Инсульт - бұл полиэтиологиялық сипаттағы цереброваскулярлық (ми-қан тамырлық) апат. Мидағы қан айналымның жедел бұзылысы (МҚЖБ) негізінде тромботикалық (эмболиялық) және нейротоксикалық механизмдер жатады. Инсульт диагностикасы екі негізгі проблемамен байланысты: уақтылы сенімді диагноз қою және инсульттің ишемиялық және геморрагиялық табиғатын дифференциалды диагностикалау қажеттілігі. Инсульттің алдын-алуға болады және адекватты әрі уақтылы терапия кезінде оның салдарын азайтуға болады. Бұл үшін алғашқы 2-3 сағат ішінде (терапиялық уақыт кезінде) инсульт сипатын диагностикалау қажет. Ми – ең қуатты энергетикалық орган, оның метаболиттердің қоры 5-8 минутқа жетеді. «Time is brain» деп бекер айтпайды. Бұл жағдайда дәрігерге объективті зертханалық зерттеулер көмектесе алады. Қазіргі уақытта мұндай жедел диагностикалық тестілер дайындалып, сынақтан өткізіліп жатыр. Бірнеше зерттеулерде ми қан айналымының жедел бұзылыстары кезінде, ми ишемиясындағы мидың жедел жарақаттық зақымдануында және нейроинфекциялар кезінде NMDA типті глутамат рецепторларына аутоантиденелердің динамикасын расталды. Соңғы бес жылда бірқатар молекулалық және иммунохимиялық зертханалық зерттеулер клиникалық сынақтан өтті. Олардың ішінде нәруыз S-100 (S-100B), нейронға тән энолаза, глиальды фибриллярлы қышқыл нәруыз (GFAP), мидың натриуретикалық пептиді (BNP), D-димер, матрицалық металлопротеиназа (MMP-9), моноцитарлық хемотаксистік нәруыз 1 көрсеткіштерге арналған тесттер бар. Алайда, тек липопротеинмен байланысты фосфолипаза A2 (Lp-PLA2) анықтауға негізделген PLAC тесті (diaDexis, Inc., Оңтүстік Сан-Франциско, CA, USA), , ұзақ мерзімді перспективада жүректің ишемиялық ауруы мен инсульт қаупін (инсульт қаупі бірнеше жыл ішінде PLAC концентрациясының жоғарылауымен екі есеге артады) анықтауға арналған FDA (US Food and Drug Administration) рұқсат алды. Осылайша, аурудың алғашқы кезеңінде қандағы инсульт белгілерін анықтайтын зертханалық сынақ осы өзекті мәселені шешуге көмектеседі.