Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет213/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 167 
шаш, қынай бел, қыпша бел; демек адъективті 
тіркестердің (сын есімді, сан есімді, зат есім 
мен сынға айналған зат есімді, немесе сын 
есім, сан есімнен жасалған туынды өзге есімді 
тіркестер) анықтауыш компоненті осы ізбен 
жасалатындығы к‰мән келтірмейді: сасық 
бай, егіз қозылы, екі ж‰зді, бір қайнатым 
(шай) т.б. Шілде т‰скенде, т‰н баласына, таң 
сыз бергенде тәрізді адвербиалды (‰стеу) тір-
кестер де жоғарыдағыдай бір сыңары негізгі 
мағынада жұмсалып, кейінгі компоненті туын-
ды мағынада тұрады” [6;593]. 
І. Кеңесбаевтың бұл тұжырымы арқылы 
біз адъективті тіркестердің негізінде жасалған 
атаулардың кейін идиомдар мен фразалар 
ретінде танылатынын аңғарамыз. Кез келген 
тұрақты тіркестер еркін тіркестің дамуы 
арқылы пайда болғаны белгілі. Бұл жайында І. 
Кеңесбаев көрсетілген зерттеу жұмысында 
“Фразеологиялық единицалардың бірден жа-
сала қоймағаны, уақыт ұзаған сайын бірте-
бірте қалыптасқаны, еркін тіркестердің негі-
зінде жасалғаны сөзсіз” дейді [6; 605]. Тұ-
рақты тіркестер мен еркін тіркестердің ара-
сындағы аралық буын ретінде атаулық тір-
кестер болады деп көрсетеміз. Еркін тіркестер 
тілдің дамуында лексикалану процесін басы-
нан өткеріп, соның нәтижесінде атаулық тір-
кестер ретінде қызмет еткен. Келе-келе мағы-
налық ауыспалылық, тұлғалық тұрақтылық-
тың нәтижесінде, әрі метафораланып келіп 
тұрақты тіркестер ретінде танылған. 
Қазақ тіл білімінде матаса байланысқан, 
қабыса байланысқан сөз тіркестерінің лекси-
калануы зерттелді. Зерттеуші М. Сәрсембаева 
”Матаса байланысқан сөз тіркестерінің лек-
сикалануы негізінде жасалған туынды сөздер 
семантикасы” атты еңбегінде матаса байла-
нысқан сөздердің лексикалануы арқылы пайда 
болған жаңа мағыналы атауларды ономасио-
логиялық аспектіде, атау теориясы мен уәж-
ділік негізінде қарастырады. Осы бағытта 
қабыса байланысқан сөз тіркестерінің лекси-
калануы, олардың семантикасы, парадигма-
лық және синтагмалық мағынасы жөнінде
Ж. Әуелбекова кандидаттық диссертация 
қорғады. Алайда меңгеріле байланысқан сөз 
тіркестерінің даму процестері, лексикалануы 
әлі де зерттеуді қажет ететіндігін аңғартады.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері 
арқылы жасалған туынды сөздерді жинап, 
топтастырғанда оларды: фразалық тіркестер, 
атаулық тіркестер, біріккен сөздер, қос сөздер 
деп бөліп қарастырдық. 
Атаулық тіркестер: жалға беруші, қалаға 
шоғырлану, жылу қабылдағыштар, өздігінен 
тозаңдану, дауысқа салу, еңбекке жарамды, 
ауруға шалдығу, іске асыру, бетімен жіберу, 
әдебиеттануға кіріспе, жарыққа шығару, 
ойдан шығарылған, жан алғыш, кәмелетке
толмағандар, бәсекеге қабілетті. 
Біріккен сөздер: орынбасар, атаққұмар, 
итжеккен, бойжеткен, алжапқыш, тіскеба-
сар, к‰нқағар, ұлтабар, атқамінер, көзілдірік 
(көзгелдірік), ізбасар, тілалғыш, мұзжарғыш, 
өнертапқыш.
Қос сөздер: ауыздан-ауызға, алдын-ала, 
қараптан-қарап, өзімен-өзі, тектен-тек, ой-
дан-қырдан, ойда-жоқта, қаннен-қаперсіз, 
аштан-аш, бастан-аяқ, баладан-балаға, ұзын-
нан-ұзақ, бостан-босқа, қолдан-қолға, кімде-
кім, тікеден-тік, тегіннен-тегін, жападан-
жалғыз. 
Меңгеру арқылы жасалған фразалық тір-
кестер тілімізде көптеп кездеседі. Олар мең-
герудің барлық т‰рін қамтиды. Мысалы, 
араны ашылу, әжетке жарау, ағынан жа-
рылу, айылын жыймау, ақылға сыймау, 
аузынан т‰скендей, басына көтеру, бетке 
ұстар, д‰ниеге келу т.б.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері ар-
қылы жасалған туынды сөздердің ішінде атау-
лық тіркестерге қатысты тілдік фактілерді 
жасалу жолдарына қарай меңгеріле байла-
нысқан есімді сөз тіркестерінен пайда болған 
атаулар, меңгеріле байланысқан етістікті 
сөз тіркестерінен пайда болған атаулар деп 
бөлінеді: 
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тір-
кестерінен пайда болған атаулар: 
табыс септік + етістік тіркесті туынды сөз-
дер: к‰шін жою, мерзімін ұзарту, беделін т‰-
сіру; 
барыс септік + етістік тіркесті туынды сөз-
дер: тіл біліміне кіріспе, әдебиеттануға кі-
ріспе, тіске басар, сапқа тұру, әуреге т‰су, 
ойға т‰су, апатқа қарсы басқару, кәдеге 
жарату, есепке алу, кейінге қалдыру, қалаға 
шоғырлану, ортаға бейімделу, жерге қосу, 
жеуге жарайтын, аңызға айналған, дауысқа 
салу, жеке басқа табыну, қарыққа шығару, 
тәртіпке келтіру; 
жатыс септік + етістік тіркесті туынды 
сөздер: артта қалу; 
шығыс септік + етістік тіркесті туынды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет