Алеуметтану тероиясы indb


Өзара әрекеттесу: формалары мен типтері



Pdf көрінісі
бет147/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   596
Өзара әрекеттесу: формалары мен типтері
Зиммель талдаған басты мәселенің бірі – әлеуметтік өзара әрекеттесудің маз-
мұны емес, формасы. Бұл мәселе Зиммельдің философиядағы мазмұн мен
форма арасындағы айырмашылыққа сүйенетін Кант дәстүрінің сабақта-
суымен тікелей байланысты. Алайда бұл жерде Зиммель позициясы қара - 
пайым болды. Шынайы өмір үнемі өзгеріске ұшырап отыратын сансыз оқи-
ғалар, іс-әрекет пен өзара қарым-қатынастардан құралады. Осы шынайылық-
тың лабиринтін меңгеру үшін адамдар оларға шаблондар мен форма береді.
Осылайша іс-әрекет етуші шым-шытырық көптеген оқиға орнына санмен шек-
телген формалармен бетпе-бет келеді. Зиммельдің пікірінше, әлеуметтанушы-
ның мақсаты – қарапайым адам жасайтын әрекетті істеу, яғни әлеуметтік шын-
дыққа, соның ішінде өзара қарым-қатынасты жан-жақты талдау үшін оларға 
шектелген санаулы форма енгізу. Бұл әдіснама өзара әрекет етуші нақты қа-
рым-қатынастың кең спектрінен жалпылықты ажыратады.
Мысалы, субординация мен бағынушылықтың өзара әрекеттестік форма- 
лары түрлі жағдайларда болады: «мемлекетте, діни қауымдастықта, астыр-
тын іс-әрекетте, экономикалық ассоциацияда, сурет мектебінде, отбасында» 
(Simmel, [1908] 1959b:317). Дональд Ливайн – ең заманауи сарапшылардың 
бірі, Зиммельдің формалды интерактивті әлеуметтану үшін қолданған әдісін 
былай сипаттайды: «Оның әдісі әлем ағысындағы шектелген, соңғы фе но менді 
таңдауда жатыр, оны құраушы элементтердің көптігін зерттеу; оның формасын 
аша отырып үйлесімділік себебін анықтау. Ол – форманың пайда болуы мен 
құрылымдық салдарын зерттейді» (1971:xxxi). Левин «форма – адамдар ассо-
циациялары арқылы көрсетілетін үлгілер» деп нақтылайды (1981b:65).
1
Зиммельдің әлеуметтік қарым-қатынас формаларына деген қызығушылығы 
түрлі сындарға ұшырады. Мысалы, оны «жоқ жерге тәртіп енгізді және бір-бірі-
мен байланысы жоқ бірқатар зерттеулер жүргізді» деп айыптайды. Әлеуметтік 
шындық күрделілігін зерделеген бұл зерттеулер «қарапайым адам қалыптас-
тырған тәртіптен жақсырақ тәртіп үлгісін ұсына алмады» деген ескертпелер 
айтты. Бұл сыни көзқарастардың көбі Зиммельдің қарастырған әлеуметтануы-


181
5-тарау

Георг Зиммель
ның басқа түрлерін ескермей, тек формалды әлеуметтану, өзара әрекет ету фор-
маларына тоқталатын болсақ қана шынайы болмақ. Дегенмен Зиммельдің фор-
малды әлеуметтануды қарастырудағы тәсілін қорғаудың бірнеше жолы бар. 
Біріншіден, ол шынайылыққа жақын, оны Зиммель қолданатын көптеген шы-
найы мысалдардан байқауға болады. Екіншіден, ол әлеуметтік өмірді негізсіз, 
қатаң категориялармен шектемейді, оның орнына формалардың қоғам өмірінен 
туындауына мүмкіндік береді. Зиммель үшін форма үнемі өмірдің шығарма-
шылық процестерімен тығыз байланыста болатынын ескеру қажет. Негізгі мақ-
сат – қоғамдық өмірге тәртіпті зорлап міндеттеу емес, адамдардың әлеуметтік 
формалар арқылы өз өмірін қалай ұйымдастырып, қалай қайта үйлестіретінін 
көрсету. Зиммельдің формаларды сипаттауын қатып қалған бейнелер жиын-
тығы ретінде емес, өмір мен форма арасындағы шиеленісті жандандырушы құ-
рал ретінде қарастыру қажет. Үшіншіден, Зиммель әлеуметтік әлемнің барша 
аспектілері мәжбүрлеген теориялық сызбанұсқаны қолданбайды. Осылайша 
ол Толкотт Парсонс секілді теорияшыны шектейтін теориялық сызбанұсқадан 
бойын аулақ ұстады. Формалды әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың көп сала-
сына тән нашар концептуализацияланған эмпиризмге қарсы шығады. Әрине, 
Зиммель эмпирикалық мәліметтерді пайдаланған, бірақ олар тек әлеуметтік 
шындық әлеміне белгілі бір тәртіп белгілеу үшін ғана қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет