Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет78/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94
құла, күрең, жасыл сияқты сын есімдер заттың түр-түсін білдіре- 
ді. Әрине бұл сөздердің әр бірінің өзіндік мағынасы барлығы, бірі 
екіншісінен ажыратылып жататындығы анық, бірақ оларды сема- 
ларға бөлу дәстүрі жоқ. Сондай-ақ сан есімдерді (бірлік сандар- 
ды) семаларға бөлу тіпті қиын.
Кей ғалымдар сөз мағынасының құрамындағы семалардың 
қызметін нақтылы анықтау үшін сөз мағынасының элементі мен 
мағына қатынасын ажыратуды, анықтауды ұсынады (Цветков 84, 
66) *. Эрине бұл талап дұрыс. Сөздің лексикалық мағынасының 
компоненті болған семалардың өзара қатынасы және мағына жа- 
саудағы қызметі бар да лексико-семантикалық топтың мүшелерін 
анықтауды сөздердің семаларының қызметін анықтау бар. Бірінші 
қасиет бір сөздің ішінде болады да мағынаның құрылымдық эле-
181


менті болып саналады, екінші касиет семалардың қарым-катына- 
сын аныктау болады да тілдік системадағы сөздердің орнын бел- 
гілейді. Автор сұрау қойса да өзі жауап бермеген. Тек автор се- 
мантикалық компоненттердің «жағымды, жағымсыз сезім», «сезім- 
нің интенсивтілігі (әлсіз; күшті жэне өте күшті), «сезімнің пайда 
болу характер!» (қысқа және ұзаққа созылуы) сияқтыларды мы- 
сал ретінде беріп, тырнақша ішіндегі компонент жақша ішіндегі 
семантикалық белгі деп есептейді. Н. В. Цветков бұл жерде семан- 
тикамен байланысты екінші мәселеге өтіп кеткен. Семантикалық 
белгі де, семантикалық компонент те сөз мағынасын қалыптасты- 
руда өз үлестерін қосатындығын естен шығаруға болмайды. Мы- 
салы, айтты, ескертті, мыжыды сөздерін алып көрелік. Айтты сө- 
зінің мағынасында эмоция жоқ, тек бір нәрсені баяндағаны тура- 
лы ғана хабарлап тұр, ал ескертті дегенде бір нәрсені айтқанды 
білдірумен бірге арнайы тоқталғандығын көрсетеді. Мыжыды 
етістігінде әрі көп сөйлеу, әрі мезі қылу мағынасы бар. Демек 
айтты етістігі мен ескертті етістігінің арасында амалдың орындалу 
тәсілімен байланысты, ал мыжыды етістігінде болса, алдыңғы 
екеуінен, әрі эмоциялық, әрі созылыңқы амалды білдіруімен бөл- 
шектеніп тұрғандығы анық. Біз бұларды бір сөздің лексико-семан- 
тикалық варианттары да демейміз, синонимдік қатар жасайтын сөз- 
дер де демейміз. Олар бір лексико-семантикалық топтың мүшелері.
Сөздердің лексикалық мағыналарын анықтауда семаларға 
сүйенуге болады, бірақ мағынаны қалыптастыруға қатысқан сема- 
лардың барлығы да сөйлемде қолданылғанда бой көрсете бермей- 
тіндігін ескерткен жөн. Сондықтан семалардың қызметтерін анық- 
таған, талдаған жөн. В. Г. Гак семаларды үшке бөліп көрсеткенде 
олардың осы қызметтеріне сүйенген. Бірақ тілшілер бұл мәселеде 
де бір ізді көзқараста емес. Мысалы, В. Г. Гак архисема сөздерді 
өзара байланыстырып тұратын, оларды белгілі бір лексико-семан- 
тикалық топқа біріктіруде негіз болатын сема деп есептесе, диф- 
ференциалды семаны сөздердің лексикалық мағынасына негіз бо­
лып, бір сөзді екінші бір сөзден ажыратып тұратын сема деп көр- 
сетеді. Мысалы, кел, кет, алыста, айнал, өт, т. б. етістіктерінін 
барлығына да ортақ архисема — қозғалған заттың бір орыннан 
екінші бір орынға өтуі, орын ауыстыруы. Сонымен бірге олар бірі- 
нен екіншісін ажыратып жататын семаларға-дифференциалды 
семаларға ие. Кел мен кет қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты 
білдірсе, алыста етістігі үзау, қаиіықтау мағынасымен басқалар- 
дан бөлшектеніп тұр. Айналу етістігі бір заттың төңірегінде бол- 
ран қозғалысты білдірсе, өт етістігі түрлі кедергілерге байланыс­
ты болған қозғалысты білдіретін семасымен ажыратылып тұрады. 
Потенциалды немесе салыстырмалы сема екінші дәрежелі мағы- 
намен байланысты сема деп көрсетілген (Гак 77, 14—15) *. Жалпы 
сөз магыналарын семаларға талдап көрсетушілердің көпшілігі 
үшінші бір семанын барлығын, әр түрлі атаса да, мойындайды. 
И. Кучқартаев полисемантикалық сөздер туралы айта отырып, 
оларда үш түрлі семаның барлығын — 1) идентификациялаушы 
сема, 2) дифференциялаушы сема, 3) қосымша (екінші дәреже-
182


лі) — көрсетеді (Кучқартаев 77, 29). В. Г. Гак пікіріне толық тал- 
дау жасап қарасақ, ол да үшінші сема етіп көрсеткен семаны 
салыстырушы (вертуэмы) семасы да көмекші семаларға жуық 
деп есептеген. Айырушы (дифференция жасаушы) сема туралы 
айта отырып, олар объектінің өзгешелігін көрсетеді дейді. Кез 
келген заттың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші касиеті оның түйсік 
арқылы қабылданатын сыртқы көрінісіне (формасына, көлеміне, құ- 
рылымына, т. б.) байланысты сипатталынатын қасиеті болса, екін- 
шісі сол заттардың екінші бір заттармен қарым-қатынасын анық- 
тайтын (неге арналғандығын, орнын, қызметі, т. б.) қасиеті. Мы- 
салы, автобус сөзінің дифференциялық семасы оның транспорттың 
бір түрі екендігі, жерде қозғалатындығы 
(самолеттен өзгеше- 
лігі), рельссіз қозғалатындығы (поезд бен трамвайдан өзгешелігі), 
мотордың күшімен қозғалатындығы (троллейбустан өзгешелігі), 
төрт дөңгелегі барлығы (мотоциклден өзгешелігі), т. б. Бұл ерек- 
шеліктерді автобустың өзіне тән болған негізгі ерекшеліктері деп 
көрсетуге болады. Сонымен бірге оның қосымша белгілері де: ка­
ла ішінде (белгілі бір маршрутпен) жүретіндігі, билетке төлейтін- 
дігі (жеке меншік машиналардан өзгеше), көлемі үлкендігі (так- 
сиден өзгешелігі), т. б. (Гак 77, 15). В. Г. Гак сөздердегі соңғы 
көрсетілген белгі сияқтыларды негізгі белгісі емес дейді. Біздің 
түсінігімізше, негізгі белгілер мен қосалқы белгілердің болатыН' 
дығын жоққа шығарып болмайды, бірақ сөз мағынасында оларды 
бұлай анықтау мүмкін болмайды. Қолданылу ерекшелігіне қарай 
қосалқы мағыналық элемент деп жүргендеріміздің өзі лексикалық 
мағынаны белгілеуші (негізгі) сема ретінде де қолданылу мүм- 
кіндігі бар. Салыстырыңыз: В. Г. Гак қозғалу етістіктеріне бай­
ланысты айта отырып, олардағы көмекші сема ретінде қозғалыс- 
тың темпін білдіретін семаны көрсетеді. Мысал ретінде орыс 
тіліндегі идти, бежать, лететь, ползти сөздерін келтіреді. Яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет