанында өзін еркін сезінеді. Бейтаныс адам мен топ мүше-
лері арасындағы осы, сондай-ақ өзге де қарым-қатынас барысында координа-
ция мен жүйелі қарым-қатынас сызбасы пайда болады. Бейтаныс адам топтың 
органикалық мүшесі болады. Алайда Зиммель бейтаныс адамды тек әлеуметтік 
тип қана емес, әлеуметтік өзара әрекет етудің әдеттен тыс формасы деп есеп-
теген. Өз бойына жақындық пен алшақтықты үйлестіріп, бейтаныстық деңгейі 
барлық, тіпті ең жақын әлеуметтік қарым-қатынасты қамтиды. Осылайша, біз 
әр адамнан табылатын бейтаныстық деңгейін анықтау үшін айрықша қарым-
қатынастың үлкен диапазонын зерттей аламыз.
Геометриялық өлшемдер Зиммель тұжырымының түр мен форма қатарына 
енсе де, ол үшін қарапайым геометриядан әлдеқайда мәндірек. Тип пен фор-
ма – қарым-қатынас моделінің кең спектрін түсіну үшін Зиммель қолданған 
конструкциялар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет