Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет152/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   596
Объективті мәдениет
Зиммельдің тарихи-философиялық әлеуметтануының негізгі кезеңінің бірі – 
әлеуметтік шындықтың мәдени деңгейі, ол оған «әлеуметтік мәдениет» деп 
анықтама берген. Зиммельдің пайымдауынша, адамдар мәдениетті өндіріп 
шығарады, бірақ олардың әлеуметтік шындықты заттандыру қабілеті бар бол-
ғандықтан, мәдени әлем мен әлеуметтік әлем өздерінің дербес өмірін бастан 
кешеді. Осы өмір оны құрған және де күнделікті қайта құрастырып отырған 
акторларға қатысты үстемділік танытады. «Мәдени объектілер бір-бірімен жа-
бық әлем ішінде тығыз байланысқан, оcы жабық әлемнің (жеке) субъективті 
жанмен (psyche) және оның қалауларымен, сезімдерімен байланысы азаяды» 
(Coser, 1965:22). Адамдар мәдениетті құру және қайта құру қабілетін үнемі 
сақтап отырғанына қарамастан, тарихтағы баяғыдан қалыптасқан үрдіс – мәде-
ниет акторға мәжбүрлі түрде ұдайы әсер етумен келеді. 
«XIX ғасырдың барысында қалыптасқан ағымда (индивидуалды) 
субъек 
тивтіден объективті мәдениеттің басым болуы... сәйкессіздік
және, шамасы, сол үрдіс тоқтаусыз үдей түсуде. Күн сайын әрі жан-жақты
объективті мәдениеттің байлығы артып келеді, бірақ индивидуалды ақыл 
өз дамуының формасы мен мазмұнын тек сол мәдениеттен алшақтап, өз-
дігінен, әлдеқайда ақырын дамуы арқылы байыта алады».
(Simmel, [1907] 1978:449).
Зиммель өмірінің әртүрлі кезеңдерінде жазылған көптеген еңбектерінде 
объективті мәдениеттің бірқатар компоненттерін анықтады, мысалы, құралдар, 
тасымал құралдары, ғылым, техника, өнер, тіл туындылары, интеллектуалды 
сала, көпшілікке ортақ даналық, діни догма, философиялық жүйелер, құқық-
тық жүйелер, моральды кодекстер және идеалдар (мысалы, Отан). Объективті 
мәдениет түрлі жолдармен өсіп дамиды. Біріншіден, оның абсолютті көлемі мо-
дернизацияның дамуымен қатар өседі. Мұны экспоненциалды өсетін ғылыми 
білім мысалынан анық байқауға болады, бірақ бұл мәдени саланың басқа аспек-
тілеріне де қатысты болады. Екіншіден, мәдени әлемнің компоненттер саны ар-
туда. Соңғы және, ең бастысы, әлеуметтік әлемнің түрлі элементтері күшті, тұ-
йық әлемде шырмалады, ал бұл әрекет етушілер, өз кезегінде, бақылау аясынан 
шыға бастайды (G. Oakes, 1984:12). Зиммель тек қана объективті мәдениеттің 
дамуын сипаттап қоймай, ол жайлы ойлаған: «Зиммель заманауи әлемде адам-
зат өнімдерінің саналуандығы мен әртүрлілігінен үлкен әсерде, тіпті уайымда 
болды» (Weingartner, 1959:33).
Зиммельді объективті мәдениеттің өсуі нәтижесінде индивидуалды мәде-
ниетке төнетін қауіп мазалады. Зиммельге индивидуалды мәдениет үстем 
бола тын әлем ұнамды еді, бірақ ол мұндай әлемнің болу мүмкіндігі аз екенін 
білді. Осы жайтты Зиммель «мәдениет трагедиясы» деп атаған (мұны «Ақша 
философиясы» еңбегінде толық қарастырамыз). Зиммельдің объективті мә-
дениеттің индивидуалды мәдениеттен басым болуы туралы нақты талдауы – 


