Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет193/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   446
152 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
артық. Аяужан өзге балалардан кішірек және 
ұялшақтау Еркежанды өзіне шақырды. 
4) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы сыңары қатыстық сын есімді бо-
лып келеді. Мысалы: Маған әлемде осынау 
бір ш‰йкедей, бет-аузы шандыр-шандыр қарт 
анадан ажарлыанадан сымбатты жан жоқ-
тай көрінетін. Мына профессордан әлдеқайда 
сымбатты. Қандай құдіретті болсаң 
да, жаз-
мыштан к‰шті емес екенсің! 
5) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі, ба-
сыңқы сыңары жалпы зат есім болып келеді. 
Мысалы: Менен жақсылық емес, қастық к‰т! 
6) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі, ба-
сыңқы сыңары сапалық сын есімді болып ке-
леді. Мысалы: Ал қазір д‰ниеде менен қиялы 
тәтті жан болуға тиісті емес. Ұлболсынның 
менен де қымбат бірдемені қиғанын сеземін. 
Қазір менен бай, менен кең адам табыла қояр 
ма екен.Аяужан ол мағынаға құр махаббат, 
рақат деген ғана т‰сінік емес, одан да кең, 
одан да терең ой беретіндей. 
7) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі
басыңқы сыңары қатыстық сын есімді бо-
лып келеді. Мысалы: Ұлболсындай с‰йген 
жарым болса, менен бақытты адам бар ма? 
Ет, с‰йектен жаралған адам одан к‰шті емес, 
оның ж‰регіндегі жалынның да бәсеңдейтін, 
бітуге айналатын кезі болады. 
8) бағыныңқы сыңары сілтеу есімдігі
басыңқы сыңары сапалық сын есімді болып 
келеді. Мысалы: Дәл осы мезетте маған одан 
артық жан жоқ мәнзелдес
. Қолымнан бұдан 
басқа не келер? Жастарға бұдан артық іс 
нәтижесін айғақтайтын көрсеткіш болар ма? 
Бұлардан жұмсақ мінезді тірі айуан бар ма? 
Ет, с‰йектен жаралған адам одан к‰шті емес
Одан артық арман бар ма? Аяужан ол мағы-
наға құр махаббат, рақат деген т‰сінік емес, 
одан да кең, одан да терең ой беретіндей. 
Одан жоғары, одан басқа сезім. Әйтпесе 
мұны одан басқа жан көрген жоқ. Бұл тілек 
ойдағыдай көркемөнерде одан да биік шыңға 
шығаруы керек, өйткені екеуміздің арамызда 
тек бір-ақ тілек бар. 
8) бағыныңқы сыңары жалпылау есімдігі
басыңқы сыңары қатыстық сын есімді бо-
лып келеді. Мысалы: Бұрынғы қайғының бәрі-
нен жаңа қайғы к‰шті болды.
9) бағыныңқы сыңары өз есімдігі, басыңқы 
сыңары сапалық сын есімді болып келеді. 
Мысалы: Бұл атақ құмарлыққа жатпайды, бұл 
өзгеден артықпын деген кей адамның жалған 
қасиеті де емес, бұл өз еңбегіне өзі риза бол-
ған көңілдің тасуы, рақаттануы..
4. Көмектес септікті. 
1) бағыныңқы сыңары зат есім, басыңқы 
сыңары сапалық сын есімді болып келеді. 
Мысалы: Жақсы – ісімен жақсы. Сол қара-
пайымдылығымен әсем, сол ‰йреншіктілігімен 
ыстық еді. Ер елімен жақсы, жер кенімен 
жақсы
ІІІ. Меңгеріле байланысқан сан есімді тір-
кестер.
Сан есімдер де шығармада кездеседі. Де-
генмен олар өте сирек кездеседі. Мысалы: 
Мұндай аурудың ж‰з пайыздан тоқсан то-
ғызы жазылмайды. 
‰стеулі_тір-__кестер'>ІV. Меңгеріле байланысқан ‰стеулі тір-
кестер
Барыс септікті. 
1) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы сыңары ‰стеу болып келеді. Мы-
салы: Қолыңнан істеген жұмысың, келіспей 
жатса да, көңіліңе жылы, ойыңа жақын
2) бағыныңқы сыңары есімдікті, басыңқы 
сыңары ‰стеу болып келеді. Мысалы: Осы ар-
манымнан шықтым ба, жоқ па, маған әлі белгісіз. 
Шығыс септікті
1) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы сыңары ‰стеу болып келеді. Мы-
салы: – Мені шығарып салам деп, ‰йіңізден 
тым алыс кетіп қалдыңыз ғой. Қаладан алыс 
емес. Ол өзінің сезім д‰ниесінен, ләззат, 
сұлулық деген т‰сініктерден жоғары жан. 
Д‰ниеде ‡міт сынды таза жанды, ұят-арды 
жастық көңілден жоғары қоятын замандас-
тарым бары – мені мейлінше қуантты. – Жоқ, 
бұл – махаббаттан да жоғары...
2) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі
басыңқы сыңары сын есімді болып келеді. 
Мысалы: Олар менен ‰ш-төрт жас кіші, Базар-
г‰л, Аяужан бәрі бірге оқыған. 
3) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі
басыңқы сыңары ‰стеулі болып келеді. Мы- 
салы: Ие, ие арғы ата-бабамыз маймыл бізден 
қандай алыс болса, мына кісі, құр адамша 
киініп, адамша сөйлегені болмаса, мінез-
құлық, сезім жағынан бізден анағұрлым алыс 
болуы керек. Қала шарықтап өсіп келе жат- 
қанымен, мұнда әзірге менен басқа м‰сінші 
жоқ. Одан жоғары, одан басқа сезім. 
4) бағыныңқы сыңары сілтеу есімдігі, ба-
сыңқы сыңары сан есімді болып келеді. Мы-
салы: – Жоқ, әйелім мен балам бұдан төрт 
жыл бұрын автомобиль апатынан қайтыс болған.


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 153 
5) бағыныңқы сыңары өз есімдігі, басыңқы 
сыңары туынды ‰стеу болып келеді. Мы-
салы: Суретші де сондай, адамның өзін ұмыт-
қанмен, өзгелерден өзгеше, тек сол адамға
тән бір қимылын, көз тастауын, не ж‰ріс-
тұрысын есіне сақтап қалуы көп кездесетін 
жағдай. 
1. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем син-
таксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б. 
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Син-
таксис. – Алматы: – Мектеп, 1971. – 350 б. 
3. Әбілақов Ә. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тір-
кестерінің қалыптасуы, дамуы және қолданылу аясы. 
Алматы. – 1990. -103 б. 
4. Есенберлин І. «Ғашықтар» романы. – Алматы: Көш-
пенділер, 2007. - 296 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет