«Ғаяр қатынның оқиғасы» «Жеті уəзір, бір кəнизəкта-
ғы» – «Екінші уəзірдің əңгімесімен» («Мың бір түн») бірдей.
Кедейшіліктен құтылу үшін зинақор еркектердің алдап,
масқаралаған сұлу əйелдің оқиғасы айтылады. Жырды Сая-
діл Керімбеков Қозыбағар ақынның айтуынан жазып алған
(Дастандар.1990).
Кедейленген Базарқанның сұлу əйелі ниеті қара қасап-
шының алдап, ақшасын алады. Шай беріп бола бергенде,
жолаушылап кеткен күйеуі келіп қалған болады. Қасапшыны
бесікке жатқызады. Күйеуіне: «Сен кеткелі сегіз жылдай
болды ғой, мынау – сондағы іште қалған бала, мешел боп
жатыр», – дейді.
Бесіктің бетін ашса көзін жұмып,
Қападан қасап жатыр өлейін деп.
265
264
Базарқан: «Баламыздың сақал-мұрты өсіп кеткені – ұят»,
– деп сақалын қырып, енді етін сылып, кеспекші болғанда
қаша жөнеледі:
Арқалап ағаш бесік арқасына,
Қақпаның өзін таппай қатты састы.
Бесікті арқасынан лақтыра сап,
Қораның қақпасынан қарғып асты.
Одан соң сақалшы Қасымақын дегенді «күйеуі келіп қал-
ған кезде» есіктің бұрышына отынның астына жатқызады.
Күйеу білмеген болып отынды жаққан кезде:
Быжылдап сақал-мұрттан түк қалмады,
Күйбеңдеп сақал байғұс неғып жатыр!
Жанынан жалын өтіп баратқан соң,
Орнынан қарғып тұрып қашты батыр.
Соңында Қазының өзін бұзау сияқты қазыққа байлап қоя-
ды. Əрең қашып құтылады.
Бұл дастанда «əйел мекерлігі» əзіл-күлкімен берілген.
Қызықты оқылады.
«Тотынама» сюжеттеріне ұқсас келетін дастанның тағы
бірі – «Мұрат Салих пен Мағырипа» (Қазақ қиссалары.
1986-6). Біраз оқиғалары «Рауа бануға» ұқсас. Мағырипа атты
Түркістан шаһарында Мұрат Салих деген бай саудагердің
сұлу əйелінің басынан өткен қиын күндері – қиссаның не-
гізгі желісі болады.
Мұрат Салих інісі Басажға бас-көз бол деп, əйелін тапсы-
рып, қажыға кетеді. Аз уақыт өткен соң Басаж жеңгесіне ға-
шық болады. Жеңгесі қайнысының бұл масқарасына шыдай
алмай, үйден қуып шығады. Өшіккен Басаж қаладан төрт жі-
гіт тауып, төрт алтын ақша береді, бұларды айғақ қылады.
Басаж қазыға шағынып: – Жеңгем бойдақтармен зина
қылады, айғағы – мына төрт жігіт, – дейді.
Қазы төрт жігіттің сөзіне иланып, таспен атуға бұйырады.
Түннің бір уақытында мылаж-мылаж болған Мағырипаны
түйе мінген бір адам үйілген тас арасынан тауып алады.
Бұл адамның аты – Ағраби еді. Ол қарындас етіп үйіне
апарып, əйеліне табыс етеді. Уақыт өтіп Мағырипаның
сұлу көркі қалпына келеді. Ағрабидің бір інісі бар еді, ол да
Мағырипаға ғашық боп қалады. Мағырипа оған да көнбей,
күйеуін күтетінін айтады. Ашуланған жігіт түн ортасында
ағасының емшектегі баласын бауыздап, Мағырипа ұйық-
тап жатқан бөлмеге тастайды. Мағырипаның қолына қан
жағып қояды. Ертесіне емшектегі баланы іздеп, Ағраби мен
қатыны Мағырипаның бөлмесіне келсе, өліп жатқан баланы
көреді. «Сен біздің түбімізге жеттің», – деп, Ағраби қатты
қорланады. Сонда Мағырипа: «Құдай куə, мен жақсылыққа
жамандық істемеймін», – деп Ағрабиды нандырады. Ағраби
əйелім өштесер деп, қолына бір мың алтын беріп Мағыри-
паны жолға салады.
Шерлі болған байғұс жүре-жүре дар алдындағы адамды
қарызынан құтқарады. Ол жақсылыққа жамандық қылып,
Мағырипаның өзін кемешілерге сатып жібереді. Ақыры,
əйелге таласқан жігіттер бірін-бірі суға лақтырып, кемедегі
мол қазынаға ие болып қалады. Жағаға шығып, бір патша-
ға кемедегі қазынаны сыйға тартып, тұрып қалады.
Осы кезде Мұрат Салих қажыдан оралады. Келсе, əйелі
жоқ, інісінен сұраса, «Оңбаған жеңгем зинақорлық жаса-
ған соң, қазынаның əмірімен өлтірдік», – дейді.
Бұдан ары оқиға «Рауа бануға» тым ұқсас. Мағырипаға
қастандық жасаған қайнысы мен жардан аман қалған жігіт
аурулы болып, Мағырипа емдеп жазады. Қылмыстарын
мойындатып, күйеуіне қосылады.
267
266
Достарыңызбен бөлісу: |