188
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
жалпы принциптің бір мысалы және ол өмірдің барлық саласында басымдық-
қа ие: «Бір заттың құндылығы оның жеке бөлшектерінің құнына байланысты 
азаяды» ([1907] 1978:199).
Зиммельдің объективті мәдениет туралы жалпы аргументтерін өзара қа- 
рым-қатынас формалары туралы іргелі талдауымен байланыстыра аламыз.
The Metropolis and Mental Life («Метрополис және психикалық өмір») атты 
танымал эссесінде ([1903] 1971) Зиммель заманауи қаладағы өзара қарым-қа-
тынас формаларын талдады (Видлер, 1991). Заманауи мегаполисті ол объек-
тивті мәдениеттің дамуы мен индивидуалды мәдениеттің құлдырауының «шы-
найы аренасы» ретінде көрді. Бұл – ақша экономикасының үстемдігі орнаған 
жер, ал ақша, Зиммельдің түсінігі бойынша, адамдар арасындағы қарым-қаты-
нас табиғатына терең әсер етеді. Ақшаны кеңінен қолдану өмірдің барша сала-
сындағы есепке және рационалдыққа әкеп соғады. Осылайша шынайы адами 
қарым-қатынас азаяды, қоғамдық қарым-қатынаста ығыр болу мен ұстамды қа-
рым-қатынас үстемдік етеді. Шағын қалашық үлкен сезіммен және эмоциялы 
сипатталса, заманауи қалалар интеллектуалдық жұтаңдықпен, ақша экономи-
касына қажет есепшілдікпен сипатталады. Сондай-ақ қала – еңбек бөлінісінің 
орталығы, мамандық саласы үздіксіз өсіп келе жатқан объективті мәдениет 
өндірісте басты рөл атқарады, ал оған индивидуалды мәдениеттің құлдырауы 
сәйкес келеді. Қала – «қауіпті теңестіруші», ондағы әрбір адам сезімсіз есептеу-
ге ерекше назар аударады. Объективті мәдениет қатарында индивидуалдықты 
бастан кешу қиындап барады (Lohmann and Wilkes, 1996).
Өзінің қала жайлы эссесінде (басқа еңбектеріндегі сияқты) Зиммель осы 
заманауи дамудың азат ету эффектісін талқылаған. Мысалы, ол кішігірім қа ла-
шықтағы қатаң әлеуметтік шарттарға қарағанда, заманауи қалаларда адам дар-
дың әлдеқайда еркін екенін атап көрсеткен. Зиммельдің зама науи лықтың азат 
етуші әсері туралы ойларына «Ақша философиясы» кітабына арналған келесі 
тарауда толығырақ тоқталамыз.
Бұл еңбек жайлы сөз қозғамас бұрын, Зиммель әлеуметтануының дамуына 
әсер ету ирониясының бірі – оның макроталдау еңбектерінің қолданылуы, бі-
рақ оның үлкен мәнінің теріске шығарылатынын атап өту қажет. Мысал ретін-
де, Зиммельдің айырбас қарым-қатынасы туралы еңбегін алайық. Ол айырбас-
ты қарым-қатынастың «ең таза және ең дамыған түрі» деп есептеген (Simmel, 
[1907] 1978:82). Қарым-қатынастың кез келген формасы қандай да бір зардап 
шегушімен байланысты болғанымен, айырбас қарым-қатынасында ерекше бай-
қалады. Зиммель кез келген әлеуметтік айырбастауды «кіріс және шығыс» деп 
қарастырған. Мұндай бағыттаушылық Зиммельдің микроәлеуметтану туралы 
еңбегінде шешуші мағынаға ие болды, атап айтқанда, айырбастаудың микроба-
ғытталған теориясының дамуына әсер етті. Алайда оның айырбас туралы ойла-
ры ақша туралы еңбектерінде кеңінен көрінеді. Зиммель үшін ақша – айырбас-
тың ең таза формасы. Бір объект екінші бір объектіге айырбасталуымен цикл 
аяқталатын бартерлі экономикаға қарағанда, ақшаға негізделген экономика 
бірқатар айырбастауларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік 
Зиммель үшін шешуші мағынаға ие, себебі ол әлеуметтік құрылым мен объек-
тивті мәдениеттің дамуына әсер етеді. Демек, айырбас формасы ретінде ақша 
Зиммель үшін заманауи, заттанған әлеуметтік құрылымдағы адамдардың шет-
тетілуіне себеп болады.
Қала және айырбас туралы еңбегінде Зиммель ойларының көркемдігін аң-
ғаруға болады, себебі ол айырбастың кіші ауқымды әлеуметтік формалары мен 


189
5-тарау

Георг Зиммель
заманауи қоғамның дамуын байланыстырды. Бұл туралы нақты ойларды оның 
арнайы эсселерінен табуға болады (Simmel, 1991), сондай-ақ «Ақша филосо-
фиясында» біршама түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет